05 басқа м ағ лұм аттар – Инструкция по эксплуатации Samsung PS43F4000AW

Страница 141

Advertising
background image

Ақаулық

Шешімі және түсіндірмесі

Сурет шықпайды, видео көрсетілмейді

Теледидар іске қосылмайды.

• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
• Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Теледидардың

POWER

түймешігін басып көру арқылы, ақаулықтың қашықтан басқару пультіне байланысты

емес екеніне көз жеткізіңіз. Егер теледидар қосылса, төмендегі “Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді”

тармағын қараңыз.

Теледидар автоматты түрде сөніп

қалады.

Ұйқы таймері параметрінің Сөндіру қалпына Уақыт мәзірі арқылы қойылғанына көз жеткізіңіз.

• Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап жалғанғанын тексеріңіз.
• Теледидарды антенна немесе кабель арқылы қарап отырғанда, теледидар егер сигнал жоқ болса, 10 ~ 15

минуттан кейін сөніп қалады.

Ешбір сурет/видео жоқ.

• Сым қосылымдарын тексеріңіз (теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық сымдарын ағытып алыңыз

да, қайта жалғаңыз).

• Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Жерсерік ресивері, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео шығысын ұяшығын,

теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы, сыртқы құрылғының шығыс ұяшығы

HDMI болса, оны теледидардың HDMI кіріс ұяшығына жалғау керек.

• Жалғанған құрылғылардың электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
• Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі

SOURCE

түймешігін басып, теледидар сигналының көзін дұрыс

таңдаңыз.

• Құрылғының қорек сымын қайта жалғау арқылы, жалғанған құрылғыны қайта іске қосыңыз.

Антенна (Антенна/Кабель) қосылымы

Теледидар арналардың барлығын

көрсетпейді.

• Антенна сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
• Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін

Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметрін қолданып

көріңіз.

MENU

-

Жүйе - Орнату (Параметрлерді бастапқы орнату) параметріне барып, сақталуға тиіс бар

арналардың көрсетілуін күтіңіз.

• Антеннаның дұрыс орында тұрғанын тексеріңіз.

Сурет бұзылып көрсетіледі: үлкен

текшелер, кішкене текшелер,

нүктелер, пикселдер

• Бейнежазба мазмұнын "сығымдау", әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдерін көрсеткен кезде суреттің

сапасын бұзуы мүмкін.

• Әлсіз сигнал суретті бұзады. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.

Басқа мәселе

Сурет экранда толық

көрсетілмейді.

• Жоғары ажыратымдылықтағы арналар, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір жағына

қара жолақ қалдырып отырады.

• Өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің үстіңгі және

астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.

• Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық көрсетілетін

етіп реттеңіз.

Плазма теледидарынан

ызылдаған дыбыс шығады.

• Әдетте плазма теледидарынан ақырын ызылдаған дауыс шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бұл суретті

бейнебетке шығару үшін қолданылатын электр зарядтарының әсерінен пайда болады.

• Егер ызыңдаған дауыс қатты шықса, теледидардың жарықтылығы өте жоғары деңгейде тұруы мүмкін.

Жарықтылық мәнін төмендетіп көріңіз.

• Сонымен қатар, плазма теледидарының артқы жағы қабырғаға немесе беті қатты затқа тым тақата қойылса

да, ызыңдаған дауыс шығуы мүмкін. Қосылым сымдарын басқаша төсеп көріңіз.

• Қабырғалық аспа жинақ дұрыс орнатылмаса да, шамадан тыс шуыл шығуы мүмкін.

Бейненің қалып қоюына

(Бейнебеттің жануы) қатысты

мәселелер.

• Бұл теледидар бейнебеттің жанып кету қаупін азайту үшін, бейнебеттің жанып кету қаупін азайтатын Pixel

Shift технологиясымен жабдықталған. Pixel Shift - суретті сәл жоғары және төмен (Тігінен) және бір жағынан

екінші жағына қарай (Көлденең нүкте) жылжытуға мүмкіндік береді. Суреттің осылайша шамалы және

қалыпты түрде жылжуы бейнебеттің жануын азайтады.

Қашықтан басқару пульті жұмыс

істемейді.

• Қашықтан басқару пульті батареяларын ауыстырғанда, (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.
• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.
• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

33

05
Басқа м

ағ

лұм
аттар

Қазақша

PF4000-RU_KAZ.indd 33

2013-02-20 �� 3:27:40

Advertising