Инструкция по эксплуатации Samsung ME86VRWWHX

Страница 67

Advertising
background image

19

ҚАЗАҚША

ТАЗА БУМЕН ҚОЛДАН ПІСІРУГЕ ҚАТЫСТЫ

НҰСҚАУЛЫҚ (ME86VR***P ҮЛГІСІ ҒАНА)

Таза бу кәстрөлі бумен пісіру принципіне негізделген және тағамды

Samsung микротолқынды пешінде жылдам, әрі денсаулыққа пайдалы

етіп пісіруге арналған.

Бұл құрал күріш, макарон, көкөніс т.с.с. тағамдардың табиғи

құнарлылығын сақтай отырып, өте жылдам пісіруге арналған.

Микротолқынды пештің таза бу кәстрөлі 3 керек-жарақтан тұрады:

Кәстрөл

Себет

Қақпақ

Бұл керек-жарақтардың барлығы -20 °C градустан бастап, 140 °C

градус қызуға төзеді.

Мұздатқышта сақтауға жарамды. Жеке-жеке немесе бірге қолдануға

да болады.

Таза бу кәстрөлін қолдану

+

(Кәстрөл + қақпақ)

(Себеті бар кәстрөл + қақпақ)

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ:

Бу кәстрөлінің қақпағын ашқан кезде өте абай болыңыз, себебі бу

өте ыстық болуы мүмкін.

Тағам пісіріп болғаннан кейін пешке арналған қолғаппен ұстаңыз.

ҚОЛДАНУ ШАРТТАРЫ:

Қолданбаңыз:

• құрамында өте көп қанты немесе майы бар тағамдарды пісіру

үшін,

• гриль құрылғысын немесе қызуды айналдыратын функцияны

қолданып, не пештің үстіне қойып қолданбаңыз.

Ең алғаш қолданар алдында барлық керек-жарақтарын сабынды

суға салып жақсылап жуыңыз.
Пісіру уақыттарын келесі беттегі кестеде көрсетілген нұсқаулардан

қараңыз.

КҮТІМ КӨРСЕТУ:

Осы бу кәстрөлін ыдыс жуғыш машинаға салып жууға болады.
Қолмен жуған кезде, ыстық су мен жуғыш сұйықты қолданыңыз.

Жеміргіш сүрткіштерді қолданбаңыз.
Кейбір тағамдар (қызанақ тәрізді) пластиктің өңін кетіруі мүмкін. Бұл

қалыпты жағдай және өндіруші жіберген ақау емес.

ЖІБІТУ:

Мұздатылған тағамды қақпағы жабылмаған бу кәстрөліне салыңыз.

Тағамның сұйығы ыдыстың түбінде қалады да, тағамға әсер етпейді.

ME86VR-WWH_BWT-DE68-04089A_KZ.indd 19

2011-10-18 6:18:49

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: