Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары, Ескерту, Жабдықтың қауіпсіздігі – Инструкция по эксплуатации Zanussi ZM21M4

Страница 120

Advertising
background image

ZM21M4

KK

120

Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

МҰҚИЯТ ОҚЫП, КЕЛЕШЕКТЕ АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ

Кірістірілген қауіпсіздік блогы есік ашық

кезде микротолқынды пештің жұмыс істеуін

болдырмайды.

Оларға тимеңіз немесе тұмшапешті есік ашық

кезде қолдануға әрекет жасамаңыз, оның

нәтижесінде микротолқын энергиясының

шығындалуы мүмкін.

Тағамдардың бітеліп немесе тазалағыш

қалдықтарының есік топсасының бетінде

жиналып қалуын болдырмаңыз. Тазарту

нұсқаулары үшін тазалау менен күтім бөлімін

қараңыз.

Тұмшапеш есігінің дұрыс жабылуы және келесі

заттарға зақым келтірмеуі өте маңызды: (1)

есік (майысу), (2) ілмек пен құлып (бұзылған не

қауіпті), (3) есік топсасы мен топса беті.

ЕСКЕРТУ

: Есік, ілмек/құлып немесе есік

топсасына зақым келсе, микротолқынды

пешті өкілетті білікті маман

жөндемейінше қолдануға болмайды.

ЕСКЕРТУ

: Бұл пешті жөндеу жұмыстарын

жүргізу зауытта оқытылған білікті

маманнан басқа адамдар үшін қауіпті.

Қызмет қажет болса, жақын орналасқан

өкілетті қызмет көрсету орталығымен

байланысыңыз.

Сыртқы корпусын, есігін немесе басқару

панелін ешқашан да ағытып алмаңыз. Себебі

асқын кернеудің қатерлі әсеріне ұшырауыңыз

мүмкін.

Пешті осы нұсқаулықтағы "орнату

нұсқауларына" сай орнатыңыз немесе

орналастырыңыз.

Құрылғыны осы нұсқаулықта сипатталған

мақсатта ғана пайдаланыңыз. Құрылғы ішінде

жеміргіш химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

Пештің бұл түрі тағамды жылыту, пісіру немесе

жібіту үшін арнайы жасалған. Пеш өнеркәсіпте

немесе зертханада пайдалану үшін немесе

коммерциялық мақсатта пайдалану үшін

жасалмаған, себебі бұл кепілдікті заңды

күшінен айырады.

Бос тұрған пешті іске қоспаңыз. Пеш ішінде

микротолқын қуатын сіңіретін тағам немесе

су болмаса, магнетронды түтік бүлінуі мүмкін.

Бұл құрылғыны далада сақтамаңыз. Бұл

құрылғыны судың жанында пайдаланбаңыз.

Микротолқынды пештің ішінде киім-кешекті

немесе газеттерді кептіруге әрекет жасамаңыз.

Мұндай заттар тұтануы мүмкін.

Пештің ішін зат сақтау үшін пайдаланбаңыз.

Іске қосылмай тұрған пештің ішіне қағаз

заттарды, ас үй жабдығын немесе тағамды

қалдырмаңыз.

Қолданыстағы беттің температурасы құрылғы

жұмыс істеп тұрғанда жоғары болуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ

: Егер түтін шыққаны

байқалса, құрылғыны сөндіріңіз

немесе оны электр желісінен

ағытыңыз, ал жалын шыққаны

байқалса оны басу үшін есікті

ашпаңыз. Суды ешқашан

пайдаланбаңыз.

ЕСКЕРТУ

: Балалар немесе дәрменсіз

адамдарға микротолқынды пешті

дұрыс қолданбаудың қатерін

түсіндіріп, тиісті нұсқаулар бергеннен

кейін ғана оларға ересектердің

қадағалауынсыз микротолқынды

пешті пайдалануға рұқсат беріңіз.

Жабдықтың қауіпсіздігі

Тек қана микротолқынды пеште қолдануға

ыңғайлы жабдықтарды пайдаланыңыз.

Шыны, керамикалы шыны және қызуға

төзімді шыны ыдыс-аяқтың көпшілігі

микротолқынды пеште пайдалануға тамаша

жарайды. Микротолқын қуаты шыны мен

керамикадан жасалған заттардың көпшілігін

қыздырмағанымен де, тағамның қызуы ыдысқа

берілетін болғандықтан, бұл ыдыс-аяқ ысып

кетуі мүмкін. Тағамдарды пештен алған кезде

қолғап пайдалануды ұсынамыз.

Advertising