Пісіру панелін қалай пайдалану керек, Пісіру панелін қалай пайдалану керек (жалғасы), Қосу – Инструкция по эксплуатации Samsung GN642HFGD

Страница 36: Ѳшіру

Advertising
background image

14

Қосу

Дайындық

1

Басқару панелінің əр тұтқасының жанында келесі белгілер болады

Жағу және реттеу

2

■ Газ құбырының шүмегін ашыңыз.

■ Картрюльді немесе табаны сəйкес конфоркаға қойыңыз

■ Конфоркаға сəйкес реттегіш тұтқасын батырып, оны сол жаққа, яғни жағу жағдайына

қарай бұраңыз. Конфорка жанғанға дейін бірнеше секунд осылай ұстаптұрыңыз.

■ Конфорканы жаққаннан кейін, газ келетін каналды ашатын қыздыру көрсеткіші жұмысты

бастау үшін қызу керек болғандықтан, тұтқаны 5-8 секунд ұстап тұру керек. Осыдан

кейін реттегіш тұтқаны қажетті жағдайға қойыңыз.

■ Егер конфорка жанбай қалса, операцияны қайталаңыз.

■ Реттегішті минимальды жəне максимальды мəндер арасында ақырын бұрау арқылы,

жылу қуаттылығын реттеуге болады.

Пісіру панелін қалай пайдалану керек

■ Минимальды мəн, реттегіш түтқасын сағат тіліне қарсы бағытта тоқтағанға дейін

бұрағанда орнайды.

■ Жұмыс жағдайы минимальды жəне максимальды мəндер арасында орналасуы қажет.

■ Тұтқаның жанындағы басқару панеліндегі белгілер, тұтқаның қай конфоркаға тиесілі

екендігін көрсетеді.

Жағу құрылғылары ластанған болса, конфоркаларды жағу қиынға түседі.

Сондықтан оларды таза ұстау керек. Тазарту үшін кішкене щеткаларды

пайдалануға болады. Тазарту кезінде жағу құрылғысын қатты соғуға

болмайды.

Жалынды бақылау құрылғысы 15 секундтан артық жұмыс істеуіне

болмайды. Егер 15 секундтан кейін конфорка жанбаса, онда қайта жағу

үшін кем дегенде 1 минут күту қажет.

Шеңбер – газ өшірулі

Кіші жалын –

орнатылым минимальды

Үлкен жалын –

орнатылым максимальды

Жану жағдайы

15

Газды қалай сѳндіру керек

3

■ Реттегіштің тұтқасын сағат тілімен бағыттас «О» (өшіру) жағдайына дейін бұраңыз.
■ Газ құбырының шүмегін жабыңыз

■ Пісіру панелін өшіргеннен кейін, панель беті біраз уақытқа дейін ыстық

болып тұрады. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз!!!

■ Берілген құрал жалын күшін бақылауға арналған қондырғымен

жабдықталған. Су тигенде немесе қатты желдің əсерінен жалын сөніп

қалған жағдайда, қондырғы конфоркаға газдың келуін тоқтатады.

■ Егер жалын өшіп қалса, реттегіштің тұтқасын өшіру жағдайына бұраңыз.

Газды қайтадан жағу үшін, кем дегенде 1 минуттан кейін ғана қайталаңыз.

Ѳшіру

Пісіру панелін қалай пайдалану керек

(Жалғасы)

Advertising