Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston AQC9 BF7 T (EU)

Страница 30

Advertising
background image

30

KZ

Жаңарту

! Үрлеу кептіру бағдарламасы емес, сондықтан оны дымқыл киімге қолдануға болмайды.

• Оны ең көбі 8 кг жүкпен пайдалануға болады, бірақ одан кіші жүкті қолдану тиімдірек болады.

Киімдерді салқын ауамен үрлейтін 20 минуттық бағдарлама. Сондай-ақ, жылы киімдерді салқындату үшін қолданылады.

Аллергияға қарсы

Бұл бағдарламаға «Allergy UK» ұйымы «Мақұлданған» деген баға берген, яғни ол киімдерден аллергендерді тиімді түрде

азайтады және жояды. Ұзақ уақыт тұрақты температураны ұстап тұру арқасында бұл бағдарламаның көмегімен кең

тараған аллергендердің көбісінің (оның ішінде кене мен тозаң) әсері жойылады.

Ылғал заттарды кептіріп өңдеу немесе құрғақ заттарды тек өңдеу үшін қолдануға болады. Максималды салмақ: ылғал

заттар үшін 9 кг және құрғақ заттар үшін 4 кг.

Quick Dry

• Аз көлемде заттар қолданылғанда кептіру уақыты мақта заттар үшін 53 %-ға (Жоғары қызу опциясымен) және

синтетика үшін 50 %-ға (Төмен қызу опциясымен) айтарлықтай азаяды.

Салмақ: 1 кг. Құрғақтық деңгейі: тек Шкафқа қойылатындай құрғақ

Спорттық киім

• Бұл бағдарлама су жұқпайтын маталар мен спорттық курткаларды (мысалы, Gore-Tex, полиэфир, нейлон) кептіруге

арналған. Жуу циклынан кейін киімді кептірген жөн, себебі ол киімнің су жұққызбайтын сипатын қайта белсендіреді.

Оны ең көбі 2

кг жүкпен пайдалануға болады.Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірлердің көлеміне, таңдалған құрғақтық

параметріне және кір жуғыш машинада қолданылған айналдыру жылдамдығына байланысты болады. Құрғақтық

деңгейлері: тек Шкафқа қойылатындай құрғақ

Жұмсақ ойыншықтар

• Жұмсақ ойыншық циклының көмегімен бұрынғыдан жиі жұмсақ ойыншықтардың шаңын кетіруге және оларды жууға

болады, себебі әдеттегідей кептіргенмен салыстырғанда кептіру уақыты айтарлықтай азаяды. Ол – жүннің бастапқы

қалпы мен жарқылын сақтау үшін төмен температурада аз механикалық әсер қолданатын нәзік кептіру циклы.

Ескертпе: Аллергиядан қорғау үшін жұмсақ ойыншықтарды 24 сағатқа мұздатып, одан кейін жуып кептірсеңіз болғаны.

6 аптада бір рет қайталаңыз. Кептірмес бұрын киімдер, жағалар не дыбыс қораптары сияқты керек-жарақтарды алып

тастаңыз және пластикалық көздерді қорғаңыз (изолентамен).

Бағдарлама ұзақтығы кірлердің құрамына байланысты әр түрлі болады. Максималды кірлер салмағы 2,5 кг-нан және

бөлек бір зат 600 г-нан аспауы тиіс.

Жылыту және қолдану

• Жылыту және қолдану циклы орамалдар мен халаттарды жылытып, ванна не душтан кейін жылы сезінуге көмектеседі.

Сондай-ақ, қыс кезінде киімдерді жылыту үшін қолдануға болады.

Цикл киімдерді 37 °С-қа дейін жылытады (дене температурасы) және бұл температурада ең көбі 4 сағат немесе

пайдаланушы есікті ашу арқылы тоқтатқанша жұмыс істейді.

Салмақ: 3 кг.

! Ескертпе: бұл бағдарлама барысында мақсатты температураға жетіп, құрғақ деңгейі белгішесі жыпылықтағанша,
дисплейде

белгішесі айналып тұрады.

Advertising