Kz10, Кофе дәндерінің ыдысы, Дәндер ыдысының қосымшасын бекіту – Инструкция по эксплуатации Panasonic NC-ZA1

Страница 102: Су ыдысы

Advertising
background image

KZ10

Құрылғы бөлшектерінің атаулары

және пайдалану нұсқаулары

(Жалғасы)

Кофе дәндерінің ыдысы

Ұнтақ кофе

өзегі

Үгіту деңгейін

орнату тұтқасы

Кофе дәндері

ыдысының

қақпағы

Ұнтақ кофе

өзегінің қақпағы

Үгіту деңгейін орнату

Үгіту деңгейін орнату тұтқасын қажетті ұсақтыққа бұраңыз.

Үгіту деңгейін тек үгіткіш қосылғаннан кейін орнатыңыз.

Үгіту кезінде кофе дәндеріне тиюге немесе

саусақтарыңызды үгіткішке салуға болмайды. Тұтқаны

реттегеннен кейін кофе дәндері ыдысының қақпағын

жабыңыз.

“Ащы дәм” үшін ұсақтап үгітіңіз.

Бұл параметрді сәл қуырылған кофе дәндері

үшін қолданыңыз.
“Әдеттегі дәм” үшін орташа үгітіңіз.

Бұл параметрді орташа қуырылған кофе

дәндері үшін қолданыңыз.
“Жұмсақ дәм” үшін кесектеп үгітіңіз.

Бұл параметрді қарайтылып қуырылған кофе

дәндері үшін қолданыңыз.

•Дәм бірден қалағандай болмайды.

Қалаған дәмді алғанша бірнеше рет қайнату керек.

Дәндер ыдысының қосымшасын бекіту

O

Стандартты кофе дәндері ыдысының көлемін 125 г-нан 250 г-ға арттырғыңыз келсе, төмендегі

әрекеттерді орындаңыз.

1

Кофе дәндері ыдысының қақпағын тұтқышынан шығарып алыңыз.

2

Ұнтақ кофе өзегінің қақпағын тік күйге келтіріп, тұтқышынан шығарып алыңыз.

3

Дәндер ыдысының қосымшасын кофе дәндері ыдысына салыңыз.

Үгіту деңгейін орнату тұтқалары бірдей күйде тұрғанына көз жеткізіңіз.

4

Ұнтақ кофе өзегінің қақпағын бекітіп, кофе дәндері ыдысының қақпағын жабыңыз.

Су ыдысы

Сүзгі картриджін ауыстыратын уақытты есте

сақтауға көмектеседі.

IN (ІШКЕ): Сүзгі картриджі салынған уақыт.

OUT (СЫРТҚА): Сүзгі картриджін

ауыстыратын уақыт.

1

Сүзгі картриджіне адаптер бекітіңіз.

2

Адаптері орнатылған сүзгі картриджін

суреттегідей бағыттауыштарға

кіргізіңіз.

* бөлек сатылады

Ескертпе

•Картридж BRITA INTENZA компаниясынан

болуы керек.

Басқа өндірушінің ұқсас INTENZA сүзгісі бұл эспрессо

қайнатқышына сай келмейді.

Сүзгінің қызмет мерзімін басқару тетігі

Су ыдысының

қақпағы

Сүзгі картриджі*

Адаптер

Ашу үшін қақпақты

көтеріңіз.

Advertising