Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston AQC9 BF7 T (EU)

Страница 29

Advertising
background image

29

KZ

Мамық бағдарламалары

!

Бұл бағдарламаларды пайдаланғанда абай болыңыз, зақымдалған заттарды кептірмеңіз, себебі мамық сүзгі

мен ауа жолдарын бітеп, өрт қаупін туғызуы мүмкін.

• Тек бір адамға арналған мамық көрпелер үшін қолданылуы тиіс; қос немесе өте үлкен өлшемді көрпелер үшін

қолданбаңыз.

• Бұл бағдарламамен кептірілетін кірлер әдетте пайдалануға дайын болады, бірақ кейбір жерлері дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса,

кірлерді шығарып алып, ішін сыртқа қаратып сілкілеп жіберіңіз, одан кейін қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

• Сондай-ақ, мамықпен толтырылған кеудешелерге қолдануға болады.

Арнайы бағдарламалар

Көйлектер – жоғары қызу

• Бұл бағдарлама мақтадан жасалған көйлектер үшін арналған.

• Оны ең көбі 3 кг жүкпен пайдалануға болады (шамамен 10 көйлек).

• Бұл бағдарламамен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады; шеттер немесе бүктелу жерлері сәл дымқыл

болуы мүмкін. Бұл орын алса, көйлектердің ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

!Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу

жылдамдығына байланысты болады.

Көйлектер – төмен қызу

• Бұл бағдарлама синтетикалық материалдан немесе полиэфир мен мақта сияқты табиғи және снтетика аралас

материалдан жасалған көйлектер үшін арналған.

• Оны ең көбі 3 кг жүкпен пайдалануға болады (шамамен 14 көйлек).

• Бұл бағдарламамен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады; шеттер немесе бүктелу жерлері сәл дымқыл

болуы мүмкін. Бұл орын алса, көйлектердің ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

!Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу

жылдамдығына байланысты болады.

Жібек

• Бұл бағдарлама нәзік жібек бұйымдарды кептіруге арналған.

• Оны ең көбі 0,5 кг жүкпен пайдалануға болады.

• Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте пайдалануға дайын болады, бірақ ауыр киімдердің шеттері сәл дымқыл болуы

мүмкін. Бұл орын алса, кірлерді шығарып алып, ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

• Кептіргіште кептіруге келетін киімдер үшін ғана арналған.

!Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу

жылдамдығына байланысты болады.

Мамық көрпе мақтасы

• Бұл бағдарлама мақтадан жасалған мамық көрпелерді кептіруге арналған. Сырты мақта, ал іші мамық болатын

заттар үшін.

• Кептіргіште кептіруге келетін киімдер үшін ғана арналған.

Мамық көрпе синтетикасы

• Бұл бағдарлама синтетикадан жасалған, синтетикалық материалмен толтырылған көрпелерді кептіруге арналған.

• Кептіргіште кептіруге келетін киімдер үшін ғана арналған.

!Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу

жылдамдығына байланысты болады.

Сәби

• Бұл бағдарлама сәбидің нәзік заттары мен төсек орнын кептіру үшін арналған.

• Мақта мен шашақ жіптен жасалған заттар үшін қолданыңыз, пластикалық қаптамасы бар жапқыштар мен жаялықтар

сияқты заттарды кептірмеңіз.

• Оны ең көбі 2 кг жүкпен пайдалануға болады.

• Бұл бағдарлама көмегімен кептірілген киімдер әдетте пайдалануға дайын болады, бірақ ауыр киімдердің шеттері сәл

дымқыл болуы мүмкін. Бұл орын алса, олардың ішін сыртқа қаратып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны қайталап көріңіз.

!Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу

жылдамдығына байланысты болады.
Төсек пен ванна

• Бұл бағдарлама мақта орамалдар пен ақжаймалар үшін арналған.

• Оны ең көбі 8 кг жүкпен пайдалануға болады.

• Бұл бағдарламамен кептірілген заттар әдетте пайдалануға дайын болады; шеттер немесе бүктелу жерлері сәл

дымқыл болуы мүмкін, әсіресе үлкен заттарда. Бұл орын алса, оларды ашып, қысқа уақыт бойынша бағдарламаны

қайталап көріңіз.

!Бұл бағдарламаның ұзақтығы кірдің көлеміне, таңдалған құрғақтық деңгейіне және кір жуғышта қолданылатын сығу

жылдамдығына байланысты болады.

Advertising