Бастау және бағдарламалар – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston AQC9 BF7 T (EU)

Страница 28

Advertising
background image

28

KZ

Бастау және

бағдарламалар

Арнайы бағдарламалар

Оңай үтіктеу бағдарламасы

Оңай үтіктеу – бір қалыпта/орында ұзақ уақыт тұрған киімдердің талшықтарын түтуге арналған қысқа 10 минуттық

бағдарлама (8 минут қыздыру, одан кейін 2 минут салқын айналдыру кезеңі). Цикл талшықтарды жұмсартып, оларды

үтіктеуді және бүктеуді жеңілдетеді.

!

Оңай үтіктеу кептіру бағдарламасы емес, сондықтан оны дымқыл киімге қолдануға болмайды.

Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін:

1. Ең көп сыйымдылықтан көп жүктемеңіз. Мына сандар құрғақ салмақ үшін берілген:

Мата:

Ең жоғары

Мақта және аралас мақта

2,5 кг

Синтетика

2

Джинсы

2

2. Кептіру циклы аяқталғаннан кейін дереу кірлерді алыңыз, оларды іліп қойыңыз, бүктеңіз немесе үтіктеңіз де, шкафқа

салып қойыңыз. Бұл мүмкін болса, циклды қайталаңыз.

Оңай үтіктеу әсері әртүрлі маталар үшін әртүрлі болады. Ол мақта мен аралас мақта сияқты дәстүрлі маталарда өте

жақсы жұмыс істейді, ал акрилат талшықтар мен Tencel® сияқты материалдарда сондай жақсы жұмыс істемейді.

Жүн бағдарламасы

• Бұл бағдарлама таңбасы бар, кептіргіште кептіруге болатын киімдер үшін арналған .

• Оны ең көбі 1 кг жүкпен пайдалануға болады (шамамен 3 свитер).

• Кептіруден бұрын киімдердің ішін сыртқа қаратқан абзал.

• Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, бірақ ауыр киімдердің шеттері сәл дымқыл

болуы мүмкін. Бұларды табиғи түрде кептіріңіз, себебі шамадан тыс кептіру киімдерді зақымдауы мүмкін.

!

Басқа материалдар сияқты жүннің қысқаруы қайтымсыз үдеріс болып табылады; яғни, ол бастапқы өлшемі мен

пішініне қайтпайды.

!

Бұл бағдарлама акрилат киімдер үшін қолайлы емес.

Джинсы

• Бұл бағдарлама джинсы матасынан жасалған джинсы үшін арналған. Джинсы шалбарларын кептірмес бұрын, алдыңғы

қалталардың ішін сыртқа қаратыңыз.

• Оны ең көбі 3 кг жүкпен пайдалануға болады (шамамен 4 жұп).

• Оны сол материалдан жасалған пиджактар сияқты басқа киімдермен де қолдануға болады.

• Бұл бағдарламамен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады; шеттер немесе бүктелу жерлері сәл дымқыл болуы

мүмкін. Бұл орын алса, джинсы шалбарларының ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

• Бұл циклды тек 100% мақта киімдер үшін қолданыңыз, қою мен ашық түсті киімдерді араластырмаңыз. Бұл циклды

кестесі мен аксессуарлары (жапсырма шегелері,...) бар киімдерге қолданбаңыз, қалталардың ішін сыртқа қаратыңыз.

!Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу

жылдамдығына байланысты болады.

!

Джинсы шалбарында эластикалық белбеу немесе кесте болса, бұл бағдарламаны қолдануды ұсынбаймыз.

Бағдарламаны таңдау

1. Кептіргішті розеткаға қосыңыз.

2. Кірлерді мата түріне қарай сұрыптаңыз («Кірлер»

тарауын қараңыз).

3. Есікті ашыңыз және сүзгі таза әрі орнында, сондай-ақ, су

ыдысы бос әрі орнында екеніне көз жеткізіңіз («Жөндеу»

тарауын қараңыз).

4. Кірлерді құрылғыға салыңыз және есікте ешбір зат

қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Есікті жабыңыз.

5. Қосу/өшіру шамы жанбаған болса; Қосу/өшіру

түймесін басыңыз.

6. Бағдарламалар кестесін («Бағдарламалар» тарауын

қараңыз) және әр матаға қатысты көрсетілімдерді

тексеру арқылы кептірілетін матаға сәйкес келетін

Бағдарламалар таңдауын таңдаңыз («Кірлер» тарауын

қараңыз).

7. Бар болған кезде, қажетті деңгей немесе уақыт

көрсетілгенше, тиісті түймені басып жіберу арқылы

Сенсор құрғақ

немесе Уақыты белгіленген құрғақ

опциясын

таңдаңыз.

!

Қосымша мәлімет алу үшін бағдарламалар кестесін

қараңыз.

8. Қажетінше кешіктіру уақыты мен басқа опцияларды

таңдаңыз («Дисплей» тарауын қараңыз).

9. Бағдарламаның соңында сигнал берілгенін

қаласаңыз, Дыбыс түймесін басыңыз. Қыртыстарды

жазу опциясы таңдалған болса, бұл опцияны қолдану

мүмкін емес.

10. Бастау үшін «БАСТАУ»

түймесін басыңыз.

Дисплейде есептелген аяқталуға дейінгі уақыт көрсетіледі.

Кептіру бағдарламасы барысында, кірлерді тексеріп,

кепкен заттарды шығарып алуға, ал қалғандарын әрі

қарай кептіруге болады. Есікті қайтадан жапқан кезде,

кептіруді жалғастыру үшін БАСТАУ түймесін басыңыз.

11. Бағдарлама аяқталудан бұрын Кептіру

бағдарламасының соңғы бірнеше минутында соңғы

САЛҚЫН АЙНАЛДЫРУ кезеңі орындалады (маталар

салқындатылады), бұл кезең әрқашанда аяғына дейін

орындалуы керек.

12.Бағдарламаның аяқталғанын білдіру үшін 3 рет сигнал

беріліп, дисплейде

СОҢЫ жазуы көрсетіледі (Ескертпе:

ДЫБЫС опциясы таңдалған болса, 5 минут бойы 30

секунд сайын 3 рет сигнал беріледі).

Есікті ашып, кірлерді шығарып алыңыз, сүзгіні тазалап,

оны орнына қойыңыз. Су ыдысын босатып, оны орнына

қойыңыз («Техникалық қызмет көрсету» тарауын

қараңыз).

Қыртыстарды жазу

опциясы таңдалған болса және

киімдерді дереу шығарып алмасаңыз, олар 10 сағат

бойынша немесе есік ашылғанша кейде айналдырылып

тұрады.

13. Қосу/өшіру түймесімен кептіргішті өшіріңіз.

Күту режимі

Осы кептіргіш, жаңа қуатты үнемдеу ережелеріне сәйкес,

ешбір әрекет байқалмаса, шамамен 30 минуттан кейін

қосылатын автоматты күту жүйесімен жабдықталған.

Кептіргішті қайта қосу үшін Қосу/өшіру түймесін басыңыз.

Advertising