Пайдаланушы жазған мазмұны бар дискіні ойнату, Allshare желілік функциясын пайдалану, Allshare бағдарламалық құралын жүктеу үшін – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F6550W

Страница 91

Advertising
background image

Қазақша

31

|

05

Мультимедианы Ойнату

4.

Фотосурет-р, Бейнелер, Музыка немесе
Барлық мазмұн тармағын таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Мазмұн қалай реттелгеніне
байланысты, қалталарды, жекелеген файлдарды
немесе екеуін де көресіз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Өнім бүкіл мазмұн түрлері үшін қалталарды
көрсеткенімен, ол тек 4-қадамда таңдалған мазмұн
түріне жататын файлдарды көрсетеді. Мысалы,
музыканы таңдасаңыз, тек музыка файлдарын көре
аласыз. Бұл таңдауды Фот-тер, бейнелер және
музыка экранына оралып, 4-қадамды қайталау
арқылы өзгертуге болады.

5.

◄► түймелерін пайдаланып қажет құрылғыны
таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

6.

Қажет болса, ▲▼◄► түймелерін пайдаланып
қалтаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

7.

Қалтадан шығу үшін RETURN түймесін басыңыз
немесе басты экранға оралу үшін Шығу түймесін
басыңыз.

8.

USB құрылғысындағы бейнелерді, музыканы
және суреттерді ойнату жолын түсіндіретін
нұсқауларды алу үшін 32-40 беттерге өтіңіз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

USB құрылғысын немесе телефонды ойнатып
жатқанда дискіні салсаңыз, құрылғы режимі «Disc»
(Диск) деп автоматты түрде өзгереді.

\

Егер ұялы телефон DLNA үйлесімді болса, мазмұнды
USB кабелін жалғаусыз қосуға болады. 31-беттегі
«AllShare желілік функциясын пайдалану» бөлімін
қараңыз.

Пайдаланушы жазған мазмұны
бар дискіні ойнату

Blu-ray, DVD немесе CD дискілеріне жазған
мультимедиалық файлдарды ойната аласыз.

1.

Диск тартпасына пайдаланушы жазған дискіні
суретін жоғары қаратып салыңыз да, тартпаны
жабыңыз. Құрылғы қосылды қалқымалы терезесі
пайда болады.

2.

фотосуреттер, Бейнелер немесе музыка сияқты
қарау немесе ойнату керек мазмұн түрін таңдау
үшін, ▲▼ түймелерін пайдаланыңыз, одан кейін
E түймесін басыңыз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Өнім барлық мазмұн түрлері үшін қалталарды
көрсететін болса да, ол 2–қадамда таңдалған
мазмұн түрінің файлдарын ғана көрсетеді Мысалы,
музыканы таңдасаңыз, тек музыка файлдарын ғана
көре аласыз. Бұл таңдауды басты экранға оралып,
2-қадамды қайталау арқылы өзгертуге болады.

3.

Дискінің мазмұны тізілген экран пайда болады.
Мазмұн қалай реттелгеніне байланысты,
қалталарды, жекелеген файлдарды немесе екеуін
де көресіз.

4.

Қажет болса, ▲▼◄► түймелерін пайдаланып
қалтаны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

5.

▲▼◄► түймелерін пайдаланып, көретін немесе
ойнататын файлды таңдаңыз да, E түймесін
басыңыз.

6.

Ағымдағы экраннан шығу, қалтадан шығу немесе
басты экранға оралу үшін RETURN түймесін бір
немесе бірнеше рет басыңыз.
Басты экранға тікелей оралу үшін Шығу түймесін
басыңыз.

7.

Дискідегі бейнелерді, музыканы және суреттерді
ойнату жолын түсіндіретін нұсқауларды алу үшін
32-40 беттерге өтіңіз.

AllShare желілік функциясын
пайдалану

AllShare компьютерде немесе DLNA үйлесімді
құрылғыда орналасқан фотосуреттерді, бейнелерді
немесе музыка файлдарын сымсыз желі қосылымын
пайдаланып өнім арқылы ойнатуға мүмкіндік береді.

AllShare бағдарламалық құралын
жүктеу үшін

AllShare функциясы компьютерлерде және DLNA-
қосылған құралдардағы медиа файлдарды оңай
алып, тамашалауға мүмкіндік береді. Дегенмен,
компьютерлерге AllShare PC функциясы орнатылуға
және ұялы құрылғылар AllShare функциясына қолдау
көрсетуге тиіс. Қосымша ақпаратты Samsung мазмұн
қызмет порталынан қараңыз (http://link.samsung.com).

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Үшінші тараптың DLNA серверінен медиа
файлдарды ойнатуға әрекет жасаған кезде,
үйлесімділік мәселесі байқалуы мүмкін.

HT-F6550W-RU_KAZ_0529.indd 31

HT-F6550W-RU_KAZ_0529.indd 31

2013-05-30 오전 10:26:08

2013-05-30 오전 10:26:08

Advertising