Бағдарламаларды жүктеу, Бағдарламаны іске қосу, Барлық жүк-дер экранын пайдалану – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F6550W

Страница 105: Бағдарламаларды сұрыптау

Advertising
background image

Қазақша

45

|

06

Желі Қызметтері

Бағдарламаларды жүктеу

Ақылы немесе тегін бағдарламаларды Samsung Apps
арқылы жүктеуге болады.

1.

Бағдарламалар экранында Samsung Apps
санатын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.
Samsung Apps экраны пайда болады.

2.

Экранның жоғарғы жағында, Жаңалықтар астында
жаңа бағдарламалар қатарын көресіз. ◄►
түймелерін пайдаланып тізімде оңға немесе солға
жылжыңыз да, бағдарламаны таңдаңыз. Бағдарлама
туралы қосымша ақпаратты көру үшін E
түймесін басыңыз. Бағдарлама тегін болса, Жүктеу
параметрін таңдаңыз да, E түймесін басып
бағдарламаны жүктеңіз. Егер бұл ақылы бағдарлама
болса, С-алу параметрін таңдап, E түймесін
басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Бағдарламаны сатып алу үшін Samsung есептік
жазбасына қосылған болуыңыз және несиелік карта
есептік жазбада тіркелген болуы керек. Кіру үшін
қашықтан басқару құралында ҚЫЗЫЛ (A) түймені
басыңыз.

\

Картаны тіркемеген болсаңыз, кіргеннен кейін
ҚЫЗЫЛ (A) түймені қайтадан басыңыз да, пайда
болған қалқымалы терезеде Есептік жазба туралы
ақпаратты өзгерту параметрін таңдаңыз. Есептік
жазба туралы ақпаратты өзгерту бетінде Картаны
тіркеу параметрін таңдаңыз да, E түймесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

\

Сондай-ақ, сол жақта тізілген санаттардан
бағдарламаларды ашуға және жүктеуге болады.
Нұсқауларды 4-қадамнан қараңыз.

3.

Бағдарлама жүктелгеннен кейін бағдарламаны
қазір іске қосу үшін Іске қосу параметрін
таңдаңыз да, E түймесін басыңыз. Бағдарламаны
кейінірек іске қосу үшін RETURN түймесін
басыңыз. Кез келген жағдайда бағдарламаның
белгішесі Бағдарламалар экранында пайда
болады.

4.

Қосымша бағдарламаларды көру үшін ▲▼◄►
түймелерін пайдаланып экранның сол жағындағы
санаттар тізіміне жылжыңыз.

5.

▲▼ түймелерін пайдаланып санатты таңдаңыз.
Бөлектеуді басқа санатқа жылжытқан сайын, оң
жақта бағдарламалардың басқа жиыны пайда
болады.

6.

Бағдарламаларға жылжу үшін ► түймесін және
бағдарламадан бағдарламаға жылжу үшін ▲▼◄►
түймелерін пайдаланыңыз.

7.

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты көру үшін
оны таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

8.

Бағдарламаны жүктеу үшін 2 және 3-қадамдардағы
нұсқауларды орындаңыз.

Бағдарламаны іске қосу

1.

Басты экранда Қолданбалар параметрін
таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

2.

Бағдарламалар экранында ▲▼◄► түймелерін
пайдаланып бағдарламаны таңдаңыз да, E
түймесін басыңыз. Бағдарлама іске қосылады.

Барлық жүк-дер экранын пайдалану

Қос-ша ...

WebBrowser

WebBrowser

Санат : XXXXX | Нұсқа : X.XXX | Өлшем : XX.XKB

Samsung Apps

Көру : Жүктелген күн

Параметр.

1 /23

Сақтау құралы

109.48 MB / 629.43 MB

Барлық жүк-дер экранында сіз жүктеген бүкіл
бағдарламалар тізімі беріледі және сізге мыналарды
орындауға мүмкіндік береді:

• Барлық жүк-дер экранындағы бағдарламаларды

Жүктелген күн, Жақында ашылғандар және
Атауы бойынша сұрыптау.

• Бағдарламалар экранының Бағдарламаларым

бөлімінде тізілген бағдарламаларға бірқатар
Параметр. мәзірі функцияларын қолдану, соның
ішінде, бағдарламаларды жаңарту, бағдарламаларды
қалтаға жылжыту, бағдарламаларды
Бағдарламаларым бөлімінен жою және
бағдарламаларды құлыптау.

• Бағдарламаларды іске қосу.

Бағдарламаларды сұрыптау

Барлық жүктелген экранындағы бағдарламаларды
сұрыптау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.

Басты экранда Қолданбалар тармағын таңдаңыз
да, E түймесін басыңыз.

2.

Бағдарламалар экранында ▼ түймесін пайдаланып
беттің төменгі жағындағы Жүктелген хотспотына
жылжыңыз да, E түймесін басыңыз.

3.

Барлық жүк-дер экранында ▲► түймелерін
пайдаланып экранның жоғарғы жағындағы Көрін
тармағына жылжыңыз да, E түймесін басыңыз.

4.

Пайда болған ашылмалы тізімде Жүктелген
күн, Жақында ашылғандар немесе Атауы
параметрін таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.
Барлық жүк-дер экранындағы бағдарламалар сіз
таңдалған шарттар бойынша сұрыпталады.

HT-F6550W-RU_KAZ_0529.indd 45

HT-F6550W-RU_KAZ_0529.indd 45

2013-05-30 오전 10:26:32

2013-05-30 오전 10:26:32

Advertising