Инструкция по эксплуатации Philips FC9150

Страница 13

Advertising
background image

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану

нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ

білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.

- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

- Құралды тазаламас немесе күтімін жасамас бұрын, штепсельдік ұшты розеткадан ажырату

керек.

- Шлангты, түтікті немесе басқа қосалқы құралды көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ

шаңсорғыш қосулы, ал шланг шаңсорғышқа тағылып тұрғанда, ауызға салмаңыз.
Ескерту

- Шаң сорғышпен күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды

сорғызғанда, шаң дорбасының саңылаулары шаңмен бітеліп қалады. Осының

нәтижесінде, «шаң дорбасы толып кетті» көрсеткіші шаң дорбасының толғанын ескертеді.

Шаң дорбасын тіпті толмаса да ауыстырыңыз («Шаң дорбасын алмастыру» тарауын

қараңыз).

- Моторды қорғайтын сүзгіні орнатпастан, құрылғыны қолданбаңыз. Моторға зақым келуі,

сондай-ақ құрылғының қызмет мерзімі қысқаруы мүмкін.

- Тек Philips s-bag

®

синтетикалық шаң дорбаларын қолданыңыз.

- Шаңсорғышпен тазалау барысында, әсіресе ауа ылғалдығы төмен бөлмеде, шаңсорғышта

статикалық ток жиналады. Осыған байланысты түтікті немесе шаңсорғыштың басқа темір

жерін ұстағанда, ток соғуы мүмкін. Бұндай токтың соғуы зиянды емес және құралды

зақымдамайды. Бұл қолайсыздықты жою үшін, мына әрекеттерді орындаған жөн:

1 түтікті бөлмедегі басқа темір заттарға жиі тигізіп, зарядсыздандыру (мысалы, үстелдің,

орындықтың аяқтарына, радиаторға т.б.); (Cурет 2)

2 бөлмеге су қойып, ауа ылғалдылығын арттыру. Мысалы, радиатордан алынған суды

ыдыстарға құйып, бөлмеге қоюға немесе тостағандарға су құйып, радиатордың үстіне

немесе жанына қоюға болады (Cурет 3).

- Шу деңгейі: Lc= 75 дБ (A).

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес

келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми

дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

Пайдалануға дайындау

шланг

1

Шлангты құрылғының ішіне мықтап кіргізіп жалғаңыз (сырт ете түседі) (Cурет 4).

2

Шлангты ажырату үшін, түймелерді басып, шлангты құрылғыдан тартыңыз (Cурет 5).

Жиналмалы түтік

1

Түтікті сапқа жалғау үшін, сапты түтікке кіргізіп, серіппелі бекіту түймесін түтіктің тесігіне

сәйкестендіріңіз («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 6).

- Түтікті саптан ажырату үшін, серіппелі бекіту түймесін басып, сапты түтіктен суырып

шығарыңыз.

2

Шаң сору кезінде түтіктің ұзындығын өзіңізге ыңғайлы етіп алыңыз (Cурет 7).

TriActive саптамасы және қосалқы құралдар

1

TriActive саптамасын немесе қосалқы құралды түтікке орнату үшін, түтіктің серіппелі

бекіту түймесін басып (1), түтікті саптамаға немесе қосалқы құралға енгізіңіз (2).

Серіппелі бекіту түймесін саптамадағы немесе қосалқы құралдағы тесікке келтіріңіз

(«сырт» еткен дыбыс шығады). (Cурет 8)

ҚазаҚша

13

Advertising