Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ МХ 5810

Страница 14

Advertising
background image

14

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

бұзылса, орынжайдың ішін мұқият желдету қажет және

тоңазытқыштың маңында ашық от көздерінің пайда болу-

ына жол бермеу керек, себебі изобутан тез тұтанатын газ

болып табылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқышты тікелей жылдам

тұтанатын және от шашатын заттар мен бұйымдар (перде,

лактар, бояулар және т.б.) маңына орналастырмаңыз.

Тоңазытқышты жиһаз ішіне орнатуға (енгізілетін

тоңазытқышты қоспағанда), сонымен қатар, жайдың қабырғасы

мен тоңазытқыштың артқы қабырғасы арасындағы артқы тіреулер

жасайтын саңылауды жабуға

ТЫЙЫм САЛЫНАДЫ.

Егер тоңазытқыш үстінде және оның бүйір жақтарынан бос

кеңістік жоқ болса, тоңазытқышты қуысқа орнатуға

ТЫЙЫм СА-

ЛЫНАДЫ (3.2 қар.).

НАЗАР АУРАДЫҢЫЗ! Тоңазытқышты металл раковина-

лар, су, жылыту, канализация және газбен қамту құбырлары,

басқа да металл жерге қосылған коммуникациялармен жа-

настыра орнатуға ТЫЙЫм САЛЫНАДЫ.

Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

мыналарға ТЫЙЫм САЛЫНАДЫ:

— тоңазытқышты тоқтың асқын жүктелулерінен жарамсыз

қорғанысы бар электр желісіне қосу. Электр желісінде 10 А тоққа

есептелген қорғаныс құрылғысы болуы тиіс;

— тоңазытқышты электр желісіне қосу үшін өткізгіштер,

көпорынды розеткалар (екі және одан көп қосу орындары бар)

және ұзарту бауларын пайдалану;

— дымқыл қолдармен розеткаға қоректендіру сымының аша-

сын салуға және суыруға;

— тоңазытқышты электр желісінен қоректендіру сымынан

ұстап ажыратуға;

— тоңазытқышта нығыз жабылмаған бөтелкелерде мықты

алкоголь сусындар сақтау (спирттің мөлшері 40

0

және одан да

жоғары);

— тоңазытқыш ішінде жарылуы мүмкін не жарылғыш заттар-

ды, сондай-ақ тез тұтанатын пропелленттері бар аэрозоль бал-

лондарын сақтауға болмайды;

— мұздату камерасында (бұдан былай — МК) қататын

сұйықтықтары бар шыны ыдыстар сақтау;

— компрессордағы тұрған суды жинауға арналған ыдыс

болмаған уақытта тоңазытқышты пайдалану;

— тоңазытқышқа қуаты 15 Вт асатын жарықтандыру шамын

орнату;

— тоңазытқыш үстіне басқа электр аспаптар орнату

(микротолқынды пеш, тостер және т.б.), сонымен қатар, элек-

тросым элементтеріне ылғалдың тиюінің алдын-алу үшін

сұйықтықтары бар ыдыстар, бөлме өсімдіктерін.

2.7 Тоңазытқышты жөндеуді тек қана сервистік қызметтің

білікті механигі орындауы тиіс, себебі біліксіз орындалған

жөндеуден кейін бұйым қауіп көзіне айналуы мүмкін.

2.8 Тоңазытқыш жұмысында электр шыртылының, түтіндену

және т.б. пайда болуымен байланысты ақаулық орын алған

жағдайда, тоңазытқышты дереу электр желісінен ажыратып, ро-

зеткадан қоректендіру бауының ашасын шығарып, және сервистік

қызмет механигін шақырған жөн. Өрт орын алған жағдайда

тоңазытқышты дереу электр желісінен ажыратып, өрт сөндіру

шараларын қабылдап және өрт қызметін шақыру қажет.

2.9 Тоңазытқыштың қызмет ету мерзімі 10 жыл.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыштың қызмет ету

мерзімі аяқталғаннан кейін өндіруші бұйымның қауіпсіз

жұмыс істеуі үшін жауапкершілік жүктемейді. Ары қарай пай-

далану қауіпті болуы ықтимал, себебі материалдың табиғи

ескеруі және тоңазытқыштың құрама бөлшектерінің тозуы

салдарынан электро- және өрт қауіпі жағдайлары орын алу

ықтималдылығы едәуір артады.

