Инструкция по эксплуатации Samsung GW712AR

Страница 65

Advertising
background image

9

КАЗАҚ

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, тағамды

немесе пештің ешбір бөлшегін ұстамаңыз.

- Ас үй қолғабын қолданыңыз, себебі қатты ыстық болса

қолыңыз күйіп қалуы мүмкін.

- Егер керамика ыдыс немесе көп мақсатта пайдаланылатын

кәстрөлді итерсеңіз, ішіндегісі төгіліп, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Беті шытынап кетсе, қуат тетігін бұрап құрылғыны сөндіріңіз.

- Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынып қалуыңыз

мүмкін.

Пеш есігінің шынысына өткір затпен сызат түсірмеңіз.

- Бұл шыныға сызат түсіруі немесе сындыруы мүмкін.

Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір,

пештің қақпағы, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі, ыдыс-

аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.с.с.) қоймаңыз.

- Киім тәрізді заттар есікке қыстырылып қалуы мүмкін.

- Бұның нәтижесінде электр қатері орын алып, өрт шығуы,

құрылғыға нұқсан келуі немесе адам жарақаттануы мүмкін.

Құрылғыны дымқыл қолмен іске қоспаңыз.

- Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіштерді пешке

шашпаңыз.

- Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін

тудыруы, өрт шығаруы, құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Құрылғының есігіне немесе ішіне қатты күш немесе қысым

түсірмеңіз.

- Құрылғы деформацияланып қалуы немесе адам электр

қуатының қатерлі әсеріне ұшырауы мүмкін.

- Құрылғы есігіне асылып тұрсаңыз, құрылғы орнынан құлап,

жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

- Есік бұзылып қалса, құрылғыны іске қоспай, қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

Құрылғыны раковина немесе шыныдан жасалған осал заттардың

үстіне қоймаңыз.

- Раковинаға немесе шыны затқа зақым келуі мүмкін.

Құрылғыны тек есігін жапқаннан кейін ғана іске қосыңыз.

- Егер тағамның қалдықтары тәрізді қоқыс жиналып ластанған

құрылғыны іске қоссаңыз, құрылғыға ақау келуі мүмкін.

Құрылғыдан жаңа ғана алынған тағамның орамын жазар кезде абай

болыңыз.

- Тағам ыстық болса, оның орамын ашар кезде кенет ыстық бу

шығып, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, әрқашан ашасынан

мықтап ұстап, розеткадан тура шығарып алыңыз.

- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не

электр қатері орын алуы мүмкін.

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіруді аяқтай сала, бетіңізді,

денеңізді құрылғыға жақындатпаңыз.

- Балалар құрылғыға жақындамас үшін байқап отырыңыз.

- Бұл нұсқау орындалмаса, қызуға күйіп қалуыңыз мүмкін.

Есікті ашқаннан кейін тағам немесе ауыр заттарды есіктің үстіне

қоймаңыз.

- Тағам немесе қойылған зат құлап, күйіп немесе жарақат

алуыңыз мүмкін.

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, пештің есігін,

тағамды, ыдысты су төгу арқылы кенет суытуға болмайды.

- Бұлай істегенде құрылғы бүлініп қалуы мүмкін. Бу немесе

шашыраған суға күйіп немесе жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

Бұл құрылғылар жеке тұрған таймер немесе қашықтан басқару

құралының көмегімен басқарылмайды.

GW712AR_BWT-03810B_KZ.indd 9

2010-07-06 4:11:44

Advertising