Маңызды – Инструкция по эксплуатации Panasonic ER-GC50

Страница 22

Advertising
background image




Қа

зақша

Panasonic шаш алатын машинкасын таңдағаныңыз үшін

рақмет. Пайдаланбас бұрын барлық нұсқауларды оқыңыз.

Маңызды

Бұл шаш алатын машинка ішінде зарядталатын батарея орнатылған.

Оны өртке тастамаңыз, қыздырмаңыз, сондай-ақ жоғары қызымды

ортада зарядтамаңыз, пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз.

Ұстараны қолдану

Пайдаланар алдында ұстара жүзінің сынбағанын тексеріңіз.

Қалыпсыздық немесе ақаулық пайда болу кезінде

пайдаланбаңыз.

Қырқу биіктігін өзгертуден немесе тарақ саптамасын алып

тастаудан бұрын құралды өшіріңіз.

Пайдаланбас бұрын әрдайым, көрсеткілермен көрсетілген

жерлерді майлап отырыңыз. (26-бетті қараңыз.)

Құралды жануарлардың жүнін қырқу үшін пайдалануға

болмайды.

Ұстараның жүзін теріге қарсы баспаңыз.

Шаш алатын машинканы шашты тегістеуден басқа мақсатта

пайдаланбаңыз.

Аталмыш құралды денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті кем,

сондай-ақ тиісті білімі мен тәжірибесі жоқ адамдардың (балаларды

қосқанда) пайдалануына тиым салынған. Мұндай адамдар құралды

тек олардың қауіпсіздігіне жауапты адамдардың қарауымен ғана

пайдалана алады. Балаларға құралмен ойнауды болдырмау

мақсатында бақылау жүргізілу керек.

Ұстараны зарядтау

Айнымалы ток адаптерін ешқашан ванна немесе душта

пайдаланбаңыз.

Осы адаптерге (RE9-49) арналған желі сымы мен айтымалы тоқ

адаптерін ғана қолданыңыз.

Аталмыш құрылғыны қызымы 5 °C-ден 35 °C-ге шейін болып тікелей

күн сәулесі түспейтін жерде не жылу көзі жоқ жерде зарядтаңыз.



Айнымалы ток адаптерін тұрмыстық ток желісіне қосқанда,

ылғалдың жоқтығын тексеріңіз. Ұстараны су қолмен ұстамаңыз.

Электр қуаты көзінен ажырату кезінде айнымалы ток адаптерін

ұстап тұрыңыз. Желі сымынан тартсаңыз, ол зақымдалуы мүмкін.

Электр сым желісіне зақым келтіруге немесе бұзуға болмайды.

Электр сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз немесе оны

заттардың арасында қыспаңыз.

Желі сымы не айнымалы ток адаптері зақымдалған болса немесе

адаптер электр қуаты көзіне жақсылап жалғанбаса, шаш алатын

машинканы пайдаланбаңыз.

Желі сымын ауыстыруға болмайды. Ол бұзылған жағдайда

айнымалы ток адаптерін жарамсыз деп табу жөн.

Ұстараны тазалау

Ескерту

Электрлік тоғына соғылмас үшін машинканы сумен жумас

бұрын желі сымын тоқ көзінен ажыратыңыз.

Корпусты бөлшектеуге болмайды, себебі ол құралдың су өтпейтін

құрылымына әсер етеді.

Егер шаш алатын машинканы сумен жусаңыз, тұзды немесе

ыстық суды пайдаланбаңыз. Шаш алатын машинканы ұзақ

уақытқа суға салып қоймаңыз.

Сыртын тек қана суқұбыр суымен немесе сабынды сумен аз

ылғалдалған жұмсақ матамен тазалаңыз. Еріткіш, бензин,

алкоголь не басқа химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

Тоқ ашасын шаң мен кірден уақтылы тазартып тұрыңыз.

Ұстараны сақтау

Пайдаланудан соң шаш алатын машинканы құрғақ жерде

сақтаңыз.

Шаш алатын машинканы тікелей күн сәулесі түсетін жерде

немесе жылу көзі бар жерде сақтамаңыз.

Айнымалы ток адаптерін зақымданудан қорғалған және құрғақ

жерде сақтаңыз.

Майды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: