Қазақ – Инструкция по эксплуатации MAXWELL MW-3553 W

Страница 15

Advertising
background image

15

ҚАЗАҚ

Ультрадыбысты ауа ылғалдатқышы MW-3553

Сипаттамасы
1. Будың шығуына арналған қақпағы бар шүмек
2. Суға арналған сауыт
3. Су деңгейінінң саңылауы
4. Суға арналған сауыттың қақпағы
5. Шашыратқышы бар жұмыс камерасы
6. Бу шығуы қарқындылығының реттегіші
7. Қоректендіру/судың болмауының көрсеткіші
8. «І/0» қоректендіру ажыратқышы

Қауіпсіздік шаралары
Аспапты пайдалану алдында берілген нұсқаулықты зейін қойып оқып шығыңыз жəне оны
пайдалану мерзімі бойы сақтап қойыңыз.
• Ылғалдатқышты іске қосу алдында, аспаптың жұмыс істеу кернеуі желідегі кернеуге сəйкес

келетініне көз жеткізіңіз.

• Аспапты түзу, ылғалға төзімді бетке қойыңыз. Қабырғаға дейінгі қашықтық 15 см-ден кем

болмауы керек.

• Ылғалдатқыштың шүмегін ағаш жиһазға, электр аспаптарына, кітаптарға жəне ылғалдан

бұзыла алатын заттарға бағыттамаңыз.

• Ылғалдатқышты тікелей күн сəулелерінің, жоғары температуралардың əсері тиетін жерлерде,

компьютерлердің немесе сезімтал электрондық техниканың қасында орналастырмаңыз.

• Аспапты жабық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз, кері жағдайда жиһаз бен қабырғаларда

конденсат пайда болуы мүмкін, сондықтан ылғалдатқыш жұмыс істеп тұрған бөлменің есігін
ашыңқырап ұстау ұсынылады.

• Аспапты үйден тыс пайдалануға тыйым салынады.
• Жеткізілім жинағына кіретін шешілмелі бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
• Балаларға аспапты ойыншық ретінде пайдалануға рұқсат етпеңіз.
• Берілген құрылғы балалардың немесе мүмкіндері шектеулі адамдардың қолдануына, егер

оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану жəне оны дұрыс пайдаланбаған кезде пайда бола
алатын қауіптер туралы олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен оларға түсінікті
нұсқаулықтар берілген болмаса арналмаған.

• Аспапты сусыз іске қоспаңыз, жəне сауытта су біткен кезде оны сөндіріңіз.
• Газдалған суды жəне жұпар иісті қоспаларды пайдаланбаңыз.
• Суға арналған сауытты шешу алдында аспапты желіден ажыратыңыз.
• «Будың» шығатын саңылауларын жаппаңыз жəне оларға бөтен заттардың түсуіне жол

бермеңіз.

• Аспап корпусын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Аспапты жұмыс істеу кезінде тасымалдамаңыз жəне еңкейтпеңіз.
• Əрқашан тазалау кезінде немесе сіз ылғалдатқышты пайдаланбаған кезде аспапты желіден

ажыратыңыз жəне сауыттан суды төгіңіз.

• Егер сіз аспапты басқа жерге тасымалдағыңыз келсе, əуелі оны желіден ажыратыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін сулы қолмен ұстамаңыз.
• Аспапты пайдалану алдында желілік бауды зейін қойып қарап шығыңыз жəне оның

бұзылмағанына көз жеткізіңіз. Аспапты бұзылған желілік баумен пайдаланбаңыз.

• Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, ақаулық табылған жағдайда ең жақын туындыгерлес

(өкілетті) қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Аспапты мезгілінде тазартып тұрыңыз, шашыратқышта сызаттардың пайда болуына жол

бермеңіз.

15

15

MW_3553_Instr.indd 15

MW_3553_Instr.indd 15

14.09.2011 16:47:11

14.09.2011 16:47:11

Advertising