Инструкция по эксплуатации Philips FC9150

Страница 17

Advertising
background image

Сүзгілерге тапсырыс беру

- Моторды қорғайтын тұрақты сүзгілерге 4322 000 37300 қызмет нөмірі бойынша тапсырыс

беруге болады.

- Ultra Clean Air HEPA 13 сүзгілеріне FC8038 қызмет нөмірі бойынша тапсырыс беруге

болады.

Қоршаған орта

- Жұмыс мерзімі аяқталғанда, құралды күнделікті үй қоқысымен бірге тастамай, қайта өңдеу

үшін жинап алатын жерге өткізіңіз. Солай қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді

тигізесіз (Cурет 32).

Кепілдік және қызмет көрсету

Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips

компаниясының www.philips.com веб-сайтын қараңыз немесе еліңіздегі Philips

тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік

кітапшасынан табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,

жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.

ақаулықтарды жою

Бұл тарауда құралды қолданғанда жиі кездесетін қиындықтар сипатталған. Мәселе төменде

берілген ақпарат көмегімен шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына

хабарласыңыз.

1

Сорғызу қуаты жеткіліксіз.

A Шаң дорбасы толып кеткен болуы мүмкін.

- Шаң дорбасын ауыстырыңыз.

B Сүзгілер кірлеп кеткен болуы мүмкін.

- Сүзгілерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.

C Сорғызу қуаты төмен бағдарламаға орнатылған болуы мүмкін.

- Сору қуатын жоғарырақ бағдарламаға қойыңыз.

D Саптама, түтік немесе шланг бітеліп қалмағандығын тексеріңіз (Cурет 33).

- Бітеліп қалған бөлікті ажыратып, керісінше жалғаңыз (мүмкіндік болса). Шаңсорғышты қосып,

тұрып қалған затты кері бағытта сорғызу арқылы шығарып алыңыз.

2

Шаңсорғышты пайдаланғанда кейде электр соққыларын аламын.

A Шаңсорғышта статикалық электр жиналған. Бөлмелердегі ауа ылғалдылығы неғұрлым төмен

болса, құрылғыда соғұрлым көп статикалық электр жиналады.

- Бұл ыңғайсыздықты азайту үшін, шлангты бөлмедегі металл заттардың (мысалы, үстелдің

немесе орындықтың аяқтары, радиатор, т.б.) жанына жиі ұстау арқылы зарядсыздандыру

ұсынылады.

- Бұл ыңғайсыздықты азайту үшін бөлмедегі ауа ылғалдылығын арттыру мақсатында бөлмеге

су қойыңыз. Мысалы, радиатордан алынған суды ыдыстарға құйып, радиаторға ілуіңізге

немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне немесе жанына қоюыңызға болады.

ҚазаҚша

17

Advertising