Орнату, Орамасынан шығару және тегістеу, Су құбырына және электр желісіне қосу – Инструкция по эксплуатации Indesit IWB 6105

Страница 14

Advertising
background image

14

KZ

Орнату

!

Бұл нұсқаулықты сақтаңыз. Ол кір жуғыш машинаны

сатып алған, берген немесе жаңа пәтерге көшкен

жағдайларда жабдықпен бірге болуы қажет, яғни жаңа

иесі оның жұмыс істеу және оған қызмет көрсету

ережелерімен таныса алатын болуы керек.

!

Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда кір жуғыш

машинаны орнату мен пайдалану қауіпсіздігі туралы

маңызды мәліметтер берілген.

Орамасынан шығару және тегістеу

Орамасынан шығару

1. Кір жуғыш машинаны орамасынан шығарыңыз.
2. Жабдықтың тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз

жеткізіңіз. Бүлінген болса – машинаны қоспаңыз –

тез арада жеткізушімен хабарласыңыз.

3. Кір жуғыш машинаның

артқы жағында

орналасқан төрт

тасымалдау винті мен

төсемесі бар резеңке

тығындарды алып

тастаңыз (сур. қара.).

4. Тесіктерді қоса берілген пластик тығындарымен

жабыңыз.

5. Барлық бөлшектерін сақтаңыз: олар кір жуғыш

машинаны тағы да тасымалдағанда қажет болады.

!

Балалардың орама материалдармен ойнауына

рұқсат етпеңіз.

Тегістеу

1. Кір жуғыш машинаны тегіс және мықты еденге,

ол қабырғаға, жиһазға немесе басқа нәрселерге

тимейтіндей етіп, орналастырыңыз.

2. Машинаны

орнатқаннан кейін

оның алдыңғы

аяқтарын бұрау арқылы

тұрақтандырыңыз (сур.

қара.).

Ол үшін әуелі

контргайканы босату

керек, бейімдеп

болғаннан кейін

контргайканы қайтара

тартып қойыңыз. Машинаны орнатқаннан кейін

корпустың жоғарғы қақпағының тегістік деңгейін

тексеріңіз, көлденеңдігінің ауытқуы 2°-тан артық

болмауы керек.

Жабдықты дұрыс тегістеп қою шудан, дірілден

және машина жұмыс істеп тұрған кезде орнынан

қозғалудан арылуға көмектеседі.

Егер кір жуғыш машина кілем төселген еденде тұрған

болса, оның түбінің кілемнен жоғары тұрғандығына

көз жеткізіңіз. Керісінше жағдайда, желдетілуі

қиындайды немесе мүлде тоқтап қалады.

Су құбырына және электр желісіне қосу

Су құйғыш шлангіні қосу

1. А фитингін кіріс түтігінің

шетіне салып, түтікті суық

су шүмегіне 3/4 газдық

бұранда қосылымын

пайдалана отырып бұрап

жалғаңыз (суретті

қараңыз).

Жалғамас бұрын су

тап-таза болғанша, оны

ағызып алыңыз.

2. Су құйғыш шлангіні

кір жуғыш машинаға

қосыңыз, ол үшін оны

машинаның артында

оң жақ жоғарысында

орналасқан су

қабылдағышқа бұрап

қосыңыз (сур.қара.).

3. Шлангінің қатты бұралмағанына және қысылып

қалмағанына көз жеткізіңіз.

!

Су қысымы Техникалық сипаттамалар кестесінде

көрсетілген мәндер шегінде болу керек. (3-бетті

қара).

!

Егер су құбыры шлангінің ұзындығы жеткіліксіз

болса, Авторландырылған қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

!

Бұрын қолданыста болған шлангілерді ешқашан

пайдаланбаңыз.

A

Advertising