Инструкция по эксплуатации Panasonic ES-LA93

Страница 33

Advertising
background image

33

Қа

зақша

Маңызды ақпарат

Қолдану алдында

Осы ЫЛҒАЛ/ ҚҰРҒАҚ ұстара қырыну көбігін пайдаланып ылғал

қырынуға немесе құрғақ қырынуға мүмкіндік береді. Бұл су

өтпейтін ұстараны душта қолдануға және қырынып болған соң

сумен шайып тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі Ылғал

қырынуды білдіреді. Бұл белгі қолмен ұстайтын бөлігін ваннада

немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.

Кемінде үш апта көпіршікпен ылғал қырынуды пайдаланып сіздің

теріңіздің қаншалықты жақсарғанын байқайсыз. Сіздің Панасоник

ЫЛҒАЛ/ ҚҰРҒАҚ ұстараға үйренуге кішкене уақыт талап етеді, себебі

сіздің теріңіз бен сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне үйренуіне

шамамен бір ай уақыт керек қылады.

Ұстараны колдану

Алдын ала ескерту - Сыртқы торша өте жұқа және де дұрыс

қолданбаған жағдайда бұзылуы мүмкін. Торша бұзылған жағдайда

ұстараны пайдаланбаған жөн болар, өйткені ол сіздің теріңізді

кесіп кетуі мүмкін.

Кардиостимулятор сияқты имплантацияланған электрондық

медициналық құрылғыны пайдаланатын адамдар бұл медициналық

құрылғы орналасқан жердің терісіне ұстараның тиюіне жол бермегені

жөн, себебі бұл медициналық құрылғының бұзылуына әкеліп соғуы

мүмкін.

Ұстараны зарядтау

Арнайы осы үлгі үшін жобаланған (RE7-51) электр желісін,

айнымалы ток адаптерін және қайта зарядтау құралын ғана

пайдаланыңыз. Адаптерді тұрмыстық ток желісіне қосқанда,

ылғалдылық жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз, және де ұстараны

ұстаған кезде қолыңыз құрғақ болған жөн. Ұстара және қайта

зарядтау құралы қолдану мен зарядтау кезінде қызуы мүмкін.

Соған қарамастан бұл жағдай бұзылыс деп есептелмейді. Тікелей

күн сәулесінің астында немесе басқа да жылу көздеріне жақын

жерлерде ұстараны зарядтамаңыз. Адаптерді ток желісінен алған

кезде, оны қолда ұстап тұрған жөн. Ток желісінен айырған кезде,

сым желісін тартпаңыз, себебі оны зақымдауыңыз мүмкін. Сым

желісін ауыстыруға келмейді. Егер сым желісі зақымдалса,

құралды жою қажет.

Ұстараны тазалау

Ескерту: Электр ток соғуын болдырмау үшін электр сым желісін

ұстараны cуда тазаламас бұрын ажыратыңыз.

Ішкі жүздің екеуін де ішіне орнату керек. Ішкі жүздердің біреуі ғана

өз орнында болса, ұстараға зақым келуі мүмкін. Ұстараны сумен

тазалау кезінде тұзды немесе ыстық суды пайдаланбаған жөн.

Ұстараны суда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Құрылғыны сабынды

сумен дымқылданған шүберекпен сүртіңіз. Еріткіш, бензин не

спиртті пайдаланбаңыз.

Ұстараны сақтау

Ұстараны сақтау кезінде электр сым желісін ажыратыңыз. Электр

сым желісін майыстырмаңыз немесе ұстараға орамаңыз. Аталмыш

құрал денелік, сенсорлық немесе ақыл ой қабілеттіліктері кем,

білім және тәжірибе таршылығы бар адамдарға (балаларды

санағанда) пайдалануға арналмаған, олардың қауіпсіздігіне

жауапты адамның басшылығымен ғана қолдануға болады.

Балалардың құралмен ойнауларына жол бермеңіз. Аталмыш

пайдалану туралы нұсқауды қауіпсіз орында сақтаңыз.

Өзін-өзі тазалау мүмкіндігі бар қайта зарядтау құралы

Адаптерді немесе өзін-өзі тазалау мүмкіндігі бар қайта зарядтау

құралын суда тазаламаңыз, өйткені оларға зақым келуі немесе

электр ток соғуы мүмкін. «Кептіруді» қамтитын кез келген режімі

жұмыс ісеп тұрған кезде ұстараны құрылғыдан алмаңыз. Қыздырғыш

жұмыс істегендіктен жүздер айналасы өте ыстық болғандықтан, Сіз

күйік алуыңыз мүмкін.

Өзін-өзі тазалау мүмкіндігі бар қайта зарядтау құралын тегіс әрі

тұрақты бетке орналастырыңыз. Әйтпесе төгілген тазалағыш

сұйықтық былғары және басқа да беттердің түсін өзгертуі мүмкін.

Төгілген сұйықтықты бірден сүртіңіз. Өзін-өзі тазалау мүмкіндігі бар

қайта зарядтау құралы ішкі жүздер мен сыртқы қақпаша жүйесін

тазалайды. Құрылғының басқа жерлеріндегі қырқылған шашты

щеткамен тазалаңыз немесе сумен жуыңыз.

ES-LA93_CIS.indb 33

2010/01/06 16:44:56

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: