Тазалау жолы, Kz34 – Инструкция по эксплуатации Panasonic NC-ZA1

Страница 126

Advertising
background image

KZ34

Диспенсер:

Ағызу шүмегін апта сайын немесе көп қолданылса, одан жиі тазалап тұрыңыз.

Кез келген қалдықтарды алып тастау және көгеруге жол бермеу үшін

диспенсердің іші мен сыртын жылы сумен және тиісті щеткамен тазалаңыз.
<Шығарып алу>

1

Диспенсерді ашу үшін

есіктің сол жағын басыңыз.

(KZ9-б)

2

Диспенсерді жоғары қарай

итеріңіз. Тарату түтігін

есіктің ішкі жағынан

абайлап тартып, солға

қарай басыңыз, сөйтіп ол

бекіткіштен шығады. Одан

кейін диспенсерді шығарып

алыңыз.

<Бекіту>

1

Диспенсерді қайтадан есікке жоғарғы

күйге қойып, аздап басыңыз, есіктің

жоғарғы бөлігіне дейін төмен

сырғытыңыз.

2

Есік саңылауының ішкі жағынан түтікті тартып, оны оңға

қарай тұтқышқа басыңыз, одан кейін түтіктің шұңғыма пішімді

шетін фланецке дұрыс бекітілгенше итеріңіз.

Тұтқыш

Диспенсер

Фланец

Фланец

3

Есік пен диспенсердің бетінің биіктігі бірдей екенін тексеріңіз,

сөйтіп есікті тығыз жабыңыз.

Шүмек бітелген кезде тазалау

1

Диспенсерді шешіп алыңыз. Серіппеге жақын тұрған бос түтік шетін

ұстап тартыңыз, жең шеттерін шүмектен шығарып, түтікті екі

шетінен тартыңыз.

2

Жеңдерді түтіктерден тартып шығарып, түтіктерді жалғау

бөлігінен ажыратыңыз. Түтік пен серіппені жалғас жерінен

тартыңыз.

3

Бөлшектерді сүт жүйесін тазалау затына бірнеше сағатқа салып

қойыңыз. Дәл мөлшерін сүт жүйесін тазалау затының

нұсқауларынан қараңыз. Одан кейін оларды таза сумен жақсылап

шайыңыз.

4

Құрастыру үшін екі жең шеттері мен түтіктерді қайтадан бірге

салыңыз. Екі жең шетін кіші шүмектерге 1 кіргізіп, орнына дұрыстап

бекітілгенше басыңыз. Жалғау бөлігін бекіту ұясына 2 салыңыз.

Одан кейін түтіктерді жақтау 3 астымен оңға және солға итеріңіз.

Ескертпе

•Жеңдер үлкен шүмектерге салынса, кофе тік ақпайды.

Дұрыс Дұрыс емес

Тазалау жолы

(Жалғасы)

Advertising