Веб-браузер пайдалану, Бағ-ды жаңарту, Сілтемелерді шолу және меңзермен шолу – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-F5530K

Страница 106: Басқару тақтасы туралы қысқаша мәлімет

Advertising
background image

Қазақша

47

|

06

Желі Қызметтері

Бағ-ды жаңарту

Бағдарламаны соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет
болған кезде, Қолданбалар, содан кейін Қос-
ша бағ-лар функциясын таңдаңыз. Қос-ша бағ-
лар бейнебетінен Бағ-ды жаңарту параметрін
таңдап, содан кейін тізімнен бағдарламаны таңдаңыз.
Бағдарлама соңғы нұсқаға дейін жаңара бастайды.
Дегенмен, бейнебетте Бағ-ды жаңарту бағдарламаны
жаңарту қажет болған кезде ғана көрсетіледі.

Веб-браузер пайдалану

Интернетке веб-браузер бағдарламасын пайдаланып
қатынасуға болады.

Басты экранда Веб-браузер бағдарламасын таңдаңыз
да, E түймесін басыңыз.

| ЕСКЕРТПЕ |

\

Веб-шолғышты HDMI арқылы BD Wise үйлесімді
теледидарға қосылған өнімде іске қосқанда – және
BD Wise функциясы қосулы болғанда – шолғыш
экранды толтыратындай жазылады және теледидар
ажыратымдылығы оңтайлы ажыратымдылыққа
автоматты түрде орнатылады.

\

Веб-браузер Java қолданбаларымен үйлесімді емес.

\

Файлды жүктеуге тырыссаңыз және файлды сақтау
мүмкін емес болса, қате туралы хабар пайда болады.

\

Электрондық саудаға (өнімдерді желіде сатып алу)
қолдау көрсетілмейді.

\

ActiveX басқару элементтеріне қолдау көрсетілмейді.

\

Белгілі бір ұйымдар басқаратын кейбір веб-сайттарға
немесе веб-браузерлерге қатынас бұғатталуы мүмкін.

Сілтемелерді шолу және Меңзермен шолу

Веб-браузер шолудың екі түрін ұсынады, Меңзермен
шолу және Сілтемелерді шолу. Браузерді бірінші рет іске
қосқанда, Меңзермен шолу белсенді болады. Егер веб-
браузерде шарлау үшін тінтуірді пайдаланып жатсаңыз,
Меңзермен шолу параметрін белсенді күйде қалдыру
ұсынылады. Егер веб-браузерде шарлау үшін қашықтан
басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, Меңзермен шолу
параметрін Сілтемелерді шолу параметріне ауыстыру
ұсынылады. Сілтемелерді шолу веб-браузерде бөлектеуді
бір сілтемеден екіншісіне жылжытады және қашықтан
басқару құралын пайдаланып жатсаңыз, Меңзермен шолу
параметрінен әлдеқайда тезірек болады.

Сілтемелерді шолу параметрін белсендіру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:

1.

Қашықтан басқару құралындағы ▲▼◄►
түймелерін пайдаланып меңзерді экранның
жоғарғы оң жағындағы Сілтемелер шолғышы
белгішесіне жылжытыңыз. Сілтемелер шолғышы
белгішесі оң жақтан үшінші белгіше болады.
Белгіше көкке айналып, экранда «Сілтемелерді
шолу» сөздері пайда болса, меңзер дұрыс күйде
болады.

2.

E түймесін басыңыз. Сілтемелерді шолу
параметрі белсендіріледі және веб-браузерді
ашқан сайын белсенді болады.

Басқару тақтасы туралы қысқаша
мәлімет

Экранның жоғарғы жағындағы басқару тақтасында
бірқатар пайдалы функцияларды іске қосатын бірқатар
белгіше бар. Белгішелер төменде экранның сол
жағындағы белгішеден бастап сипатталған.

1

http://www.samsung.com

100%

HT-F5530K_50K-RU_KAZ_0702.indd 47

HT-F5530K_50K-RU_KAZ_0702.indd 47

2013-07-02 오후 1:02:26

2013-07-02 오후 1:02:26

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: