Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі – Инструкция по эксплуатации Samsung WF906P4SAGD

Страница 90

Advertising
background image

2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі

Жаңа samsung кір жуғыш

машинасының қызметі

Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді. Жаңа

Samsung кір жуғыш машинаңыз, "Eco Bubble" функциясы мен қуатты үнемдеу

мүмкіндігін былай қойғанда, кір жууды барынша жеңілдету және ұнамды

әрекетке айналдыруға көмектесетін мүмкіндіктердің барлығын қамтыған.

• Қуат үнемдеу

Бұл үлгі арнайы Көбік шығару жүйесі және Samsung қозғалтқыш инвенторы бар

стандартты A номиналды машинасымен салыстырып қарағанда қуатты тиімді

пайдалану мүмкіндігін ұсынады.

• Эко көпіршік жүйесі

Samsung ұсынатын Эко көпіршік бағдарламасы матаға ерен күтім көрсете отырып, тамаша

тазалайды. Эко көпіршік жүйесі жуғыш заттарды біркелкі таратып, матаға біркелкі және терең

сіңуіне көмектеседі.

• Шуы және дірілі төмен

Бұл Samsung кір жуғыш машинасы ең төмен дірілді қолдайтын ақылды

технологияның көмегімен шуды және дірілді азайту арқылы өте дыбыссыз жұмыс

істейді. Сөйтіп, барабан керемет балансты сақтайды.

• Жылдам жуу

Әрбір минут санаулы! Жылдам жуу бағдарламасы қауырт тіршілікке арналған - енді

жақсы көретін киімдеріңізді (2кг дейін) тек 15 минут ішінде жууыңызға болады!

• Eco барабанын тазарту

Эко барабан тазалау бағдарламасы кір жуғыш машинаны ешбір химиялық жуғыш

зат немесе ағартқышты қолданбай таза ұстауға көмектеседі. Арнайы тазалау

бағдарламасының көмегімен кір жуғыш машина барабанын таза, әрі иіссіз етіп

ұстаңыз.

• Балалардың киімін жуу жүйесі

Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын,

кір жуу бағдарламасы бар. Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін

төмендетеді, себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері

қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу

кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге асады.

• Қолмен жуу

Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ

әсер етуге байланысты жүреді.

WF906P4SA-03205E-04_KK.indd 2

2013-12-17 11:19:54

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: