Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung RH60H90203L
Страница 93
Қазақша - 45
TROUBLESHOOTING
Ақаулықты түзету
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Тоңазытқыш
мүлдем жұмыс
істемейді немесе
жеткілікті түрде
суытпайды.
• Ашаның розеткаға дұрыс сұғылғанын тексеріңіз.
• Панельдегі температура тетігі дұрыс температураға қойылды ма?
Төменірек температураға қойып көріңіз.
• Тоңазытқыш күннің сəулесі тура түсетін жерге немесе қызу көзіне
тым жақын қойылған жоқ па?
• Тоңазытқыштың артқы жағы қабырғаға тым жақын қойылып, ауа
айналуға кедергі келтіріп тұрған жоқ па?
Тоңазытқыштағы
тағам мұздап
қалған.
• Панельдегі температура тетігі дұрыс температураға қойылды ма?
Жылырақ температураға қойып көріңіз.
• Бөлме температурасы тым төмен емес пе?
• Тоңазытқыштың ең суық бөлігіне, құрамында суы көп тағамды қойған
жоқсыз ба?
Тосын шуыл
немесе дыбыс
естіледі.
• Тоңазытқыштың деңгейін, орнықты тұрғанын тексеріңіз.
• Тоңазытқыштың артқы жағы қабырғаға тым жақын қойылып, ауа
айналуға кедергі келтіріп тұрған жоқ па?
• Тоңазытқыштың артына немесе астына бір нəрсе түсіп кеткен жоқ
па?
• Тоңазытқыштың ішінен “сырт-сырт” еткен дыбыс шығады, бұл
қалыпты жағдай.
Бұл тоңазытқыштың ішіндегі температураның өзгеруіне байланысты,
оның əр түрлі керек-жарақтары тартылып немесе үлкейіп жатқанда
естіледі.
Құрылғының
алдыңғы
бұрыштары
ыстық жəне
конденсат пайда
болады.
• Конденсаттың алдын алу үшін, тоңазытқыштың алдыңғы
бұрыштарына конденсатқа қарсы құралдар орнатылғандықтан
бұрыштардың сəл ысып тұруы қалыпты жағдай.
• Тоңазытқыштың есігі ашық па?
Есікті ұзақ уақыт ашық қалдырған кезде конденсат пайда болады.
• Көкөніс сақтаған кезде тартпада су конденсаты пайда болуы мүмкін.
Конденсат уақыт өте келе өздігінен жойылып кетеді.
Мұз шықпай
жатыр.
• Мұз жасау алдында, су құятын түтікті орнатқаннан кейін 12 сағат
күттіңіз бе?
• Су құятын түтік қосылып, жабу клапаны ашылды ма?
• Мұз жасау функциясын қолмен тоқтаттыңыз ба?
Мұз функциясының Мұз текшесі немесе Мұз қиыршықтары режиміне
қойылғанына көз жеткізіңіз.
• Мұз жасағыштың сауытында жабысқан мұз қиыршықтары бар ма?
Оларды алыңыз.
• Мұздатқыштың температурасы өте жылы ма? Мұздатқыштың
температурасын төмендетіп көріңіз.
Тоңазытқыштан
судың
көпіршіктенуі
естіледі.
• Бұл қалыпты жағдай.
Тоңазытқыш сұйық тоңазытқыштың ішінде айналатындықтан,
көпіршіктенген тəрізді шуыл естіледі.
DA68-03015J-03.indb 45
DA68-03015J-03.indb 45
2014. 8. 12.
4:46
2014. 8. 12.
4:46