3 Т О Ң А З Ы Т Қ Ы Ш Т Ы О Р Н А Т У

3.1 Тоңазытқышты күн сәулелері түспейтін жерге, жылыту

аспаптарынан кем дегенде 50 см қашықтықта орнату қажет (газ

және электр плиталар, пештер және жылыту радиаторлары).

3.2 Тоңазытқыш үстінде және оның бүйір жақтарынан ауаның

алмасуы үшін кем дегенде 5 см бос кеңістік болуы тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш корпусында не

кіріктірілетін құрылымда орналасқан желдету тесіктерін

бітеп тастамаңыз.

Тоңазытқыш үстіне 5 см жақын жерде кез-келген аспалы

жабдық орналастыруға

ТЫЙЫм САЛЫНАДЫ.

3.3 Тоңазытқышты 1 суретпен сәйкес реттелетін тіректерді

бұрай отырып, еденге қатысты көлбеуінен қойған жөн.

Тоңазытқыш тіректер мен аунақшаларына тұрақты тұруы тиіс.

Есіктің өздігінен жабылуы үшін тоңазытқышты тіректерін

бұрай отырып, аздап артқа қисайта орнату ұсынылады.

4 ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНЫмҒА ДАЙЫНДАУ

4.1 Жинақтаушыларды орау материалдарынан босату. Шкаф

пен тоңазытқыштың есіктерінің сыртқы беттерінен қорғаныс по-

лиэтилен үлдірін (болған жағдайда) жою.

4.2 2 суретпен сәйкес шыны сөреден бекіткіштерді (болған

жағдайда) алып тастау. Бұл үшін қажет:

— бір бекіткішті тірелгенге дейін меңзер бағытында жылжы-

ту, сосын – келесісін, бұл ретте шыны сөрені ұстап тұру қажет;

— 5.1.4 сәйкес ТК-нан шыны сөрені шығару;

— шыны сөреден бекіткіштерді шығару және оны таңдалынған

орынға орнату.

Тоңазытқышты тасымалдау қажет болған жағдайда оларды

кері бірізділікпен шыны сөреге орнату арқылы бекіткіштерді

пайдалануға рұқсат етіледі.

4.3 Тоңазытқышты тасымалдаудан соң электр желісіне қосу

алдында жарты сағаттан кем емес ұстаған жөн.

Тоңазытқышты қоршаған орта температурасы 0

0

С-ден

төмен кезде тасымалдаудан кейін ашылған есіктерімен

(ашылған есігімен) бөлме температурасында 4 сағаттан кем

емес ұстаған жөн.

4.4 Жинақтаушылар мен тоңазытқышты ас содасы бар са-

бынды судың жылы ерітіндісімен, сосын таза сумен жуып

шығу, жұмсақ сүлгімен құрғату. Тоңазытқышты мұқият желде-

ту.Тоңазытқышты жуу кезінде құрамында

қышқылдар, еріткіштер бар абразивті па-

сталар мен жуу құралдарын, сонымен

қатар, ыдыс жууға арналған құралдарды

пайдалануға

ТЫЙЫм САЛЫНАДЫ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 3 суретпен

сәйкес ТК ішінде орналастырылған

тоңазытқыш туралы толық ақпараты

бар табличканы алмаңыз. Аталмыш

ақпарат күллі қызмет ету мерзімінде

тоңазытқышқа техникалық қызмет

көрсету және жөндеу үшін маңызды.

4 . 5 А рт қ ы т і р е ул е р і н о р н ат у

(жинақтамасына тәуелді):

— 4 суретпен сәйкес қақпақ пазына тіреудің жоғарғы

ілгішін орнату, сосын тіреуді төмен бұру, бұл төменгі екі ілгіштің

тоңазытқыштың қақпағында толық бекітілуі үшін қажет;

3

сурет

табличка

1

сурет

2

сурет

бекіткіш

тіреу

5

сурет

артқы тiреу

бұрама

4

сурет

артқы тiреу

Advertising