Ақауларды іздеу және оларды жою тәсілдері – Инструкция по эксплуатации Indesit IWB 6105

Страница 23

Advertising
background image

23

KZ

Ақауларды іздеу және

оларды жою тәсілдері

Кір жуу нәтижесі қанағаттандырмаған немесе ақау пайда болған жағдайларда, Авторландырылған қызмет

көрсету орталығына жүгінбес бұрын («Сервистік қызмет көрсету»-ді қара.) осы бөлімді оқып алыңыз. Көптеген

жағдайларда туындаған проблемаларды өзіңіз шеше аласыз.

Табылған ақау:

Кір жуғыш машина іске

қосылмайды.

Кір жуу циклі іске қосылмайды.

Кір жуғыш машина су құймайды

(кір жуудың бірінші фазасының

индикаторы жиі жанып-өшеді).

Кір жуғыш машина суды үздіксіз

құйып-төгеді.

Кір жуғыш машина суды ағызу мен

сығуды орындамайды.

Сыққан кезде қатты дірілдейді.

Кір жуғыш машинадан су ағады.

Қосымша функциялар

индикаторлары мен қосу / пауза

индикаторы және «ағымдағы фаза»

индикаторларының бірі және ЛЮК

ТОСҚАУЫЛДА ТҰР индикаторы

жанып тұр.

Шектен тыс көбіктену.

Ықтимал себептері / Жою тәсілдері:

• Аша розеткаға қосылмаған немесе нашар қосылған, түйісумен

қамтамасыз етпейді.

• Үйде электр қуаты жоқ.

• Машинаның есігі нашар жабылған.

• ҚОСУ / ӨШІРУ батырмасы басылған жоқ.

• ҚОСУ / ПАУЗА батырмасы басылмаған.

• Су беру шүмегі жабық.

• Циклді кейінге қалдыру программасы қосылған.

• Су құйғыш шланг шүмекке қосылмаған.

• Шланг қысылып қалған.

• Су беру шүмегі жабық.

• Үйде су жоқ.

• Су құбырындағы қысым төмен.

• ҚОСУ / ПАУЗА батырмасы басылмаған.

• Су ағызу шлангі еденнен 65 см төмен немесе 100 см жоғары

орналасқан («Орнату»-ды қара.).

• Су ағызу шлангінің ұшы суға батып тұр («Орнату»-ды қара.).

• Қабырғалық су ағызудың су ағызу құбыры жоқ.

Егер осы тексерулерден кейін де машина жұмыс істемейтін болса, су

құбырын жауып, кір жуғыш машинаны өшіріп, Сервистік қызмет көрсету

орталығына жүгіну керек. Егер су ағызу шлангі канализацияға қосылған

болса, онда еісіңізде болсын – жоғарғы қабаттарда «сифон әсері» пайда

болуы ықтимал – машина бір мезгілде суды құйып, төгеді. Мұндай әсерді

болдырмас үшін арнайы клапан орнатылады (антисифон).

• Таңдалып алынған программада суды ағызу қарастырылмаған – кейбір

программалар үшін суды ағызуды қолмен қосу керек.

• Су ағызу шлангі қысылып қалған немесе бітелген.

• Канализация бітелген.

Кір жуғыш машинаны орнату кезінде барабан тосқауылдан дұрыс

шешілмеген («Орнату»-ды қара.).

• Кір жуғыш машина тегіс тұрған жоқ («Орнату»-ды қара.).

• Машина мен жиһаз/қабырға арасындағы саңылау жеткілікті емес

(«Орнату»-ды қара.).

• Су құятын шланг нашар бекітілген («Орнату»-ды қара.).

• Жуғыш құралдарды бөлгіш жуғыш құралдардың қалдықтарына толып

қалған (бөлгішті тазалау туралы «Техникалық қызмет көрсету және

күтім»-ді қара.)

• Су ағызу шлангі нашар бекітілген («Орнату»-ды қара.).

• Машинаны өшіріп, штепсель ашасын электр розеткасынан шығарыңыз,

1 минуттай күтіп, машинаны қайта қосыңыз. Егер ақау жойылмаса,

Авторландырылған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

• Фронталды жүктелетін автомат кір жуғыш машиналарға сәйкес

келмейтін жуғыш құрал пайдаланылған.

• Кір жуғыш құрал артық салынған.

Advertising