Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5100

Страница 69

Advertising
background image

17

Язык

Негізгі мәзір, диск мәзірі, т.б. үшін өзіңізге

керекті тілді таңдауға болады.

• Экранное меню: экран мәзірлерінің тілін

таңдайды.

• Меню диска: диск мәзірінің тілін

таңдайды.

• Дудио: дискідегі дыбыстың тілін

таңдайды.

• Субтитры: дискідегі субтитрлердің тілін

таңдайды.

ЕСКЕРТПЕ

▪ Таңдалған тіл дискіде оған қолдау бар болса ғана

көрсетіледі.

Безопасность

Бұл мәзірді алғаш рет пайдаланғанда кілтсөзді

орнату экраны көрсетіледі.

Санды түймелерді пайдаланып, қалаған 4

санды кілтсөзді енгізіңіз. (Әдепкі кілтсөз:

0000)

Родит. ограничения

Бұл функция мазмұнның жас шектеулері

бойынша деңгейін көрсететін жас рейтингі

немесе сандық рейтингі тағайындалған Blu-

ray/DVD дискілерімен біріге отырып жұмыс

істейді. Бұл сандар отбасыңыз көретін Blu-

ray/DVD дискілерінің түрлерін қадағалауға

көмектеседі.

Жоғары нөмір бағдарламаның тек ересек

адамдарға арналғанын білдіреді. Рейтинг

нөмірін таңдағанда, өнім ойнататын ең

жоғары рейтинг нөмірін таңдау керек.

Мысалы, 6-деңгей таңдалғанда, өнім 6

және одан төмен деңгейдегі дискілерді

ойнатады, 7 немесе 8 деңгейдегі дискілерді

ойнатпайды.

YouTube қызметін құлыптау

Құпиясөз енгізілгенше, YouTube қызметін

пайдалануды шектеңіз.

• Өшіру : YouTube қызметін құлыптауды

өшіріңіз.

• Қосу : YouTube қызметін құлыптауды

қосыңыз.

Изменить пароль

Қауіпсіздік функцияларына кіру үшін

пайдаланылатын 4 санды құпия сөзді

өзгертеді.

Құпия сөзді ұмытып қалған

жағдайда

1. Дискіні шығарыңыз.

2. Алдыңғы панельдегі ТОҚТАТУ ( )

түймесін 5 секунд немесе одан артық

басып тұрыңыз.

Параметрлердің барлығы зауыттық

параметрлерге қайтарылады.

ЕСКЕРТПЕ

▪ Зауыт параметрлері қалпына келтірілгенде,

пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері

жойылады.

Общее

Звук при ВКЛ/ВЫКЛ

Өнім қосылғанда және өшірілгенде әуен

ойнатады.

• Вкл. : Включение звука при включении

питания.

• Выкл. : Отключение звука при

выключении питания.

Поддержка

Обновление ПО

Бұл мәзір жұмысты жақсарту мен қосымша

қызметтер үшін бағдарламалық құралды

жетілдіруге мүмкіндік береді. Ағымдағы

бағдарламалық құралдың нұсқасын

тексеруге, интернет арқылы жетілдіруге

және Оповещ. об автообновлении

параметрін реттеуге болады.
1. Через Интернет параметрін таңдау

үшін ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

Жаңарту бар болса, қалқымалы хабар

пайда болып, жетілдірудің қажет екенін

сұрайды.

2. Иә таңдалса, өнім автоматты өшіп,

қайта қосылады және жетілдіруді

бастайды.

(Бұл жерде қолмен қосуға болмайды.)

3. Жаңарту үрдісі туралы қалқымалы

хабары шығады.

Жаңарту аяқталғанда өнім автоматты

түрде сөніп қалады.

4. POWER түймесі көмегімен өнімді

қосыңыз.

ЕСКЕРТПЕ

▪ Өнім қайта қосылғаннан кейін өшкенде

жаңарту аяқталады. POWER түймесі көмегімен

жаңартылған өнімді қосыңыз.

Жаңарту барысында өнімді қолмен өшіруге

немесе қосуға болмайды.

▪ Samsung Electronics корпорациясы

бағдарламаны жаңарту барысындағы тұрақсыз

интернет байланысы немесе пайдаланушы

немқұрайлығы нәтижесінде орын алған өнім

ақауларына жауап бермейді.

Бағдарламалық құралды төмендегі

екі әдіс арқылы да жаңартуға болады:

Бағдарламалық құралды жаңарту Через

Интернет мәзірі арқылы жасалғанға ұқсас

болады.
• USB : www.samsung.com/bluraysupport

веб-сайтына кіргеннен кейін

бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын

(RUF файлы) USB құрылғысына жүктеп

алып, сақтаңыз. Бағдарламалық құралды

жаңарту үшін USB құрылғысые өнімдегі

(диск тартпасы бос болу керек) USB

портына қосып, экрандағы нұсқауларды

орындаңыз.

• CD/DVD : www.samsung.com/

bluraysupport веб-сайтына кіріп,

бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын

(RUF файлы) дискіге жүктеп, жазып

алыңыз. Жаңартуды бастау үшін дискіні

өнімге салып, ойнатыңыз да, экрандағы

нұсқауларды орындаңыз.

ЕСКЕРТПЕ

▪ USB Host ұясы арқылы бағдарламалық құрал

жаңартулары жасалғанда, ішінде диск болмау

керек.

▪ Егер деректерді жүктеп алу барысында

жаңартудан бас тарту керек болса, ЕНГІЗУ

түймесін басыңыз.

▪ Жүйені жаңарту үрдісі аяқталғанда Обновление

ПО мәзірінен бағдарламалық құрал жайлы

ақпаратты тексеріп алыңыз.

▪ Обновление системы барысында өнімді сөндіруге

болмайды, себебі бұл өнім жұмысының

бұзылуына әкелуі мүмкін.

▪ USB басты ұясын пайдалану арқылы

бағдарламалық құралдарды жаңарту тек USB

жад құрылғысымен ғана орындалуы тиіс.

Обращение в Samsung

Өнімді пайдалану туралы көмек алу үшін

хабарласу ақпаратын беру керек.

Қызмет келісімінің шарттары

Үшінші тараптың мазмұндары мен

қызметтеріне байланысты жалпы əлімдемені

қараңыз.

Advertising