Инструкция по эксплуатации Samsung GW712AR

Страница 82

Advertising
background image

26

КАЗАҚ

миКрОтОлҚынды ПештІ тАЗАлАу

Микротолқынды пештің келесі бөлшектерін май және тағам

қалдықтары жиналып қалмас үшін мерзімді түрде тазалап отыру

керек:

• Ішкі және сыртқы беттері
• Есігі және тығыздағыштары
• Бұрылмалы табақ пен айналмалы шығырық

есік тығыздағыштарының таза екенін, әрі есіктің дұрыс

жабылатын-жабылмайтынын әрқашан тексеріп отырыңыз.
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, құрылғы

жұмысына теріс әсер етіп, нәтижесінде қатерлі жағдайлар орын алуы

мүмкін.

1. Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен

жуыңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

2. Құрылғының ішкі беттеріндегі немесе айналмалы шығырығындағы

шашырандыларды не дақтарды сабын сіңірілген шүберекпен

тазалаңыз. Шайыңыз да, құрғатыңыз.

3. Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсарту және жағымсыз иісті

кетіру үшін, бір кесе сұйылтылған лимон шырынын бұрылмалы

табаққа қойыңыз да, қуатты ең үлкен мәнге қойып он минут

қыздырыңыз.

4. Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын табақты қажет кезде

жуыңыз.

Саңылауларға су шашыратпаңыз. Жеміргіш заттар немесе

химиялық еріткіштерді

ешқашан қолданбаңыз. Есіктің

тығыздағыштарын тазалағанда келесіні ескеріңіз:
• Ешбір қоқыс жиналып қалмасын
• Қоқыс есіктің жабылауына кедергі жасамасын

Микротолқынды пештің ішін жұмсақ жуғыш затпен әр қолданып

болған сайын тазалаңыз, бірақ жарақаттанып қалмас үшін

микротолқынды пешті тазалардың алдында салқындатыңыз.

АРНАЙЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

САрымАйды ерІту

50 г майды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. Пластик қақпақпен

жабыңыз. 750 Вт қуатпен 30-40 секунд ерігенше қыздырыңыз.
шОКОлАдты ерІту

100 г шоколадты кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. 450 Вт қуатпен

3-5 минут ерігенше қыздырыңыз. Ерітіп жатқанда бір немесе екі рет

араластырыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!
түйІршІКтелІП ҚАтҚАн БАлды ерІту

20 г қатқан балды кішкене, шұңғыл шыны ыдысқа салыңыз. 300 Вт қуатпен

20-30 секунд бал ерігенше қыздырыңыз.
желАтиндІ ерІту

Құрғақ желатин тақталарын (10 г) суық суға 5 минут салып қойыңыз. Суы

сорғыған желатинді кішкене, шыны пирекс ыдысына салыңыз. 300 Вт қуат

бойынша 1 минут қыздырыңыз. Ерітіп болғаннан кейін араластырыңыз.
БеЗендІрГІш/әрлеГІш ҚОСПА дАярлАу (тОрт және КОндитер

ӨнІмдерІне АрнАлғАн)

Жылдам безендіргіш қоспаларға (шамамен 14 г) 40 г қант және 250 мл суық

су араластырыңыз. Бетін жаппай пирекс шыны ыдысына салып,

3½ - 4½ минут 750 Вт қуатпен, безендіргіш қоспа мөлдір болғанша пісіріңіз.

Пісіріп жатқанда екі рет араластырыңыз.
тОСАП ҚАйнАту

600 г жемісті (мысалы, аралас жидек) өлшемі сай келетін, қақпағы бар

пирекс ыдысына салыңыз. 300 г қант салып, жақсылап араластырыңыз.

Бетін жауып 10-12 минут 750 Вт қуатпен пісіріңіз. Қайнатып жатқанда бірнеше

рет араластырыңыз. Бұрама қақпағы бар тосап банкасына тура құйыңыз.

Қақпағын 5 минут жауып қоя тұрыңыз.
ПуддинГ ҚАйнАту

Пуддинг ұнтағына, өндіруші нұсқауларына сай қант пен сүт қосып (500 ml),

жақсылап араластырыңыз. Қақпағы бар, жарамды шыны пирекс ыдысын

қолданыңыз. Бетін жауып 6½ - 7½ минут 750 Вт қуатпен пісіріңіз. Қайнатып

жатқанда бірнеше рет жақсылап араластырыңыз.
БАдАм жАҢғАғы үлПеКтерІн ҚыЗАрту

30 г жапырақталып туралған бадам жаңғағын, орташа үлкендіктегі керамимка

табаға біркелкі таратып салыңыз. 3½ - 4½ минут 600 Вт қуат бойынша

қызартып жатқанда бірнеше рет араластырыңыз. Пеш ішіне 2-3 минут қоя

тұрыңыз. Пештен зат аларда пеш қолғабын киіңіз!

GW712AR_BWT-03810B_KZ.indd 26

2010-07-06 4:11:52

Advertising