Инструкция по эксплуатации Samsung PS63C7000YW

Страница 245

Advertising
background image

59

Казақ

05
Басқа м

ағ

лұм
аттар

ақаулық

Шешімі және түсіндірмесі

Бірнеше жазу құралдары жалғанып тұрса

да, теледидар жазуды тоқтатып тастады.

• Егер бірнеше жазу құралдары жалғаулы тұрса және

Default Recording Device режимінде тұрған құралдың

жадында бос орын болмаса, жазу функциясы жабылады. Қайта жазып көріңіз. Жадында көбірек бос орны

бар құрал автоматты түрде

Default Recording Device режиміне қойылады да, теледидар жаза бастайды.

Басқа мәселе
Сурет экранда толық көрсетілмейді.

• Жоғары ажыратымдылықтағы арналар, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір жағына

қара жолақ қалдырып отырады.

• Геометриялық өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде, бейнебеттің

үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.

• Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық

көрсетілетін етіп реттеңіз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.

• Қашықтан басқару пульті батареяларының (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.

• Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.

• Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

Плазма теледидарынан ызылдаған дыбыс

шығады.

• Әдетте плазма теледидарынан ақырын ызылдаған дауыс шығады. Бұл қалыпты жағдай. Бұл суретті

бейнебетке шығару үшін қолданылатын электр зарядтарының әсерінен пайда болады.

• Егер ызыңдаған дауыс қатты шықса, теледидардың жарықтылығы өте жоғары деңгейде тұруы мүмкін.

Жарықтылық мәнін төмендетіп көріңіз.

• Сонымен қатар, плазма теледидарының артқы жағы қабырғаға немесе беті қатты затқа тым тақата

қойылса да, ызыңдаған дауыс шығуы мүмкін. Қосылым сымдарын басқаша төсеп көріңіз.

• Қабырғалық аспа жинақ дұрыс орнатылмаса да, шамадан тыс шуыл шығуы мүмкін.

Бейненің қалып қоюына (Бейнебеттің

жануы) қатысты мәселелер.

• Бұл теледидар бейнебеттің жанып кету қаупін азайту үшін, бейнебеттің жанып кету қаупін азайтатын

технологиямен жабдықталған. Пикселдің жылжуы технологиясы суретті жоғары/төмен (Тік сызық бойымен),

бір жағынан екінші жағына қарай (Көлденең нүкте) жылжыту параметрін орнатуға мүмкіндік береді.

Кабель/спутниктік ресивердің қашықтан

басқару пульті, теледидарды іске қоспайды

не сөндірмейді, үнділігін реттемейді.

• Кабель/Спутниктік ресивердің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп

бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/Спутниктік ресивер пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз.

“Mode Not Supported” жазуы көрсетіледі.

• Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс

ажыратымдылығын тиісінше орнатыңыз. Осы нұсқаулықтың 27-ші бетіндегі ажыратымдылық

параметрлерін орнату тарауын қараңыз.

Теледидардан пластмасса иісі шығады.

• Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.

Өздігінен диагностика коюға арналған сынақ

мәзірінде теледидар

Signal Information

параметрі жоқ.

• Бұл функция тек Антенна / РЖ/ Coax қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда ғана бар

(б. 26).

Теледидар бір жағына қарай қисайып тұр.

• Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.

Тұрғы тағанын құрастыру қиын.

• Теледидардың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Бұрандаларды теледидардан ала алмасаңыз,

магнитті бұранда бұрағышты қолдану керек.

Арна мәзірі сұры болып тұр. (жоқ)

Channel мәзірі тек теледидардың сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.

Параметрлер 30 минут өткеннен кейін

немесе теледидар сөндірілгеннен кейін

сақталмай қалады.

• Егер теледидар

Store Demo режимінде тұрса, ол аудио немесе сурет параметрлерін 30 минут сайын бастапқы

қалпына қойып отырады.

Plug & Play(параметрлерді бастапқы орнату) көмегімен Store Demo режимін

Home Use режиміне қойыңыз.

SOURCE

түймешігін басып,

TV режимін таңдаңыз да, мына қадамдарды

орындаңыз:

MENU

SetupPlug & Play (параметрлерді бастапқы орнату) →

ENTER

E (б. 7).

Аудио немесе видео мезгіл-мезгіл жоқ

болып кетеді.

• Сым қосылымдарын тексеріңіз де, қайта жалғаңыз.

• Аудио немесе видео жоқ болып кетуіне, тым қатты не жуан сым қолдану себеп болуы мүмкін.

Сымдардың иілгіш, ұзақ пайдалануға жарамды екендігін тексеріп алыңыз. Теледидарды қабырғаға

орнатқыңыз келсе, 90 градустық жалғастырғыштары бар сымдарды қолдануды ұсынамыз.

Теледидар рамасының жиегіне өте жақыннан

қарағанда өте кішкене бөлшектерді көресіз.

• Бұл өнімнің ақауы емес, сыртқы жасақтамасының бір бөлігі.

PIP мәзірі жұмыс істемейді.

PIP функциясы тек HDMI, ДК немесе компоненттік сигнал көздерін қолданғанда ғана жұмыс істейді (б. 25).

“Scramble signal” не “Weak Signal/No Signal”

хабары пайда болады.

• Егер CAM CARD (CI/CI+) картасын қолдансаңыз, оның жалпы тілдесу ұяшығына орнатылғанын тексеріңіз.

• Ақаулық әлі жойылмаса, CAM CARD картасын теледидардан алып, ұяшыққа қайта салыңыз.

Теледидарды 45 минут бұрын сөндірдіңіз,

бірақ ол қайта қосылды.

• Бұл қалыпты жағдай. Теледидар OTA (Over The Aerial) функциясын, теледидар қарап отырған кезде

түсірілген бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін қосады.

Сурет/үнділік мәселелері жиі-жиі

туындайды.

• Тексеріңіз де, сигнал/сигнал көзін өзгертіңіз.

Тұрғы тағанындағы резеңке жастықшалар

мен кейбір жиһаздардың сыртқы қаптамасы

арасында реакция пайда болуы мүмкін.

• Бұның алдын алу үшін, теледидардың жиһазға тура жанасатын кез келген жеріне киіз жастықша

қолданыңыз.

Жоғарыдағы суреттер мен функциялардың кейбірі, құрылғының арнайы үлгілерінде ғана бар.

[PC7000_Rus]BN68-02696F-02L04.indb 59

2010-06-08 오후 3:35:03

Advertising