Дисплей – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston AQC9 BF7 T (EU)

Страница 27

Advertising
background image

27

KZ

Дисплей

Дисплейдің үш бөлігі бар, әрбірінің тиісті түймесі бар

Сенсор құрғақ

Сенсор құрғақ опциясы бар бағдарламаны таңдағаннан кейін қажетті құрғақттықты сезу деңгейі көрсетілгенше

түймені басып жіберіңіз. Сезу опциясы жоқ болса, дисплей жыпылықтайды және үш рет сигнал беріледі.
!

Кейбір кептіру бағдарламалары барлық сенсормен кептіру деңгейлерімен үйлесімді емес.

Бар құрғақтық деңгейлері

Уақыты белгіленген кептіру

Уақыты белгіленген кептіру опциясы бар бағдарламаны таңдағаннан кейін кептіру уақытын енгізу

үшін Уақытты белгілеу түймесін басыңыз. Бұл түймені әр мәрте басып жіберген кезде таңдалған

уақыт дисплейде азаяды («Бастау және бағдарламалар» тарауын қараңыз). Әрбір басу уақытты

180, 160, 120, 90, 60, 30, 20 азайтады және одан кейін қайталанады. Уақыты белгіленген кептіру жоқ

болса, дисплей жыпылықтайды және үш рет сигнал беріледі. Бағдарлама басталғаннан кейін таңдалған

уақыт көрсетіліп тұрады және оны бағдарлама барысында өзгертуге болады.
!

Сенсор құрғақ деңгейін немесе кептіру уақытын таңдауға болады.

Кешіктіріп бастау

Кешіктіріп бастау опциясы бар бағдарламаны таңдағаннан кейін кешіктіріп бастау уақытын таңдауға болады.
Кешіктіріп бастау

түймесінің әрбір басылуы кешіктіру параметрін 1 сағат аралықтарымен

«1

сағ» - «24 сағ» ішінде арттырады, одан кейін «ӨШІРУЛІ» параметрі қойылады, және одан кейін бес

секундтан кейін кешіктіруді доғарады.

10 сағат немесе одан көп кешіктіру уақыттары үшін 10 сағатқа дейін уақыт сағаттармен артқа саналады,

одан кейін дисплейде «9:59» көрсетіледі де, артқа санау минуттермен жалғасады. 9 сағат немесе одан

аз кешіктіру уақыттары үшін дисплейде сағаттар мен минуттер көрсетіледі, және кешіктірудің барлығы

үшін артқа санау минуттермен орындалады.

Бастау/тоқтата тұру түймесі басылғаннан кейін кешіктіру уақытын өзгертуге немесе мүлдем алып

тастауға болады.
Кешіктіру мерзімі аяқта

лған кезде таңбасы өшеді және аяқталуға дейінгі уақыт көрсетіледі.

Уақыты белгіленген кептіру таңдалған болса, бағдарламалау барысында дисплей кептіру уақытын

тек ортадағы уақыты белгіленген кептіру дисплейінде көрсетеді. Бастау басылғаннан кейін

құрылғы уақыт дисплейін қосады және бағдарлама уақытының кері санағын көрсетеді.

Аяқталу дейінгі уақыт
Кешіктіру белгішесі өшірулі болса, көрсетілген уақыт іске қосылған бағдарламаның аяқталуына дейінгі

уақыт болып табылады.

Уақыты белгіленген бағдарламалар таңдалғанда, цикл бойынша көрсетілетін уақыт нақты қалған

уақыт болып табылады. Автоматты бағдарлама таңдалған кезде, көрсетілетін уақыт қалған уақыттың

шамалы мәні болып табылады. Бағдарлама таңдалғанда, дисплейде толық жүкті кептіруге қажетті

уақыт көрсетіледі,

Аяқталуға дейінгі уақыт кептіру циклы барысында үнемі бақыланады және уақыт

ең дәл уақытты беру үшін реттеліп отырылады.

Аяқталуға дейінгі уақыт сағаттар мен минуттермен

көрсетіледі, және әрбір минутпен артқа саналады. Уақыт артқа саналып жатқанын көрсету үшін сағаттар

мен минуттер арасындағы қос нүкте жыпылықтап тұрады. Сондай-ақ, кептіргішке байланысты бір ақаулық

болса, дисплейде ол көрсетіледі; бұл орын алса, дисплейде «F» әрпі және қатенің код нөмірі

көрсетіледі, ал опция шамдары мен тоқтата тұру шамы қызғылт сары түспен жыпылықтайды

(«Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз).

Дымқыл: Киімдерде ылғалдылық барынша сақталады, ол зығыр сияқты үтіктелуі қиын маталар

үшін қолайлы.
Үтіктеу: Үтіктеуді жеңілдету үшін киімдердегі ылғалдылықты сақтайды.

Іліп қойылатындай құрғақ+: нәзік заттарды (мысалы, перделер) іліп қоюға арналған кептіру күйі.
Іліп қойылатындай құрғақ: заттарды іліп қоюға арналған кептіру деңгейі.
Төмен құрғақтық: бүктеліп, шкафқа қойылатын киімдер үшін қолайлы.
Шкафқа қойылатындай құрғақ: киімдер толығымен кебеді және бүктеліп, шкафқа қоюға

дайын болады.

Киюге дайын: Киімдерді киюге дайын қылып кептіреді.

Advertising