Қатаң ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung RS26MBZBL

Страница 35

Advertising
background image

қауіпсіздік туралы ақпарат

_3

Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.

• Балаларды ескі құрылғымен ойнамас үшін

қадағалап отыру керек.

ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Құрылғыны ылғал жерге немесе
құрылғыға су немесе газ тиіп кетуі
мүмкін жерге орнатпаңыз.

- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе,

электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы мүмкін.

• Бұл тоңазытқышты күн сәулесі тура түсетін

жерге не пештің, бөлме қыздырғыштың немесе
басқа құрылғылардың қызуына тақатып қоймаңыз.

• Тоңазытқышты жеткілікті орын шығарып, тегіс

жерге орнату керек.

- Егер тоңазытқыш деңгейі дұрыс орнатылмаса, ішкі

салқындату жүйесі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

• Бір розеткаға бірнеше құрылғыларды қоспаңыз.

Тоңазытқышты әрқашан кернеу параметрі техникалық
ақпарат тақтайшасындағы кернеу параметріне сай
келетін розеткаға бір өзін жалғау керек.

- Бұлай істегенде құрылғы тамаша жұмыс істейді

және үйдегі электр желісінің жүктемесінің
шамадан тыс артуына, нәтижесінде сымдар қызып
өрт шығу қатерінің орын алуына жол бермейді.

• Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып

суырмаңыз. Әрқашан ашасынан мықтап ұстап
суырыңыз

- Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу,

өрт және/не электр қатері орын алуы мүмкін.

• Тоңазытқыштың артында тұрған ашаның

жаншылып, немесе бүлініп қалмағанын тексеріңіз.

• Қорек сымдарын қатты майыстырмаңыз немесе

үстіне ауыр зат қоймаңыз.

- Бұндай жағдайда өрт қатері орын алуы мүмкін.
• Қорек сымы күйіп немесе бүлініп қалса, дереу

өндірушіге немесе оның қызмет көрсету агентіне
хабарласып жөндеттіріп немесе ауыстыртып алыңыз.

• Жарылып қалған немесе ұзына бойына нұқсан

келген, немесе ұшы бүлінген сымдарды қолданбаңыз.

• Егер қорек сымы бүлінсе, оны дереу өндірушіге

немесе оның уәкілетті агентіне ауыстырту керек.

• Тоңазытқышты жылжытқан кезде, қорек

сымын басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға
тырысыңыз.

• Ашаны су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.
• Тоңазытқыштың ашасын тазалау немесе күтім

көрсету жұмыстарын бастамай тұрып алыңыз.

• Ашаны тазалаған кезде су немесе дымқыл

шүберекті қолданбаңыз.

• Ашаның істікшесіндегі кез келген бөгде затты

немесе шаңды тазалаңыз.

- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
• Егер тоңазытқыш электр желісінен ағытылып

қалса, қайта қосардың алдында кем дегенде он
минут күтіңіз.

• Босап тұрған розеткаға ашаны сұқпаңыз.
- Өрт шығуы немесе электр қатері орын алуы

мүмкін.

• Құрылғыны орнатқанда ашаға қол оңай жететін

етіп орнату керек.

• Газ жылыстап шыққан кезде (пропан газы,

сұйылтылған, т.с.с. газ) ашаға қол тигізбей,
бөлмені дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе
қуат сымына қол тигізбеңіз.

- Желдеткішті қолданбаңыз.
- Жарқыл шығып, жарылысқа немесе өртке

ұласуы мүмкін.

• Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш

кептіргішті қолданбаңыз.
Тоңазытқыштың ішіне жағымсыз иісті кетіру
үшін жанып тұрған шамды қоймаңыз.

- Нәтижесінде өрт немесе электр қатері орын алуы

мүмкін.

• Тоңазытқышты міндетті түрде жерге қосу
керек.

- Тоңазытқышты міндетті түрде тоқ шығып

немесе тоңазытқыштан шыққан тоққа соғылмас
үшін жерге қосу керек.

• Газ түтіктерін, телефон сымдарын

немесе басқа жарықтандыру сымдарын
тоңазытқышты жерге қосу үшін қолданбаңыз.

- Жерге қосу ашасы дұрыс қолданылмаса электр

қатері орын алуы мүмкін.

• Тоңазытқышты өзіңіз бөлшектемеңіз немесе

жөндемеңіз.

- Өрт шығуы, бұзылып қалуы және/не адам

жарақаттанып қалуы мүмкін.

• Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген

иіс немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу
розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.

• Құрылғының корпусындағы немесе орнату

үшін қолданылған бөліктеріңдегі желдеткіш
саңылауларды бітемей ашық ұстаңыз.

• Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші

ұсынған құралдардан басқа механикалық
заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.

• Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.
• Тоңазытқыш/мұздатқыштың ішіне өндіруші

арнайы рұқсат етпеген электр құрылғыларын
қоюға немесе қолдануға болмайды.

• Ішкі жарықтама шамын ауыстырар алдында,

құрылғыны розеткадан ағытыңыз.

• Шамды ауыстыру қиынға соқса, қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

• Аталмыш құрылғы кембағал, сезім мүкістігі

бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану
тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар
(балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған.
Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.

• Балаларды ескі құрылғымен ойнамас үшін

қадағалап отыру керек.

• Балаларға есікке асылып тұруға рұқсат бермеңіз.

Себебі ауыр жарақат алуы мүмкін.

• Мұздатқыш бөліктің ішкі қабырғасын немесе

мұздатқыш бөліктің ішінде тұрған заттарды су
қолмен ұстамаңыз.

- Теріні қарып кетуі мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

DA99-03327D(0.7).indb Sec2:3

DA99-03327D(0.7).indb Sec2:3

2012.10.8 8:54:2 AM

2012.10.8 8:54:2 AM

Advertising