Кір жуғыш машинаны орнату, Су ағызу, Еден төсемелері – Инструкция по эксплуатации Samsung WF8590NMW9

Страница 95: Қоршаған орта температурасы, Шкафтар мен жабық орындарда орнату, Қадам машинаны орнатуға орын таңдау

Advertising
background image

Кір жуғыш машинаны орнату _15

01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

Су ағызу

Samsung компаниясы биіктігі 46 см тік құбырды пайдалануға кеңес береді.

Су ағызатын шланг ұстағыш арқылы тік құбырға бағытталуы керек (кір жуғыш

машинаның артқы жағында орналасқан). Тік құбырдың ішкі диаметрі суды

ағызатын шлангтің сыртқы диаметрінен үлкенірек болуы керек. Су ағызатын

шланг кір жуғыш машинаға өндіруші-зауытта жалғастырылған.

Еден төсемелері

Кір жуғыш машина жақсы жұмыс істеу үшін тегін, мықты еденге орнатқан

жөн. Ағаш еденге орнатқан кезде дірілді азайту үшін оны бекітіп

қойған жөн. Кір жуғыш машинаны кілемнің немесе кафель плитаның үстіне

орнатқан кезде оның дірілі күшейе түседі; сыққан кезде кір жуғыш

машина аздап қозғалады.

Кір жуғыш машинаны платформаға немесе қатты емес орынға

орналастырудың қажеті жоқ.

Қоршаған орта температурасы

Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін орындарға орнатпаңыз, себебі

құрылғының су клапанында, сорғы мен құрылғы шлангісінде әрқашан

аздаған су қалып қалады. Қатып қалған су жетек тартпасын, сорапты

және басқа да бөліктерді бұзуы мүмкін.

Шкафтар мен жабық орындарда орнату

Кір жуғыш машина қауіпсіз жұмыс істеу үшін саңылаулар төмендегідей

болуы керек.
Жандарынан - 25 мм

Арт жағынан - 51 мм

Жоғарғы жағынан - 25 мм

Алдынан - 465 мм

Кептіргіші бар кір жуғыш машина жабық орын мен шкафтың алдыңғы жағында

орналасса, желдетумен қамтамасыз ету үшін алдынан кем дегенде 465 мм

кем емес саңылау қалдыру керек. Егер кір жуғыш машина жеке орнатылса

саңылау қажет емес.

КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ

1-ҚАДАМ

Машинаны орнатуға орын таңдау

Кір жуғыш машинаны орнатпас бұрын. Орнатылатын орын төмендегі

талаптарға сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
• Желдетуге кедергі келтіретін кілем және басқа да жапқыштар жоқ

тегіс, қатты еден.

• Орын тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы керек.

• Оңай желдетілу керек.

• Температура 0°-тан төмен болмауы керек.

• Жылу көздерінен (маймен немесе газбен жылытқыштар) алыс

орналасу керек.

• Электр қуаты кабелі кір жуғыш машинаның астында қалып

қалмайтындай кең орын.

WF8590NM-02796G-10_KK.indd 15

2013-12-12 11:58:57

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: