Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5100

Страница 76

Advertising
background image

24

Сәйкестік және үйлесімділік ескертуі

Дисктердің барлығына қолдау көрсетіле бермейді.

• Төменде сипатталған және осы нұсқаулықта, соның ішінде осы нұсқаулықтың «Диск түрі

мен сипаттамалары» бөлімінде аталған шектеулерге байланысты ойнатылатын диск түрлері

төмендегідей болады: алдын ала жазылған коммерциялық BD-ROM, DVD-VIDEO және аудио

ықшам дискілер (CD-DA); BD-RE/-R, DVD-RW/-R дискілері; CD-RW/-R дискілері.

• Жоғарыда келтірілген дискілерден өзгеше дискілер ойнатылмайды немесе осы ойнатқышта

ойнатуға арналмаған. Жоғарыда келтірілген дискілердің кейбіреуі төменде берілген себептерге

байланысты ойнатылмауы мүмкін.

• Samsung компаниясы осы ойнатқыштың BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+

R and CD-RW/-R логотиптері бар барлық дискілерді ойнататына кепілдік бермейді, сондай-ақ

осы ойнатқыш барлық басқару пәрмендерін орындамауы немесе әр дискідегі мүмкіндіктерді іске

қоспауы да мүмкін. Жаңа және қолданыстағы пішімде болған дискілерін пайдаланғанда дискінің

осы және өзге үйлесімдік мәселелері және ойнатқыштың жұмыс атқару мәселелері туындауы

мүмкін, себебі:

- Blu-ray – жаңа және дамып келе жатқан пішім және осы ойнатқыш Blu-ray дискілерінің

барлық функцияларын істетпеуі мүмкін, себебі кейбір функциялар таңдау бойынша беріледі,

кейбір функциялар Blu-ray пішіміне ойнатқыш жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін,

сондай-ақ кейбір бар функциялардың пайдалану мүмкіндігі кешіктіріліп берілуі мүмкін.

- осы ойнатқыш дискілердің барлық жаңа және бұрыннан бар пішім нұсқаларын қолдамайды;

- жаңа және бұрыннан бар диск пішімдері қайта өңделген, өзгертілген, жаңартылған,

жетілдірілген және/немесе толықтырылған болуы мүмкін;

- кейбір дискілер ойнату барысында арнайы немесе шектеулі әрекет яки мүмкіндікке жол

беретін етіп шығарылады.

- кейбір функциялар таңдау бойынша беріледі, кейбір функциялар Blu-ray пішіміне ойнатқыш

жасалғаннан кейін қосылған болуы мүмкін, сондай-ақ кейбір бар функциялардың пайдалану

мүмкіндігі кешіктіріліп берілуі мүмкін;

- BD-ROM, BD-RE/-R, DVD-VIDEO, DVD-RW/-R, DVD+RW/+ R және CD-RW/-R логотиптері

бар кейбір дискілер әлі стандартқа кірмеген дискілер болуы мүмкін;

- кейбір дискілер физикалық күйіне немесе жазу жағдайларына байланысты ойнатылмауы

мүмкін;

- Blu-ray дискілері мен DVD бағдарламалық құралы жасалған кезде және/немесе дискілер

өндірілген уақытта ақаулықтар мен қателер туындауы мүмкін;

- осы ойнатқыш стандартты DVD ойнатқышпен немесе басқа AV жабдықпен салыстырғанда

өзгеше жұмыс істейді; және/немесе

- осы нұсқаулықта айтылған және SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығы анықтап,

жариялаған себеп(тер)ге байланысты.

• Егер диск үйлесімділігі немесе ойнатқыштың жұмыс істеуі бойынша туындаған мәселелерге

тап болсаңыз, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз. SAMSUNG

тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласып осы ойнатқыштың жаңартуларын алуға да

болады.

• Ойнатуға қойылатын шектеулер мен диск үйлесімділігі жөнінде қосымша ақпарат үшін осы

нұсқаулықтың «Ескертулер», «Пайдаланушы нұсқаулығын оқымас бұрын», «Диск түрлері мен

сипаттары», «Ойнатпас бұрын» бөлімдерін қараңыз.

Көшіруден қорғау

• CSS (Content Scramble System) жүйесі DVD пішіміндегі дискілерге қолданылып жүргендей,

AACS (Advanced Access Content System) жүйесі Blu-ray пішімдегі дискілердің мазмұнын қорғау

үшін мақұлданғандықтан, AACS жүйесімен қорғалған мазмұнның ойнатылуы, аналогтық

сигналдың шығысы, т.б. сияқты параметрлерге белгілі бір шектеулер қойылады.

Осы өнімнің жұмысы және оған қойылатын шектеулер сатып алу уақытына қарай әртүрлі болуы

мүмкін, себебі AACS жүйесі сол шектеулерді өнім өндірілгеннен кейін бейімдеген және/немесе

өзгерткен болуы мүмкін. Онымен қоса, Blu-ray пішіміндегі дискілер үшін BD-ROM Mark және

BD+ мазмұнды қорғаудың қосымша жүйесі ретінде қолданылады, сондықтан BD-ROM Mark

және / немесе BD+ қорғанысы орнатылған мазмұнына ойнату шектеулері сияқты белгілі бір

шектеулер орнатылады. AACS, BD-ROM Mark, BD+ немесе осы өнім туралы қосымша ақпарат

алу үшін, SAMSUNG тұтынушыны қолдау орталығына хабарласыңыз.

• Blu-ray/DVD дискілерінің көбі көшіруден қорғалған. Осыған байланысты ойнатқышты

бейнетаспа ойнатқышы арқылы емес, тікелей теледидарға қосу қажет. Бейнетаспа

ойнатқышына жалғау көшіруден қорғалған Blu-ray/DVD дискілерінің дірілдеген бейне

көрсетуіне әкеледі.

