Тазалау және күту, Қоршаған ортаны қорғау жѳніндегі ақпарат, Пісіру панелінің шыны беті – Инструкция по эксплуатации Samsung GN642HFGD

Страница 34: Ескерту, Назар аударыңыз

Advertising
background image

10

■ Құралды орнатқаннан кейін оның қаптаған қораптары,

қоршаған ортаны қорғау жəне қауіпсіздік ережелерін

сақтай отырып жойылуы қажет.

■ Егер сіз ескі пісіру панелін тастамақ болсаңыз, оның

электр сымдарын кесіп, пайдалануға жарамсыз жағдайға

келтіру керек.

■ Өнімдегі немесе онымен бірге болатын құжаттардағы мына белгі

, өнімді

тұрмыстық қалдықтарға қосуға болмайтынын білдіреді. Ол электр құралдарын

қайта өңдеу үшін оларды арнайы жинақтайтын орындарға өткізілуі тиіс.

Қалдықтарды жою жергілікті экологиялық нормаларға сəйкес жүргізілуі керек.

Берілген өнімді өңдеу, жою жəне қайта өңдеу жөніндегі нақты ақпараттарды, сіз

қалдықтарды шығару жөніндегі қалалық əкімшілік бөлімінен немесе өнімді сатып

алған дүкеннен алуыңызға болады.

■ Абразивті жəне сілтілі тазартқыш

заттарды пайдалануға болмайды.

Ескерту

Тазалау және күту

■ Пісіру панелін тазалау алдында оны электр көзінен ажыратып, суыту қажет.
■ Панельді тазарту үшін бу ағымын немесе басқа да жоғары қысымға əкелетін

тазартқыш құралдарды пайдалануға болмайды.

■ Пісіру панелін жөндеу жұмыстарын

тек сенімді сервистік мамандар ғана

жүзеге асыра алады. Құралды

жөндеу кезінде, тек өндіруші фирма

шығарған құрал бөлшектерін ғана

пайдалану керек.

Назар аударыңыз

Қоршаған ортаны қорғау жѳніндегі ақпарат

11

Пісіру панелінің шыны беті

■ Пісіру панелінің шыны бетінің сызылуына жол

бермеңіз. Құралдың шыны беті өткір заттармен,

сақина немесе басқа əшекей бұйымдармен немесе

киімдегі темір заттармен сызылып қалуы мүмкін.

■ Құралдың шыны бетінің қатты сызылуынан жəне

қатты соққы əсерінен шыны сынып қалуы немесе

зақымдалуы мүмкін.

■ Шыны беті сынған құралды пайдалануға болмайды.

Шынының сынған жарықтарында су немесе жуғыш

заттар қалып қойып, құралды қосқанда тоқ соғуымүмкін. Егер шыны шатынап

кетсе, онда тоққа түсіп қалмау үшін құралды өшіріңіз. Samsung компаниясының

клиенттерге қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.

■ Еш уақытта панельдің бетін тағамдарды турау мақсатында пайдаланбаңыз.
■ Құрал өшірулі тұрғанның өзінде, оның шынылы бетіне балқитын немесе жанатын

заттарды қоюға жəне сақтауға болмайды.

■ Панель жұмыс істеп тұрған кезде құралдың шынылы бетіне қасық немесе басқа

араластыруға арналған заттарды қоюға болмайды. Олар қызып кетіп, күйіп

қалуыңыз мүмкін.

■ Тамақ дайындауда аяқтағаннан кейін, қыздырған орны біраз уақытқа дейін ыстық

болып қалады. Қолыңызбен тиіспеңіз, балаларды қауіпсіз жерде ұстаңыз.

■ Біз сіздерге түбі тегіс кастрюльдер мен табаларды пайдалануға кеңес береміз.

Түбідөңес шойын ыдыстарды пайдаланғаннан кейін, шыны бетінде, сірке

қышқылымендымқылданған сүлгімен сүрткенде жеңіл кетіп қалатын іздер

қалады. Мұндай типтегі ыдыстар үшін, арнайы ыдыс астына қойылатын

тұғырықтарды пайдаланыңыз.

■ Егер пісіру панелін өшіргеннен кейін, оның үстінде ыстық ыдыстарды қалдырса,

онда панелдің шынылы бетінің сууы ұзақ уақытқа созылады.

■ Панельдің шыны беті ыстық кезінде оған су төгуге болмайды
■ Панельдің шыны бетіне су құюға болмайды.
■ Ыдыс төбінің беттік ауданы конфорканың өлшемінен тым үлкен ыдыстарды

қолдануға болмайды.

■ Тек конфорка өлшемдеріне сəйкес ыдысарды ғана пайдаланыңыз (16 беттегі

кестеге қараңыз).

■ Панельдің шыны бетінің үстіне тікелей тамақ дайындауға болмайды.
■ Ыстыққа төзімді фарфор ыдыстарды жəне мангалға арналған ыдыстарды

пайдаланбаңыз.

Ескерту

Advertising