Инструкция по эксплуатации Samsung GW712AR

Страница 75

Advertising
background image

19

КАЗАҚ

ҚЫЗДЫРУ

Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пеші немесе электр

пештерінде жұмсалатын уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып

тағамды лезде қыздырады.

Төмендегі кестеде көрсетілген қуат мәні мен қыздыру уақыттарын

жалпылама нұсқау ретінде қолданыңыз. Кестедегі уақыт сұйық

тағам +18-ден +20 °C дейінгі бөлме температурасында, немесе

тоңазытылған тағамның температурасы +5 градустан +7 °C градус

деген есеппен берілген.
Орналастыру және бетін жабу

Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырудан сақ болыңыз

– олардың ішкі жағы піскенше сырты қатты пісіп, кебірсіп қалуы

мүмкін. Тағамды кішкене мөлшерде қыздырсаңыз, нәтижесі соғұрлым

жақсырақ болады.
Қуат мәндері және тағамды араластыру

Кейбір тағамды 750 Вт қуатты қолданып, кейбірін 600 Вт, 450 Вт

немесе тіпті 300 Вт қуатты қолданып қыздыруға болады.

Кестедегі ұсыныстарды қараңыз. Жалпы, тағам баппен пісіруді қажет

етсе, үлкен мөлшерде дайындалса немесе тез қызып кететіндей

болса (мысалы, фарш қосылған бәліш), бұндай тағамдарды төмен

қуатпен қыздырған дұрыс.

Жақсылап араластырыңыз немесе қыздырып жатқан кезде

аударыңыз. Мүмкін болса, үстелге қоярдың алдында тағы да

араластырыңыз.

Сұйық тағам немесе баланың тағамын қыздырғанда ерекше абай

болыңыз. Сұйық тағам кенет тасып төгіліп, адам соған күйіп қалмас

үшін, тағамды қыздырардың алдында және қыздырып болғаннан

кейін араластырыңыз. Оларды микротолқынды пештің ішіне, қоя

тұру уақыты аяқталғанша қоя тұрыңыз. Пластик қасық немесе шыны

қалақты сұйық заттарға салып қоюды ұсынамыз. Тағамды қатты

қыздырудан (іске алғысыз болмас үшін) сақ болыңыз.

Пісіру уақытын аз есептеп, қажет болса, қосымша уақыт қосып қоя

тұрыңыз.

Қыздыру және қоя тұру уақыттары

Тағамды алғаш рет қыздырғанда, сол уақытты бұдан кейін қажет

кезде қарап жүру үшін жазып қойған дұрыс.

Қыздырылған тағамның әрқашан ыстық буы бұрқырап тұрсын.

Тағамды қыздырып болғаннан кейін біраз уақыт қоя тұрыңыз –

температура тағам бойына біркелкі таралу үшін.

Қыздырып болғаннан кейін, егер кестеде басқаша көрсетілмесе,

тағамды 2-4 минут қоя тұруды ұсынамыз.

Сұйық тағам немесе баланың тағамын қыздырғанда ерекше абай

болыңыз. Сонымен қатар, сақтық шаралары қамтылған тарауды да

қараңыз.

СҰЙЫҚ ТАҒАМДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ

Температура тағам бойына біркелкі тарау үшін пешті сөндіргеннен

кейін тағамды әрқашан, кем дегенде 20 секунд қоя тұрыңыз. Қажет

болса, қыздырып жатқанда және қыздырып болғаннан кейін де

ӘРҚАШАН араластырыңыз. Кенет тасыған тағамға күйіп қалмас

үшін, қасық немесе шыны қалақты сусынның ішіне салып қою керек,

қыздырып жатқанда және оның алдында, қыздырып болғаннан кейін

араластырыңыз.

БАЛАНЫҢ ТАҒАМЫН ҚЫЗДЫРУ

БАлАныҢ тАғАмы: Шұңғыл керамика табаққа салыңыз.

Пластик қақпақпен жабыңыз. Қыздырып болғаннан кейін жақсылап

араластырыңыз! Берердің алдында 2-3 минут қоя тұрыңыз. Қайта

араластырыңыз, температурасын тексеріңіз. Мына температурадағы

сүтті беруге болады: 30-40 °C аралығындағы.

БАлАғА БерІлетІн Сүт: Сүтті зарарсыздандырылған шыны

бөтелкеге құйыңыз. Бетін жаппай қыздырыңыз. Баланың шөлмегін

ешқашан еміздігін алмай қыздырмаңыз, себебі қатты қызған

шөлмек жарылып кетуі мүмкін. Шайқаңыз да, қоя тұрыңыз,

берердің алдында қайта шайқаңыз ! Балаға берілетін сүт немесе

тағамның температурасын әрқашан тексеріп барып беріңіз. Мына

температурадағы сүтті беруге болады: қ/а. 37 °C.

ЕСКЕРІМ:

Әсіресе баланың тағамын, бала күйіп қалмас үшін мұқият тексеру

керек. Төмендегі кестеде көрсетілген қуат мәндері мен уақыттарды

тағам қыздыру үшін нұсқау ретінде қолданыңыз.

GW712AR_BWT-03810B_KZ.indd 19

2010-07-06 4:11:50

Advertising