Инструкция по эксплуатации Panasonic NC-ZA1

Страница 127

Advertising
background image

KZ35

Қайнату бөлігі:

Қайнату бөлігін апта сайын немесе көп қолданылса, одан жиі тазалап тұрыңыз.

1

Диспенсерді ашу үшін есіктің сол жағын басыңыз. (KZ9-б)

2

Қолданылған заттар ыдысын басып, эспрессо қайнатқышынан тартып

шығарып алыңыз.

3

Қайнату бөлігінің төменгі алдыңғы шетінен ұстап, алға қарай тартыңыз.

Түсіп кетпеуі үшін екінші қолыңызбен тоқтатыңыз.

4

Қайнату бөлігін төңкеріп, ашық қайнату бөлігін жылы су ағынында

щеткамен тазалаңыз да, абайлап шайқаңыз. Әсіресе, кофе

қалдықтарын кетіру үшін тот баспайтын болаттан жасалған сүзгіні

жақсылап шаю керек.

•Қайнату бөлігі төңкерілгенде, ол ашылып, итергіш жиналып тұрады. Тот баспайтын

болаттан жасалған екі сүзгіні тазалау оңай болады. Қайнату бөлігі бұғатталып, оны

ашу мүмкін болмаса, KZ44-бетті (U10) қараңыз.

Болаттан

жасалған

Кеңес:

Қайнату бөлігін сұйылтылған ыдыс сабыны (бейтарап) қосылған жылы суға

шамамен 30 минутқа салып қойып, одан кейін жақсылап шайыңыз.

5

Қайнату бөлігі кепкеннен кейін оны бағыттауыш ойықтарға салып,

толығымен эспрессо қайнатқышына орнатыңыз.

6

Қолданылған заттар ыдысын эспрессо қайнатқышына орналастырып,

есікті жабыңыз.

•Есік пен диспенсердің бетінің биіктігі бірдей екенін тексеріңіз, сөйтіп есікті тығыз

жабыңыз.

Advertising