Негізгі функциялары – Инструкция по эксплуатации Samsung LE40C750R2W

Страница 201

Advertising
background image

18

Қазақша

Негізгі функциялары

Digital Noise Filter (Off / Low / Medium / High / Auto /

Auto Visualisation): Таратылым сигналы әлсіз болса,

қимылсыз және қосарлы суреттер пайда болуы мүмкін.

Параметрлердің бірін сурет жақсы көрсетілгенше таңдаңыз.

Auto Visualisation: Аналогты арналарды ауыстырған

кезде сигнал қарқынын бейнелейді.

Тек аналогтық арналарда ғана жұмыс жасайды.

Жасыл жолақ көрінсе, сигнал қабылдау қарқыны

ең жақсы күйде тұрғандығын білдіреді.

MPEG Noise Filter (Off / Low / Medium / High / Auto)

:

Суреттің сапасын арттыру үшін MPEG шуылын азайтады.

ДК режимінде жұмыс жасамайды.

HDMI Black Level (Normal / Low)

: Бейнебеттің

тереңдігін қалыпқа келтіру үшін бейнебеттегі қара

деңгейді таңдайды.

Тек HDMI режимінде (RGB сигналдары) жұмыс жасайды.

Film Mode (Off / Auto1 / Auto2)

: Теледидарды барлық

көздерден келетін фильм сигналдарын автоматты

түрде "сезу" және өңдеумен қатар, суретін де барынша

сапалы көрсете алатындай етіп баптайды.

Теледидар, аудио - видео, COMPONENT (480i / 1080i)

және HDMI (480i / 1080i) режимдерінде жұмыс істейді.

Motion Plus (Off / Clear / Standard / Smooth / Custom

/ Demo) : Көп қозғалысты бейнелейтін жылдам

көріністер көрсетілгенде, суретті айқынырақ көрсету

үшін жолақтарды жояды.

Егер

Motion Plus режимін таңдасаңыз,

бейнебетте шуыл пайда болуы мүмкін. Бұндай

жағдай орын алса,

Motion Plus режимін Off

қалпына қойыңыз.

Blur Reduction: Видео сигнал көздерінен келетін

бұлдырды азайту деңгейін баптайды.
Judder Reduction: Фильм көрсетіліп тұрғанда, видео

сигналдар көзінен келетін дірілді азайту деңгейін баптайды.

Reset: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіреді.
Auto Protection Time (2 hours/4 hours/8 hours/10

hours/ Off): Бейнебетте бір сурет көрсетілген қалпы

тұра берсе, Auto Screen Burn Protector іске қосылады.

¦

Теледидарды 3D функциясы арқылы қарау

3D СУРЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ.

Теледидардың 3D функциясын қолданар алдында,

төмендегі сақтық шаралары туралы ақпаратты

оқып, түсіну қажет.
[ ЕСКЕРТУ

3D теледидарды қарағанда кей адамдардың

x

бастары айналуы, жүректері шайлығуы

және бастары ауыруы мүмкін. Бұндай

симптомдардың кез келгенін байқасаңыз, 3D

теледидарды қарауды тоқтатып, 3D Active

көзілдірігін шешіңіз де демалыңыз.

3D суреттерді ұзақ уақыт қарағанда көзіңіз тартуы

x

мүмкін. Көзіңіз тартса 3D теледидарды қарауды

тоқтатыңыз да, 3D көзілдірігін шешіп демалыңыз.

3D функциясын қолданып отырған балаларды

x

үлкендер жиі қадағалап отыруы керек. Бала

көзім шаршады, басым ауырды, басым айналып

тұр не жүрегім айнып тұр деп шағымданса, 3D

теледидарды көруді тоқтатып демалуы керек.

3D Active көзілдірігін ешбір басқа мақсатта

x

қолданбаңыз (күннен қорғайтын көзілдірік, жай

көзілдірік, қауіпсіздік көзілдірігі т.с.с.)

3D функциясын не 3D Active көзілдірігін жүріп

x

немесе қозғалып жүргенде қолданбаңыз. 3D

функциясын немесе 3D Active көзілдірігін жүріп

бара жатқанда қолдансаңыз, заттарға соғылып,

басып кетіп, және/не құлап жарақаттанып

қалуыңыз мүмкін.

3D

Бұл жаңа әрі тамаша функция, 3D

мазмұнды көруге мүмкіндік береді.

Бұл функцияның шынайы мүмкіндігін

бағалау үшін, 3D бейнефильмін көруге

арналған Samsung 3D Active көзілдірігін

(SSG-2100AB, SSG-2200AR, SSG-

2200KR) сатып алуыңыз керек.

Samsung 3D Active көзілдірігі жеке сатылады.

Көзілдірікті сатып алу туралы толығырақ ақпарат алу

үшін, осы теледидарды сатып алған бөлшек сауда

орталығына хабарласыңыз.

3D эмиттер

Эмиттер мен 3D Active көзілдірігі арасында

кедергі тұрса, шынайы 3D әсерін сезіне

алмауыңыз мүмкін.

3D Mode: 3D сигнал түрін таңдаңыз.

3D әсерін толық сезінгіңіз келсе, алдымен

3D Active көзілдірігін киіп, содан кейін ең

тамаша 3D қарау мүмкіндігін ұсынатын

төмендегі тізімнен

3D режимін таңдаңыз.

3D бейнені қарау үшін 3D Active көзілдірігін

іске қосыңыз.

3D режимі

Іске қосу

Off

3D функциясын ажыратады.

2D 3D

2D бейнені 3D режиміне

ауыстырады.

Қатарластыру Екі бейнені қатарластыра

қойып көрсетеді.

Жоғары және

төмен

Бір бейненің үстіне екіншісін

қойып көрсетеді.

Сызық

бойымен

көрсету

Бейнелерді сол және оң жақ

көзге көрінетіндей етіп, бір

сызық бойымен көрсетеді.

Тік баған

Бейнелерді сол және оң

жақ көзге көрінетіндей етіп,

бағандарға тізіп көрсетеді.

Шахмат

тақтасы

Бейнелерді сол және оң

жақ көзге көрінетіндей етіп,

пикселдер бойынша көрсетеді.

Жиілік

Бейнелерді сол және оң жақ көзге

көрінетіндей етіп, жақтаушалармен

көмкеріп көрсетеді.

BN68-02808C-Kaz.indb 18

2010-5-18 21:11:02

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: