Параметрлер, Қазір жаңарту, Автоматты жаңарту – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F5530K

Страница 87: Usb арқылы жаңарту

Advertising
background image

|

28

Қазақша

Параметрлер

Қазір жаңарту

Қазір жаңарту тармағын пайдаланып бағдарламалық
құралды желілік қосылым арқылы немесе USB флеш-
дискісін пайдалана отырып жаңартуға болады. Желі
туралы нұсқаулар төменде берілген. USB флеш-дискісі
туралы нұсқаулар осы бетте берілген.

1. Қазір

жаңарту тармағын таңдаңыз да, E

түймесін басыңыз. Қазір жаңарту қалқымалы
терезесі пайда болады.

2.

Өнім желіде бағдарламалық құралдың ең соңғы
нұсқасын іздейді.

3.

Егер ол жаңартуды таппаса, «Сіз үшін әзірше
жаңартулар жоқ.» қалқымалы терезесі пайда
болады. Шығу үшін E түймесін басыңыз.

4.

Егер ол жаңа нұсқасын тапса, Жаңартуды сұрау
қалқымалы терезесі пайда болады.

5. ОК параметрін таңдаңыз. Өнім бағдарламалық

құралды жаңартады, өшеді, содан кейін автоматты
түрде қосылады.

6.

Егер бір минут ішінде ОК немесе Болдырмау
параметрін таңдамасаңыз, өнім жаңа жаңарту
бағдарламалық құралын сақтайды. Бағдарламалық
құралды кейінірек Автоматты түрде жаңарту
функциясын пайдаланып жаңартуға болады.

7.

Егер Болдырмау параметрін таңдасаңыз, өнім
жаңартудан бас тартады.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Жүйені жаңарту аяқталғанда, Samsung
компаниясына хабарласу экранында Өнім туралы
ақпарат бөліміндегі бағдарламалық құрал туралы
мәліметтерді тексеріңіз.

\

Бағдарламалық құралды жаңарту кезінде өнімді
өшірмеңіз. Бұл өнімнің жұмысын бұзуы мүмкін.

Автоматты жаңарту

Автоматты түрде жаңарту функциясын өнім Автоматты
түрде жаңарту режимінде болғанда жаңа жаңарту
бағдарламалық құралын жүктейтіндей етіп реттеуге
болады.
Автоматты түрде жаңарту режимінде өнім өшірулі
болады, бірақ интернет қосылымы белсенді болады.
Бұл өнімді пайдаланып жатпағанда өнімге жаңарту
бағдарламалық құралын автоматты түрде жүктеуге
мүмкіндік береді.

1.

▲▼ түймелерін басып, Автоматты жаңарту
функциясын таңдаңыз да, E түймесін басыңыз.

2. Қосу

немесе Сөндіру күйін таңдаңыз.

Егер Қосу күйін таңдасаңыз, қуат өшірулі кезде
Автоматты түрде жаңарту режимінде болғанда
өнім жаңа жаңарту бағдарламалық құралын
автоматты түрде жүктейді. Егер өнім жаңа жаңарту
бағдарламалық құралын жүктесе, өнімді қосқан
кезде оны орнату керек пе, соны сұрайды.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Автоматты түрде жаңарту функциясын пайдалану
үшін өнім интернетке қосылған болуы керек.

USB арқылы жаңарту

1.

www.samsung.com торабына кіріңіз.

2.

Беттің жоғарғы оң жағындағы SUPPORT түймесін
басыңыз.

3.

Өнімнің үлгі нөмірін іздеу өрісіне енгізіңіз. Үлгі
нөмірін енгізіп жатқанда ашылмалы тізім сол үлгі
нөміріне сәйкес өнімдерді көрсетеді.

4.

Ашылмалы тізімде өнімнің үлгі нөмірін тінтуірдің
сол жақ түймешігімен басыңыз.

5.

Пайда болған бетте төмен жылжыңыз да,
Firmware Manuals & Downloads тармағын
таңдаңыз.

6.

Беттің ортасында Firmware түймесін басыңыз.

7.

Беттің оң жағындағы Файл бағанында ZIP түймесін
басыңыз.

8.

Пайда болған бірінші қалқымалы терезеде Send
параметрін таңдаңыз. Микробағдарлама файлын
жүктеу және компьютерге сақтау үшін екінші
қалқымалы терезеде OK түймесін басыңыз.

9.

Zip мұрағатын компьютерде ашыңыз. Атауы zip-
файлмен бірдей қалта пайда болу керек.

10. Қалтаны USB флэш-жадына көшіріңіз.

11. Өнімге диск салынбағанын тексеріңіз де, USB

флеш-дискісін өнімнің USB портына салыңыз.

12. Өнімнің мәзірінде Параметрлер > Қолдау >

Бағдарламалық қамт-ды жаңарту тармағын
ашыңыз.

13. Қазір

жаңарту

тармағын таңдаңыз.

14. Өнім бағдарламалық құралды USB дискісінде

іздейді. Ол бағдарламалық құралды тапқанда,
Жаңартуды сұрау қалқымалы терезесі пайда
болады.

15. ОК параметрін таңдаңыз. Өнім бағдарламалық

құралды жаңартады, өшеді, содан кейін автоматты
түрде қосылады.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Бағдарламалық құралды USB ұясын пайдаланып
жаңартқан кезде өнімде диск болмауы керек.

\

Жүйені жаңарту аяқталғанда, Samsung
компаниясына хабарласу экранындағы Өнім туралы
ақпарат бөліміндегі бағдарламалық құрал туралы
мәліметтерді тексеріңіз.

\

Бағдарламалық құралды жаңарту кезінде өнімді
өшірмеңіз. Бұл өнімнің жұмысын бұзуы мүмкін.

\

USB ұясын пайдаланып бағдарламалық құралды
жаңартуларды тек USB флеш-дискісінің көмегімен
орындау керек.

HT-F5530K_50K-RU_KAZ_0528.indd 28

HT-F5530K_50K-RU_KAZ_0528.indd 28

2013-05-28 오전 11:22:50

2013-05-28 오전 11:22:50

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: