Индикаторлар, Программаны іске қосу тәртібі – Инструкция по эксплуатации Indesit IWB 6105

Страница 17

Advertising
background image

17

KZ

Индикаторлар

Индикаторлар пайдаланушыға маңызды мәліметтерді

хабарлайды.

Индикаторлардың мәні:

Кейінге қалдыру таймері

Егер «Кейінге қалдыру» функциясы қосылған болса

(қара.: «Персонализацияланған бейімдеулер»),

программа іске қосылғаннан кейін кейінге

қалдырылған уақытқа сәйкес келетін индикатор

жанып-өше бастайды:

Уақыт есептелген сайын, сәйкес индикатордың

жанып-өшуімен бірге қалған уақыт көрсетіледі.

Көрсетілген уақыт аяқталғаннан кейін берілген

программа іске қосылады.

Циклдің ағымдағы фазасының индикаторлары:

Кір жуу циклі таңдалып, іске қосылғаннан кейін

индикаторлар программаның орындалу кезектілігін

көрсете отырып, бірінен кейін бірі жанады:

Қосымша функциялар

батырмалары және сәйкес индикаторлар Функцияны

таңдау кезінде сәйкес батырма жанады. Егер

таңдалып алынған функция берілген программамен

үйлеспейтін болса, сәйкес индикатор өшіп-жана

бастайды да, мұндай функция іске қосылмайды.

Егер алдында таңдалып алынған функциямен

сәйкес келмейтін функция таңдалса, онда алдыңғы

таңдалып алынған функцияның индикаторы өшіп-

жана бастайды да, екінші қосымша функция ғана

қосылады, қосылған функцияның индикаторы

жанады.

Люкті тоқсауылға қою индикаторы:

Жанып тұрған индикатор абайсызда ашып қалмас

үшін люктің тосқауылда тұрғанын білдіреді.

Оны бұзып алмас үшін, люкті ашар алдында

индикатордың өшкенін күту керек (3 минуттай күтесіз).

Егер люкті цикл іске қосылғаннан кейін ашу керек

болса, ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басыңыз. ЛЮКТІ

ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы өшкеннен кейін есікті

ашуға болады.

Программаны іске қосу тәртібі

1. ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасын басып, кір жуғыш машинаны қосыңыз. Барлық индикаторлар бірнеше секундқа

қосылып, қайта өшеді, ал ҚОСУ / ПАУЗА индикаторы өшіп-жана бастайды.
2. Кір бұйымдарды салып, машинаның есігін жабыңыз.
3. ПРОГРАММАЛАРДЫ таңдау тұтқасының көмегімен қажетті программаны таңдаңыз.
4. Кір жуу температурасын таңдаңыз (қара.: «Персонализацияланған бейімдеулер»).
5. Бөлгішке жуғыш құралды және қоспаларды (қара.: «Кір жуғыш заттар және кір бұйымдардың типтері»).
6. Қажетті қосымша функцияларды қосыңыз.
7. ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басып, программаны іске қосыңыз, сәйкес индикатор жасыл түспен жанады.

Іске қосуды тоқтату үшін ҚОСУ / ПАУЗА батырмасын басып, жаңа циклді таңдаңыз.
8. Программа аяқталғаннан кейін

индикаторы жанады. ЛЮКТІ ТОСҚАУЫЛҒА ҚОЮ индикаторы өшкеннен

кейін люкті ашуға болады. Бұйымдарды шығарып, барабанды кептіру үшін люктің қақпағын жартылай ашық

қалдырыңыз. ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасын басып, кір жуғыш машинаны өшіріңіз.

Жуу

Шаю

Сығу
Суды ағызу
Циклдің аяғы

Advertising