Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5100

Страница 75

Advertising
background image

23

АҚАУЛЫҚ

ШЕШІМІ

Кілтсөзді ұмыттым

• Дискті салмастан, ТОҚТАТУ ( ) түймесін (алдыңғы панельде) 5 секундтан

артық басып тұрыңыз. Барлық параметрлердің, оның ішінде кілтсөздердің,

зауыттық мәндері қалпына келеді.

Бұл параметрді аса қажетті жағдайда ғана қолданыңыз.

• Зауыттың әдепкі параметрлері қалпына келгенде, пайдаланушының

сақталған бүкіл BD деректері жойылады.

Басқа ақаулықтарға тап болғанда.

• Мазмұнға өтіп, пайдаланушы нұсқаулығының туындаған мәселені

түсіндіретін бөлімін тауып алып, процедураны қайта орындаңыз.

• Егер мәселе шешілмесе, ең жақын орналасқан Samsung өкілетті қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бейне дірілдейді немесе шуы бар

• Диск бетінің кірленбегенін немесе сызылмағанын тексеріңіз.

• Дискіні тазалаңыз.

HDMI шығыс сигналы жоқ

• Ойнатқыштың HDMI ұяшығы мен теледидар арасындағы байланысты

тексеріңіз.

• Теледидар 576p/480p, 720p, 1080i, 1080p HDMI кірісінің

ажыратымдылығын қолдайтынын тексеріңіз.

HDMI шығысының экраны қалыптан

тыс.

• Экранда кездейсоқ шулар пайда болса, теледидар HDCP (Кең жолақты

сандық мазмұнның қорғауы) қолдамайтынын көрсетеді.

BD-LIVE

BD-LIVE серверіне қосылу мүмкін

емес.

• Желі байланысының орнатылғанын немесе орнатылмағанын «Состояние сети»

мәзірі арқылы тексеріңіз.

• USB жад құрылғысының ойнатқышқа қосылып тұрғанын тексеріңіз.

• BD-LIVE қызметін орнату үшін, жад құрылғысында кемінде 1 ГБ бос орын болуы

керек service.

Бос орынды «Управл. BD-данными» ішінде тексеруге болады. (36-бетті қараңыз)

• «Интернет соединение BD-Live» мәзірі Рұқсат (барлығына) параметріне

орнатылғанын тексеріңіз.

• Жоғарылардың ешқайсысы көмектеспесе, мазмұн провайдеріне хабарласыңыз

немесе ойнатқыштың микробағдарламасын жаңартыңыз.

BD-LIVE қызметін пайдаланғанда қате

орын алады.

• BD-LIVE қызметін орнату үшін, жад құрылғысында кемінде 1 ГБ бос орын болуы

керек service.

Бос орынды «Управл. BD-данными» ішінде тексеруге болады. (36-бетті қараңыз)

ЕСКЕРТПЕ

▪ Зауыттың әдепкі параметрлері қалпына келтірілгенде, пайдаланушының сақталған бүкіл BD деректері жойылады.

Жөндеу жұмыстары

Ойнатқышты жөндету мақсатымен бізге хабарласу керек болса, төмендегі жағдайлардың

біреуі орын алғанда әкімшілік ақысы алынуы мүмкін. Бұлар:
1. сұрауыңыз бойынша үйіңізге техникалық маман келіп, өнімде ақаулық таппаса;

2. өнімді жөндеу орталығына әкелгеніңізде өнімде ақаулық табылмаса.
Үйіңізге келмес немесе ойнатқышпен кез келген жұмысты бастамас бұрын, әкімшілік

ақының мөлшерін береміз.

Ойнатқышты жөндетпес бұрын, осы нұсқаулықты мұқият оқуды, шешімді www.samsung.

com сайтынан іздеуді немесе Samsung тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына

хабарласуды ұсынамыз.

Техникалық сипаттар

Жалпы

Салмағы

1,5 кг

Өлшемдері

430 (ені) x 190 (қалыңдығы) x 41 (биіктігі) мм

Жұмыс температурасы

+5 пен +35 °C арасында

Жұмыс орнының ылғалдылығы

10-75 %

Диск

BD (Blu-ray дискісі)

Оқу жылдамдығы: 9,834 м/с.

DVD (сандық бейне дискісі)

Оқу жылдамдығы: 6,98 - 7,68 м/с.

Ойнатудың шамамен алғандағы ұзақтығы (бір

жақты, бір қабатты диск): 135 мин.

Ықшам диск: 12 cм (ЫҚШАМ ДИСК)

Оқу жылдамдығы: 4,8 - 5,6 м/с.

Ең ұзақ ойнату уақыты: 74 мин.

Ықшам диск: 8 cм (ЫҚШАМ ДИСК)

Оқу жылдамдығы: 4,8 - 5,6 м/с.
Ең ұзақ ойнату уақыты: 20 мин.

Бейненің шығыс

сигналы

Композиттік бейне сигналы

1 арна: 1,0 Vp-p (75 Ω жүктеме)

Blu-ray/DVD дискілері: 576i/480i

Бейне/дыбыс

HDMI

1080p, 1080i, 720p, 576p/480p

PCM көп арналы дыбыс, бит ағынының дыбысы

Дыбыстың шығыс

сигналы

2 арна

L(1/L), R(2/R)

Сандық дыбыстың шығыс

сигналы

Коаксиалды

- Өнімнің түрі мен техникалық сипаттары алдын ала ескертусіз өзгеруге жатады.
- Қуат және оны тұтыну туралы ақпарат алу үшін өнімдегі жапсырманы қараңыз.
- Салмағы мен өлшемдері шамалап алынған.

Advertising