Кеңейтілген функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung PS63C7000YW

Страница 216

Advertising
background image

30

Казақ

Кеңейтілген функциялары

¦

Желіге сымсыз қосылу

Теледидарды желіге сымсыз қосу үшін, сымсыз роутер немесе модем және теледидардың арт жағында немесе бүйір панелінде

орналасқан USB ұяшығына жалғанатын Samsung сымсыз LAN адаптері (WIS09ABGN, WIS09ABGN2, WIS10ABGN) қажет.

Төмендегі суретке қараңыз.

Samsung сымсыз LAN адаптері жеке сатылады және оны бөлшек сауда орталықтары не Электронды сауда сайттарынан

және Samsungparts.com торабы арқылы тапсыра аласыз. Samsung сымсыз LAN адаптері IEEE 802.11A/B/G және N тілқатысу

протоколдарын қолдайды. Samsung компаниясы IEEE 802.11N протоколын қолдануды ұсынады. Бейнефильмді IEEE 802.11B/G

қосылымы арқылы көрген кезде, бейнефильм жақсы көрсетілмеуі мүмкін.

ЕСКЕРІМ

x

Сымсыз желіні орнату үшін “Samsung Wireless LAN Adapter” (WIS09ABGN, WIS09ABGN2, WIS10ABGN) адаптерін

қолдануыңыз қажет.

x

Samsung сымсыз LAN адаптері жеке сатылады. Samsung сымсыз LAN адаптері бөлшек сауда орталықтарында

сатылады, не Электронды сауда сайттарынан және Samsungparts.com торабы арқылы тапсыра аласыз.

x

Сымсыз желіні қолдану үшін теледидарыңыз сымсыз IP ортақтастырғышына қосылып тұруға тиіс. Егер сымсыз

IP ортақтастырғышы DHCP-ды қолдаса, теледидарыңыз желіге сымсыз қосылу үшін DHCP немесе тұрақты IP

мекенжайын қолдана алады.

x

Сымсыз IP ортақтастырғышы үшін қолданылмай тұрған арнаның бірін таңдаңыз. Сымсыз IP ортақтастырғышы үшін

таңдалған арнаны, жақын орналасқан басқа құрылғылардың бірі қолданып тұрса, нәтижесінде бөгеуіл пайда болып,

қосылым жүзеге аспауы мүмкін.

x

Төменде келтірілген қауіпсіздік жүйелерінен басқа қауіпсіздік жүйесін қолдансаңыз, онда ол теледидарда жұмыс

істемейді.

x

Егер кіру протоколы үшін “Pure High-throughput (Greenfield) 802.11N” режимі таңдалып, “Encryption type” параметрі

“WEP, TKIP” немесе “TKIP-AES (WPS2Mixed)” қалпына қойылса, Samsung теледидары жаңа Wi-Fi сертификаттау

стандартына сай келетін қосылымға қолдау көрсетпейді.

x

Егер AP, WPS (Wi-Fi Protected Setup) жүйесін қолдаса, желіге PBC (Push Button Configuration) немесе PIN (Personal

Indentification Number) арқылы қосылуыңызға болады. WPS автоматты түрде SSID мен WPA кілтін, режимдердің

бірінде конфигурациялайды.

x

Егер роутер, модем немесе құрылғыңыз сертификатталмаған болса, теледидарға “Samsung Wireless LAN Adapter”

арқылы қосылмауы мүмкін.

x

Қосылым тәсілдері: Сымсыз қосылымды алты түрлі тәсілмен жүзеге асыруыңызға болады.

– Samsung автоматты түрде конфигурациялау тәсілі

PBC (WPS)

– Параметрлерді автоматты түрде орнату (“Auto Network Search” функциясын қолданып)
– Параметрлерді қолдан орнату

SWL(Samsung Wireless Link)

Ad-Hoc

x

Егер Samsung USB-хаб немесе USB ұзартқыш сымын қолданбай қосылымды жүзеге асырсаңыз, Samsung Wireless

LAN адаптері танылмауы мүмкін.

Tеледидардың артқы панелі

Қабырғадағы LAN ұяшығы

LAN сымы

Сымсыз IP

ортақтастырғышы

(DHCP сервері арқылы

қосылатын кіру протоколы)

Samsung сымсыз LAN

адаптері

немесе

SWL(Samsung Wireless Link) функциясын қолдану үшін,

USB 1 (HDD)

ұяшығын қолданыңыз.

[PC7000_Rus]BN68-02696F-02L04.indb 30

2010-06-08 오후 3:34:40

Advertising