Инструкция по эксплуатации Philips FC9150

Страница 15

Advertising
background image

Пайдалану барысында уақытша тоқтату

1

Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін, саптаманың

шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 19).

Сақтау

1

Құбырды ең қысқа ұзындығына апару үшін, оның бөлшектерін бір-біріне кіргізіңіз.

2

Құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.

3

Қуат сымын жинау түймесін басып, қуат сымын жинаңыз (Cурет 20).

4

Құрылғыны тігінен жинап қою үшін, саптама жиектерін сақтап қоятын орынға

кіргізіңіз (Cурет 21).

5

TriActive саптамасын тек кілем бағдарламасында (щетканың таспасы саптама ішіне

кіргізілген) сақтаңыз. Сондай-ақ, жанындағы щеткаларды майыстырып

алмаңыз (Cурет 12).

шаң дорбасын алмастыру

Шаң дорбасын алмастырар алдында құралды міндетті түрде тоқтан суырыңыз.
Ескертпе. Кейбір жағдайда «шаң дорбасы толды» көрсеткіші шаң дорбасы бос болса да, оның

толып тұрғанын көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдай шаң дорбасындағы тесіктер бітеліп қалғанда

(мысалы, күл, ұсақ құм, әк, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сорғызғанда) немесе

саптама, түтік немесе шланг ішінде бір нәрсе тұрып қалған жағдайда туындауы мүмкін. Шаң

дорбасының тесіктері бітеліп қалса, шаң дорбасы толмаса да, оны ауыстыру қажет. Шаң

дорбасы бітелмеген, сондай-ақ әлі толмаған болса, онда саптама, түтік немесе шлангының

ішінде бір нәрсе тұрып қалған. Мұндай жағдайда, шаң дорбасын шығармаңыз. Тұрып қалған

затты алып тастаңыз.

шаң дорбасын алмастыру

- «Шаң дорбасы толы» көрсеткішінің түсі тұрақты өзгеретін болса (яғни, саптама еденге

тигізілмеген кезде де), шаң дорбасын ауыстыру керек (Cурет 22).

1

Оны ашу үшін, қақпағын жоғары қарай тартыңыз (Cурет 23).

2

Шаң дорбасын ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз (Cурет 24).

Құралдан шаң дорбасы бар ұстағышты көлденеңінен шығарып алыңыз.

3

Ұстағыштан толған шаң дорбасын шығару үшін, картон тілін тартыңыз (Cурет 25).

, Шаң дорбасының ауызы автоматты түрде жапсырылады.

4

Жаңа шаң дорбасының картон алдын дорба ұстағышының екі тесігіне барынша итеріп

салыңыз. (Cурет 26)

5

Шаң дорбасы ұстағышын қайтадан шаң сорғышқа салыңыз.

Ескертпе. Шаң дорбасы салынбаса, оның жабыны жабылмайды.

Сүзгілерді тазалау және оларға техникалық қызмет көрсету

Құралды тазаламас немесе күтімін жасамас бұрын, штепсельдік ұшты розеткадан ажырату

керек.
Ескертпе. Құрылғының негізін тек қана дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

ҚазаҚша

15

Advertising