• Бұл өнім АҚШ патенттерімен және Rovi корпорациясының басқа да зияткерлік меншік

құқықтарымен қорғалған көшіруден қорғау технологиясымен жабдықталған. Кері жобалауға

және бөлшектеуге тыйым салынады.

• АҚШ және басқа елдердің авторлық құқығы туралы заңына сәйкес заңсыз жүргізілген жазу,

қолдану, көрсету, тарату немесе теледидар бағдарламаларын, бейнетаспаларды, Blu-ray және

DVD дискілерін көру азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуға әкелуі мүмкін.

• Blu-ray диск ойнатқыштарының прогрессивті сканерлеу шығысы: ТҰТЫНУШЫЛАР

АЙҚЫНДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕЛЕДИДАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ОСЫ өніммен ТОЛЫҚ ҮЙЛЕСЕ

БЕРМЕЙТІНІН ЖӘНЕ ОСЫҒАН ОРАЙ БЕЙНЕНІҢ ЖАСАНДЫ БҰРМАЛАНУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН

ЕСКЕРГЕНІ ЖӨН. ПРОГРЕССИВТІ СКАНЕРЛЕУ БАРЫСЫНДА БЕЙНЕДЕ АҚАУЛЫҚТАР БОЛҒАН

ЖАҒДАЙДА, ПАЙДАЛАНУШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ «СТАНДАРТТЫ АЙҚЫНДЫҚ» ШЫҒЫСЫНА

АУЫСТЫРУ ҰСЫНЫЛАДЫ. ТЕЛЕДИДАРЫМЫЗДЫҢ ОСЫ өніммен ҮЙЛЕСІМДІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ

СҰРАҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА, БІЗДІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫМЫЗҒА

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

Желі қызметінің жауапкершілігінен бас тарту

Осы құрылғы арқылы пайдалануға болатын барлық мазмұндар мен қызметтер үшінші тараптардың

иелігінде және авторлық құқықпен, патенттермен, сауда белгілерімен және/немесе зияткерлік

меншік заңдарымен қорғалған. Осындай мазмұн мен қызметтер тек сіздің жеке, коммерциялық

емес қолданысыңызға арналған. Мазмұн мен қызметтерді мазмұн иесі немесе қызмет провайдері

рұқсат етпеген жолмен пайдалануыңыз мүмкін болмауы ықтимал. Жоғарыда аталмыш жағдайларды

шектеместен, тиісті мазмұн иесі немесе қызмет провайдері тікелей рұқсат еткен кездерден тыс,

осы құрылғы арқылы қамтамасыз етілетін мазмұнды немесе қызметтерді өзгерту, көшіру, қайта

басып шығару, жүктеу, жариялау, тасымалдау, аудару, сату, туынды жұмыстар жасау, пайдалану

немесе кез келген жолмен я кез келген тасушы арқылы тарату құқығыңыз жоқ.

ҮШІНШІ ТАРАП МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ «СОЛ ҚАЛПЫНДА» ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ. СОЛАЙ

ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН МАЗМҰНҒА НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ЕШБІР МАҚСАТТА SAMSUNG ТІКЕЛЕЙ

НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. SAMSUNG КЕЗ КЕЛГЕН ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ,

СОНЫҢ ІШІНДЕ БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕМЕСТЕН, САТУҒА НЕМЕСЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА

ЖАРАМДЫЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН ТІКЕЛЕЙ ТҮРДЕ БАС ТАРТАДЫ. SAMSUNG

КОМПАНИЯСЫ ҚҰРЫЛҒЫ АРҚЫЛЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ЕШБІР МАЗМҰННЫҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТІҢ

ДӘЛДІГІНЕ, ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА, УАҚЫТТЫЛЫЛЫҒЫНА, ЗАҢДЫЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА

КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ, СОНДАЙ-АҚ SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ

НЕМҚҰРАЙДЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, АРНАЙЫ НЕМЕСЕ

ТАБИҒИ ЗАҚЫМҒА, ЗАҢГЕР АҚЫСЫНА, ШЫҒЫНДАРҒА НЕМЕСЕ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАН Я

СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, СОНДАЙ-АҚ, ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДАРДЫҢ ТУУ ЫҚТИМАЛДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

ЕСКЕРТІЛГЕН БОЛСА ДА, СІЗДІҢ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ МАЗМҰНДЫ НЕМЕСЕ

ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЗАЛАЛДАРҒА ЖАУАПТЫ

(КЕЛІСІМ НЕМЕСЕ ДЕЛИКТ БОЙЫНША) БОЛМАЙДЫ.

Үшінші тарап қызметтерін кез келген уақытта жоюға немесе тоқтатуға болады, сондай-

ақ Samsung компаниясы ешбір мазмұнның немесе қызметтің кез келген уақыт аралығында

пайдалану мүмкіндігі туралы мәлімдеме жасамайды немесе кепілдік бермейді. Үшінші тараптар

мазмұн мен қызметтерді Samsung басқара алмайтын желілер және тасымалдау құралдары арқылы

тасымалдайды. Осы жауапкершіліктен бас тарту мәлімдемесінің жалпы мазмұнын шектеместен,

Samsung компаниясы құрылғы арқылы қамтамасыз етілген кез келген мазмұнның немесе

қызметтің кідіртілуіне немесе тоқтатылуына қатысты жауапкершіліктен бас тартады.

Samsung компаниясы мазмұнға және қызметтерге қатысты тұтынушы қызметіне жауапты да, кінәлі

де болмайды. Мазмұнға немесе қызметтерге қатысты кез келген мәселе немесе сұрау мазмұнның

және қызметтің тиісті провайдерлеріне тікелей жіберілуі тиіс.

Advertising