Параметрлер – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F6550W

Страница 82

Advertising
background image

|

22

Қазақша

Параметрлер

HDMI қою

түсі

Өнімді бейнені HDMI OUT ұясынан
қанық түспен шығаратын етіп
орнатуға мүмкіндік береді. Қанық
түс мүмкіндігі түс қанықтығын
арттырып, түстерді дәлірек
көрсетуге мүмкіндік береді.

Прогрессивті

режим

DVD дискілерін ойнатқанда, кескін
сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аудио

Жай

динамикті

орнату

Ең жақсы ықтимал қоршаған
дыбысқа қол жеткізу үшін қосылған
үндеткіштердің параметрлерін
теңшеуге мүмкіндік береді.

 Қалыпты режим: ұсынылған

үндеткіш орналасуына үндеткіштерді
көлемдік үндеткіштермен тыңдау
орындарының жанына немесе
артына орнатқан болсаңыз таңдаңыз.

 Жай режим: көлемдік үндеткіштерді

тыңдау позициясының алдына
қойған болсаңыз таңдаңыз.
Алдыңғы дыбысты көлемдік дыбыс
үндеткіштеріне төмен араластырады.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

DPLII, SFE, Virtual 7.1
қарапайым режимі қосулы
кезде жұмыс істемейді.

Динамик

параметрлері

Келесі үндеткіш параметрлерін
реттеуге және үндеткіштерді
тексере алу үшін үнді қосуға және
өшіруге мүмкіндік береді.

 Деңгей: әрбір үндеткіштің

қатысты дыбыс шуын 6 дб-ден -6
дб-ге реттеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, терең бассты ұнатсаңыз,
сабвуфердің дыбыс шуын 6 дб-ге
көтере аласыз.

 Ара қашықт.: әрбір үндеткіштің

қатысты қашықтығын тыңдау
орнынан 9 метрге дейін реттеуге
мүмкіндік береді. Қашықтық алыс
болған сайын, үндеткіш дыбысы
қаттырақ болады.

 Сынақ үн: реттеулерді тексере

алу үшін Сынақ үн функциясын
іске қосуға мүмкіндік береді.
Сынақ үн функциясын Қосулы
күйге орнату Сынақ үн
функциясын қосады. Оны Өшірулі
күйге қою оны өшіреді.

Эквалайзер

Теңестіргіш параметрлерін қолмен
теңшеуге мүмкіндік береді.

Интеллект-қ

дыбыс

Көрсетілім өзгерісі орын алғанда
немесе арна ауыстырылғанда
дыбыс деңгейі тұрақты болып
қалатындай етіп өнімді орнатуға
мүмкіндік береді.

Динамик

таңдау

Іске қосылатын динамиктерді,
теледидар динамиктерін немесе
үй кинотеатрының динамиктерін
таңдауға мүмкіндік береді.

Дыбыстық

кері арна

Дыбысты теледидардан үй
кинотеатрының динамиктеріне
бағыттауға мүмкіндік береді.
HDMI қосылымын және Дыбысты
қайтару арнасына(ARC) үйлесімді
теледидарды талап етеді.

• Дыбыстық кері арна қосулы

күйге орнатылса және өнімді
теледидарға қосу үшін HDMI
кабелін пайдалансаңыз, сандық
оптикалық кіріс жұмыс істемейді.

• Дыбыстық кері арна автоматты

күйге орнатылса және өнімді
теледидарға қосу үшін HDMI
кабелін пайдалансаңыз, ARC
немесе сандық оптикалық кіріс
автоматты түрде таңдалады.

Цифрлық

шығыс

Өнімге жалғанған AV-ресивер
мүмкіндіктеріне сәйкес келетін
Сандық шығысты орнатуға мүмкіндік
береді. Қосымша мәліметтерді сандық
шығыс сигналын таңдау кестесінен
көруге болады. (54-бетті қараңыз)

Динамикалық

диапазонды

бақылау

Динамикалық диапазонды басқару
мүмкіндігін Dolby Digital, Dolby Digital
Plus және Dolby TrueHD дыбысына
қолдануға мүмкіндік береді.

 Авто: Dolby TrueHD дыбысының

динамикалық ауқымын Dolby
TrueHD дыбыс жолындағы
ақпарат негізінде автоматты түрде
басқарады. Сондай-ақ, Dolby
Digital және Dolby Digital Plus үшін
динамикалық ауқымды басқару
элементін өшіреді.

 Өшіру: Динамикалық диапазонды

қыспай, бастапқы дыбысты естуге
мүмкіндік береді.

 Қосу: Барлық үш Dolby пішімі үшін

динамикалық диапазон басқаруын
қосады. Әлсіз дыбыстар күшейтіледі
және қатты дыбыстардың деңгейі
төмендетіледі.

Төмендету

режимі

Стерео жүйемен үйлесімді бірнеше
арналы араластыру әдісін таңдауға
мүмкіндік береді. Өнімнің қалыпты
дыбысқа төмен араластыруын
немесе үйлесімді стереоны
қоршауын таңдай аласыз.

HT-F6550W-RU_KAZ_0529.indd 22

HT-F6550W-RU_KAZ_0529.indd 22

2013-05-30 오전 10:25:58

2013-05-30 오전 10:25:58

Advertising