Кір жуу – Инструкция по эксплуатации Samsung WF906P4SAGD
Страница 112
24_ Кір жуу
Кір жуу
ECO BUBBLE
ОПЦИЯСЫН ТАҢДАУ
ТҮЙМЕШІГІ
Eco Bubble мүмкіндігі әдепкі орнатым ретінде қосылады.
Таңдаудан алып тастау және көпіршік генераторын (панельде
көрсетілген) ӨШІРу үшін Eco Bubble опциясының түймешігін бір
рет басыңыз, функцияны кері қосу үшін оны қайта басыңыз.
• Кейбір жуу циклдарында Eco Bubble опциясы ҚОСулЫ күйде
болуы қажет (панельде көрінеді, ал генератор автоматты түрде
қосылады).
• Өзге жуу циклдарында осы опция қажет емес және генератор
автоматты түрде өшіріледі.
• Көптеген циклдарда, қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін осы
опцияны қолмен өзгертуге болады, бұл әрекет панельдегі жуу
уақытына бірден әсер етеді (қосымша мәлімет алу үшін 27-ші
бетті қарауыңызды сұраймыз).
ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
ПАРАМЕТРІН
ТАҢДАУ ТҮЙМЕШІГІ
Кірді жеңіл үтіктелетін етіп дайындау үшін және айналдыру циклы
кезінде қатты мыжылып қалмас үшін осы түймешікті басыңыз.
• Жеңіл үтіктеу функциясы тек келесі жуу бағдарламаларында
ғана жұмыс істейді: хлопок (Мақта мата), Синтетика
(Синтетика), Джинсы (Джинс), Постельное белье (Төсек
жабдығы), Темные вещи (Баран киімдер), Ежедневная
(Күнделікті жуу), интенсивная стирка Eco (Супер Эко жуу),
Детские вещи (Балаға арналған).
• Жеңіл үтіктеу функциясы таңдалған кезде айналдыру
циклының жылдамдығын 800 мин/айн-ға дейін қоя аласыз.
(Егер айналдыру циклының жылдамдығын 800мин/айн-
нан жоғары мәнге қойып легкое глаженье (Жеңіл үтіктеу)
параметрін таңдасаңыз, айналдыру жылдамдығы автоматты
түрде 800мин/айн-ға қойылады.)
ЖЫЛДАМ ЖУУДЫ
ТАҢДАУ ТҮЙМЕШІГІ
Шамалы ластанған және тез жуылуын қалайтын 2кг аспайтын
киімдерге арналған. Ол, ең кемі, 15 минуттай уақытты алады,
бірақ су қысымына, судың ащылығына, судың кіру көзіндегі
температураға, бөлме температурасына, жуу түріне және
мөлшеріне, ластану деңгейіне, қолданылған тазалағыш затқа,
теңгерімі жоқ кір киімге, электр қуатының ауытқуына және
таңдалған қосымша опцияларға қарай көрсетілген мәндерден
өзгеше болуы мүмкін.
• Цикл уақытын таңдау үшін осы түймешікті бірнеше қайтара
басыңыз: 15 мин 20 мин 30 мин 40 мин 50 мин
1 сағ Сөндіру
Ұнтақты/сұйық тазалағыш зат 20гр. аспауы (2кг киім үшін)
қажет, әйтпесе тазалағыш зат киім үстінде қалып қоюы
мүмкін.
ЖУУДЫ КЕЙІН
БАСТАУ ТҮЙМЕШЕСІ
Кір жууды кейінге қалдырудың өзіңізге қажетті уақытты (арасына
бір сағат қалдырып 3 сағаттан 19 сағатқа дейінгі аралық) қою үшін,
осы түймешені бірнеше рет басыңыз.
Көрсетілетін уақыт – кір жуудың аяқталу уақыты.
БАСТАУ/ҮЗІЛІС
ТҮЙМЕШЕСІ
Кір жууды тоқтату немесе жаңарту үшін осы түймешені басыңыз.
МЕНІҢ ЦИКЛЫМ
ОПЦИЯСЫН ТАҢДАУ
ТҮЙМЕШІГІ
Сүйікті циклыңызды, оның ішінде, температураны, айналу
жылдамдығын, ластану деңгейін, опцияны және т.б. таңдаңыз.
ҚУАТ ТҮЙМЕШЕСІ
Кір жуғыш машинаны қосу үшін түймешені бір рет басыңыз, өшіру
үшін қайта басыңыз.
Кір жуғыш машинаның ешбір түймешігі 10 минуттан артық
басылмай тұрса, қуат автоматты түрде сөнеді.
9
10
11
12
13
ЕСКЕРТУ
8
7
WF906P4SA-03205E-04_KK.indd 24
2013-12-17 11:20:01