Пісіретін ыдыстың жарамдылығын тексеру, Қаңылтыр сауыттар, Тағам қауіпсіздігі – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZM21M4

Страница 121

Advertising
background image

ZM21M4

KK

121

Пісіретін ыдыстың жарамдылығын

тексеру

Ыдыс-аяқтың микротолқынды пештерде

пайдалану үшін жарамдылығын тексеру қажет.

Ас пісіретін ыдысты микротолқынды пештің

ішіне жартылай су құйылған стаканмен қатар

қойыңыз. Пешті (

700 Вт) (100%) қойып бір

минут қыздырыңыз. Ысып кеткен ыдысты

пайдаланбау керек. Сәл ғана жылыған ыдысты

асты жылыту үшін пайдалануға болады, бірақ

тағам пісіру үшін қолдануға болмайды. Егер

ыдыс бөлме температурасында болса, демек,

микротолқынды пеште тамақ пісіруге жарайды.

Қағаз сүрткіштер, балауызды қағаз, қағаз

сүлгілер, тарелкелер, шыныаяқтар, картон

қораптар, мұздатылған заттардың орауыштары

және картон қағаз тамаша ыдыс болып

табылады. Ыдыс қатты қызып немесе тұтанып

кетпес үшін оның ішіне қуатты сіңіретін тамақ

салынғанын әрдайым тексеріп отырыңыз.

Пластик ыдыс-аяқтар мен тостақтар,

мұздатқыш сауыттар мен пластик

орауыштардың көпшілігін микротолқынды

пеште пайдалануға болады. Микротолқынды

пеште пластик ыдыстарды пайдаланған

кезде өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.

Аса майлы немесе қанты көп тағам салынған

пластик ыдысты пайдаланудан сақтаныңыз,

себебі мұндай тағамдар аса қатты ысиды да,

кейбір пластик ыдысты ерітіп жіберуі ықтимал.

Тағамды пластик, қағаз ыдыста немесе басқа

да тұтанғыш сауытта қыздырған немесе

пісірген кезде пешті қараусыз қалдырмай,

мезгіл-мезгіл байқап отырыңыз.

Микротолқынды пеште қолдануға болатындығы

арнайы көрсетілмеген металл ыдыс-аяқ пен

металл ернеулі ыдыс-аяқты микротолқынды

пеште қолдануға болмайды.

Шөлмек сияқты аузы тар сауыттарды

микротолқынды пеште тамақ пісіру үшін

пайдаланбау керек.

Ыдыстың қақпағын ашқан кезде буға күйіп

қалмас үшін абай болыңыз.

Қаңылтыр сауыттар

Төмендегі ережелерді ұстана отырып, жұқа

қаңылтыр қағаздан жасалған таяз ыдыстарды

микротолқынды пеште тағамды жылыту үшін

қауіпсіз пайдалануға болады:

Қаңылтыр қағаздан жасалған сауыттардың

1.

тереңдігі 3 см-ден (1 1/4") аспауға тиіс.

Қаңылтыр қақпақты пайдалануға болмайды.

2.

Қаңылтыр қағаздан жасалған ыдыстың, кем

3.

дегенде үштен екі бөлігіне дейін тағам болуы

керек. Бос сауыттарды ешқашан пайдалануға

болмайды.

Қаңылтыр сауыттарды микротолқынды пеште

4.

тек бір рет ғана пайдалануға болады және оны

пештің жан-жағына тигізуге болмайды. Пештің

бұрылмалы табағы не тамақ пісіретін сөресі

металдан жасалса, қаңылтыр сауытты қызуға

төзімді әрі төңкеріліп қойылған табақтың үстіне

қою керек.

Микротолқынды пеште бір рет қолданылған

5.

қаңылтыр сауыттарды ешқашан екінші рет

пайдалануға болмайды.

15 минут не одан да көп уақыт іске қосылып

6.

тұрған микротолқынды пешті қайта

пайдаланбас бұрын суытып алу қажет.

Ыдыс пен бұрылмалы табақ пайдалану

7.

барысында қатты ысып кетуі мүмкін; оларды

пештен алғанда абай болыңыз. Оларды пештен

шүберекпен ұстап не қолғап киіп алған жөн.

Алюминий қаңылтырдан жасалған сауытты

8.

пайдаланған кезде, тағамды жылыту не пісіру

үшін әдеттегіден де көбірек уақыт кететінін

ұмытпаңыз, сондай-ақ тағамды дастарқанға

ыстықтай тартыңыз.

Тағам қауіпсіздігі

Микротолқынды пеште консерв қалбырындағы

тағамды қыздырмаңыз. Тағамды әрқашан да

қолайлы ыдысқа аударып салыңыз.

Микротолқынды пеште тағамды ыстық

майға қуыруға болмайды, себебі майдың

температурасын бақылау мүмкін

болмағандықтан қатерлі жағдайлар

орын алуы ықтимал.

Advertising