Жуғыш құралдар және кір бұйымдар типтері – Инструкция по эксплуатации Indesit IWB 6105

Страница 20

Advertising
background image

20

KZ

Жуғыш құралдар және

кір бұйымдар типтері

Жуғыш құралдарды бөлгіш

Кірдің жақсы жуылуы жуғыш құралдарды дұрыс

бөлінуіне де байланысты: оның шектен тыс көп болуы

кірдің тиімді жуылуына кепілдік бермейді, керісінше,

машинаның ішінде қақ тұрып қалуына, қоршаған

ортаның ластануына әкелуі мүмкін.

!

Қолмен жууға арналған жуғыш құралдарды

пайдаланбаңыз – қатты көбіктенуі кір жуу нәтижесін

төмендетеді және машинаны қатардан шығаруы

мүмкін. Бөлгішті тартып шығарып, оны жуғыш

құралмен және қоспамен төмендегі тәртіппен

толтырыңыз.

1-бөлімше: алдын ала

жууға арналған жуғыш

құрал (ұнтақ)

Кір жуғыш ұнтақты салар

алдында ағартқышқа

арналған 4-бөлімшенің

орнатылмағанына көз

жеткізіңіз.

2-бөлімше: кір жууға

арналған жуғыш құрал

(ұнтақ немесе сұйық)

Кір жууға арналған сұйық құрал машинаны іске

қосардың алдында құйылады.

3-бөлімше: Қосындылар (жұмсартқыштар, хош

иістендіргіштер және басқа)

Шайғыштарға арналған 3-бөлімшені торшасынан

жоғары толтырмаңыз.

Қосымша 4-бөлімше: Ағартқыш немесе жеңіл

ағартқыш.
! Қолмен жууға арналған жуғыш құралдарды

пайдаланбаңыз – қатты көбіктенуі кір жуу нәтижесін

төмендетеді және машинаны қатардан шығаруы

мүмкін.

Ағарту

! Әдеттегі ағартқышты мықты ақ матадан жасалған

бұйымдарды жуғанда пайдаланады; жеңіл

ағартқышты түрлі-түсті, синтетикалық және жүн

бұйымдар үшін пайдалануға болады.

Ағартқышқа арналған

4-науа жуғыш

құралдарды бөлгіштің

1-бөлімшесіне қойылады.

4-науаны max белгісінен

жоғары толтырмаңыз

(сур. қара.).

Тек қана ағарту жүргізу

үшін ағартқышты

қосымша 4-науаға

құйыңыз, «Шаю»

программасын таңдап, «Ағарту» функциясын іске

қосыңыз.

1 2

3

4

Кір жуу барысында ағарту жүргізу үшін кір жуғыш

ұнтақ пен жұмсартушы қосыңыз, қажетті программаны

таңдаңыз және «Ағарту» функциясын іске қосыңыз.

Қосымша

4-науаны пайдалану алдын ала жууды

пайдалану мүмкіндігін тоқтатады.

Кір бұйымдарды дайындау

• Кір бұйымдарды төмендегі белгілері бойынша

сұрыптаңыз:

- мата типіне қарай / этикеткадағы белгілеулерге

қарай.

- түсіне қарай: түрлі-түсті бұйымдарды ақ

бұйымдардан ажыратыңыз.

• Қалталарынан барлық заттарды шығарыңыз және

түймелерінің мықтылығын тексеріңіз.

• Барабанды толтырудың құрғақ бұйым үшін

көрсетілген максималды көлемінен аспаңыз:

Қалың маталар: макс. 6 кг

Синтетикалық маталар: макс. 2,5 кг

Нәзік маталар: макс. 2 кг

Жүн маталар: макс. 1,5 кг

Жібек маталар: макс. 1 кг

Бұйымдардың салмағы:

1 ақжайма 400 – 500 г

1 жастық тыс 150 – 200 г

1 дастархан 400 – 500 г

1 халат 900 – 1200 г

1 сүлгі 150 – 250 г

Абайлап жууды талап ететін бұйымдар

Жүн: Кір жуғыш машинаның 7-программа режимінде

кез келген жүн бұйымдарды, соның ішінде «тек

қолмен жуу»

этикеткасы бар бұйымдарды да

жууға болады. Кір жуу нәтижесі жақсы болу үшін

арнайы жуғыш құралдарды пайдаланыңыз және 1,5 кг

артық бұйым салмаңыз.

Жібек: Барлық жібек бұйымдарды жууға арналған

8-программаны пайдаланыңыз. Нәзік маталарға

арналған арнйаы кір жуғыш заттарды пайдалану

ұсынылады.

Перделер: орап, қосымша беріліп отырған қалтаға

салыңыз.

8-программаны таңдаңыз.

Джинса: Бұйымды жуар алында теріс айналдырыңыз

және сұйық жуғыш құралды пайдаланыңыз.

9-программаны пайдаланыңыз.

Кір бұйымдарды теңестіру жүйесі

Кірді әрбір сығар алдында шектен тыс діріл болмас

үшін машина барабандағы бұйымдарды бір қалыпты

етіп бөледі. Бұл барабанның кір жуу жылдамдығынан

шамалы артатын жылдамдықпен үздіксіз айналуы

есебенен жүргізіледі.

Егер бірнеше рет әрекет еткеннен кейін кір бұйым бір

қалыпты болып таралмаса, машина сығуды төмен

жылдамдықпен жүргізеді.

Advertising