Ақаулықты түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung RS26MBZBL

Страница 46

Advertising
background image

14_

ақаулықты түзету

ақаулықты түзету

АҚАУЛЫҚ

ШЕШІМІ

Тоңазытқыш мүлдем
жұмыс істемейді
немесе жеткілікті түрде
суытпайды.

• Ашаның розеткаға дұрыс сұғылғанын тексеріңіз.
• Панельдегі температура тетігі дұрыс температураға қойылды ма?

Төменірек температураға қойып көріңіз.

• Тоңазытқыш күннің сәулесі тура түсетін жерге немесе қызу

көзіне тым жақын қойылған жоқ па?

• Тоңазытқыштың артқы жағы қабырғаға тым жақын қойылып,

ауа айналуға кедергі келтіріп тұрған жоқ па?

Тоңазытқыштағы тағам
мұздап қалған.

• Панельдегі температура тетігі дұрыс температураға қойылды ма?

Жылырақ температураға қойып көріңіз.

• Бөлме температурасы тым төмен емес пе?
• Тоңазытқыштың ең суық бөлігіне, құрамында суы көп

тағамды қойған жоқсыз ба? Бұл заттарды "CoolSelect Zone™"
суырмасында емес, тоңазытқыштың ортасына қарай ұстаңыз.

Тосын шуыл не дыбыс
естіледі.

• Тоңазытқыштың деңгейін, орнықты тұрғанын тексеріңіз.
• Тоңазытқыштың артқы жағы қабырғаға тым жақын қойылып,

ауа айналуға кедергі келтіріп тұрған жоқ па?

• Тоңазытқыштың артына немесе астына бір нәрсе түсіп кеткен

жоқ па?

• Тоңазытқыштың ішінен “сырт-сырт” еткен дыбыс шығады.

Бұл қалыпты жағдай және тоңазытқыштың ішіндегі
температураға байланысты оның әр түрлі керек-жарақтары
ісініп немесе тартылып жатыр.

Құрылғының алдыңғы
бұрыштары ыстық және
конденсат пайда болады.

• Конденсаттың алдын алу үшін, тоңазытқыштың алдыңғы

бұрыштарына конденсатқа қарсы құралдар орнатылғандықтан
бұрыштардың сәл ысып тұруы қалыпты жағдай.

• Тоңазытқыштың есігі ашық па? Есікті ұзақ уақыт ашық

қалдырған кезде конденсат пайда болады.

Тоңазытқыштан судың
көпіршіктенуі естіледі.

• Бұл қалыпты жағдай. Тоңазытқыш сұйық тоңазытқыштың ішінде

айналатындықтан, көпіршіктенген тәрізді шуыл естіледі.

Тоңазытқыш ішінде
жағымсыз иіс бар.

• Тағам бұзылды ма?
• Иісі қатты шығатын тағамды (мысалы, балық) ауа өтпейтін етіп

орау керек.

• Мұздатқышты уақытылы тазалап, бүлінген немесе бұзылайын

деген тағамды тастаңыз.

Мұздатқыш
қабырғаларында қырау
пайда болады.

• Ауа саңылауы бітеліп қалды ма? Ауа еркін айналу үшін кедергі

жасап тұрған нәрсені алыңыз.

• Ауа еркін айналу үшін тоңазытқышта тұрған тағамдардың

арасын жеткілікті түрде ашып қойыңыз.

• Мұздатқыштың есігі дұрыс жабылды ма?

DA99-03327D(0.7).indb 섹션3:14

DA99-03327D(0.7).indb 섹션3:14

2012.10.8 8:54:14 AM

2012.10.8 8:54:14 AM

Advertising