Инструкция по эксплуатации LG 50PB660V

Страница 77

Advertising
background image

11

ENG

ҚА

ЗА

ҚШ

А

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

еСКерТУ

Көру ортасы

y

Көру қашықтығы

- 3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді ұсынамыз.

3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты сезінсеңіз, теледидардан алыстау отырыңыз.

y

Көру күйі

- Экранның ортасына көз деңгейінде, басты тік алға қаратып қараңыз. Әйтпесе, 3D мазмұнды тиісті

түрде көрмеуіңіз мүмкін.

Көру жасы

y

Сәбилер/балалар

- 6 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды пайдалану/көруге тыйым салынады.

- 10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап береді және тым әсерленеді, өйткені олардың

көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті немесе оған секіру әрекеті. 3D мазмұнды көріп

отырған балаларға ерекше назар аудару керек.

- Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық диспараттығы үлкендерден жоғарырақ, өйткені

көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D кескіні үшін

үлкендермен салыстырғанда көбірек стереоскопиялық тереңдікті алады.

y

Жасөспірімдер

- 19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап беруі мүмкін.

Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды көруден ұстануға кеңес беріңіз.

y

Қариялар

- Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан жақынырақ

қашықтықта отырмаңыз.

3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер

y

LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.

y

3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына

пайдаланбаңыз.

y

Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы мүмкін.

y

3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды тудырады.

y

3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза шүберекті

пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір заттармен қырмаңыз немесе оларды химиялық

заттармен сүртпеңіз.

y

Флюоресцентті шамдармен немесе үш толқынды ұзындығы бар шамдармен 3D бейнелерді көргенде,

экран жыпылықтап көрінуі мүмкін. Бұл орын алғанда, шамды өшіріңіз немесе төмен бағыттаңыз.

y

Басқа электрондық немесе байланыс құрылғыларын өшіру немесе теледидардан ары қою керек, өйткені

олар кедергі тудырып, 3D функциясының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауы мүмкін.

y

Теледидарды жатып көргенде, 3D кескіндер күңгірттеу болып көрінуі немесе көрінбеуі мүмкін.

Advertising