Кеңейтілген функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung LE40C750R2W

Страница 213

Advertising
background image

30

Қазақша

Кеңейтілген функциялары

Желіге сымсыз қосылу

¦

Желіге сымсыз қосылу үшін, сымсыз роутер немесе модем және теледидардың арт жағында немесе бүйір

панелінде орналасқан USB ұяшығына жалғанатын Samsung сымсыз LAN адаптері (WIS09ABGN, WIS09ABGN2,

WIS10ABGN) қажет. Төмендегі суретке қараңыз.

Samsung сымсыз LAN адаптері жеке сатылады және оны бөлшек сауда орталықтары не Электронды сауда

сайттарынан және Samsungparts.com торабы арқылы тапсыра аласыз. Samsung сымсыз LAN адаптері IEEE

802.11A/B/G және N тілқатысу протоколдарын қолдайды. Samsung компаниясы IEEE 802.11N протоколын

қолдануды ұсынады. Бейнефильмді IEEE 802.11B/G қосылымы арқылы көрген кезде, бейнефильм жақсы

көрсетілмеуі мүмкін.

ЕСКЕРІМ

Сымсыз желіні орнату үшін ‘Samsung Wireless LAN Adapter’ (WIS09ABGN) адаптерін қолдануыңыз қажет.

x

Samsung сымсыз LAN адаптері жеке сатылады. WIS09ABGN сымсыз LAN адаптері бөлшек сауда

x

орталықтарында сатылады, не Электронды сауда сайттарынан және Samsungparts.com торабы арқылы

тапсыра аласыз.
Сымсыз желіні қолдану үшін теледидарыңыз сымсыз IP ортақтастырғышына қосылып тұруға тиіс. Егер

x

сымсыз IP ортақтастырғышы DHCP-ды қолдаса, теледидарыңыз желіге сымсыз қосылу үшін DHCP

немесе тұрақты IP мекенжайын қолдана алады.
Сымсыз IP ортақтастырғышы үшін қолданылмай тұрған арнаның бірін таңдаңыз. Сымсыз IP

x

ортақтастырғышы үшін таңдалған арнаны, жақын орналасқан басқа құрылғылардың бірі қолданып тұрса,

нәтижесінде бөгеуіл пайда болып, қосылым жүзеге аспауы мүмкін.
Төменде келтірілген қауіпсіздік жүйелерінен басқа қауіпсіздік жүйесін қолдансаңыз, онда ол теледидарда

x

жұмыс істемейді.
Егер кіру протоколы үшін "Pure High-throughput (Greenfield) 802.11n" режимі таңдалып, "Encryption type"

x

параметрі "WEP, TKIP" немесе "TKIP-AES (WPS2Mixed)" қалпына қойылса, Samsung теледидары жаңа

Wi-Fi сертификаттау стандартына сай келетін қосылымға қолдау көрсетпейді.
Егер AP, WPS (Wi-Fi Protected Setup) жүйесін қолдаса, желіге PBC (Push Button Configuration) немесе PIN

x

(Personal Indentification Number) арқылы қосылуыңызға болады. WPS автоматты түрде SSID мен WPA

кілтін, режимдердің бірінде конфигурациялайды.
Егер роутер, модем немесе құрылғыңыз сертификатталмаған болса, теледидарға “Samsung Wireless LAN

x

Adapter” арқылы қосылмауы мүмкін.
Қосылым тәсілдері

x

: Сымсыз қосылымды алты түрлі тәсілмен жүзеге асыруыңызға болады.

Samsung автоматты түрде конфигурациялау тәсілі

PBC (WPS)

Параметрлерді автоматты түрде орнату ("Auto Network Search" функциясын қолданып)

Параметрлерді қолдан орнату

SWL (Samsung Wireless Link)

Ad-Hoc


Барлық Samsung сымсыз LAN адаптері теледидардың USB ұяшығына тура жалғануы керек. USB HUB

x

құралына қолдау көрсетілмейді.

Қабырғадағы

LAN ұяшығы

LAN сымы

Сымсыз IP ортақтастырғышы

(DHCP сервері арқылы

қосылатын кіру протоколы)

SWL(Samsung сымсыз байланысы)

функциясын қолдану үшін, USB 1 (HDD) ұяшығын қолданыңыз.

Samsung сымсыз

LAN адаптері

Теледидардың бүйір панелі

немесе

BN68-02808C-Kaz.indb 30

2010-5-18 21:11:12

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: