Мазмұны, Дұрыс іске пайдалануға қатысты қосымша кеңестер – Инструкция по эксплуатации Samsung RS26MBZBL

Страница 37

Advertising
background image

қауіпсіздік туралы ақпарат

_5

ДҰРЫС ІСКЕ ПАЙДАЛАНУҒА
ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША
КЕҢЕСТЕР

• Құрылғыны орнатып болғаннан кейін 2 сағат қоя

тұрыңыз.

• Құрылғы барынша жақсы жұмыс істеу үшін,
- Тағамдарды құрылғының артқы жағындағы

желдеткіш саңылауларға тым тақатып қоймаңыз,
себебі мұздатқыш бөліктің ішіндегі ауаның еркін
айналуына кедергі жасайды.

- Тағамдарды тоңазытқыштың мұздатқышына

қояр алдында дұрыс ораңыз немесе ауа кірмейтін
сауытқа салыңыз

- Мұздап тұрған тағамның қасына жаңадан

салынған тағамды қоймаңыз.

• Үш аптадан аз уақытқа кететін кезде

тоңазытқышты тоқтан ажыратудың қажеті
жоқ. Дегенмен, үш аптаға немесе одан көп
уақытқа кететін кездері тоңазытқышты тоқтан
ажыратыңыз. Тоңазытқышты тоқтан ажыратып,
тазалаңыз да, шайып құрғатыңыз.

• Құрылғыны температурасы осы құрылғы үшін

арнайы көрсетілген төмен температура шегінен
төмен жерге ұзақ уақыт қойғанда (тағамдар
жібіп кетуі немесе мұздатылған тағам салынатын
бөліктегі температура тым жылы болып кетуі
мүмкін) тұрақты жұмыс істемеуі мүмкін.

• Төмен температурада тез бүлінетін банан,

қарбыз тәрізді тағамдарды сақтамаңыз.

• Мұзды жақсы қатыру үшін, мұз қатырғышты

өндіруші ұсынған бастапқы орнына қойыңыз.

• Құрылғыңызға мұз қатпайды, басқаша айтқанда,

мұзды қолдан жібітудің қажеті жоқ, себебі бұл
автоматты түрде орындалады.

• Құрылғыны жібіту барысында температураның

жоғарылауы ISO стандартына сай келеді.
Бірақ құрылғыны жібіту барысында мұздатылған
тағамның температурасы көтеріліп кетуін қаламасаңыз,
мұздатылған тағамды бірнеше қабат газетке ораңыз.

• Тоңазытқышты жібіту барысында мұздатылған

тағам температурасының сәл көтерілуі, оны
сақтау мерзімін қысқартады.

Қуатты үнемдеу туралы кеңес

- Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде

желдетілетін жерге орнатыңыз.
Оны күн сәулесі тура түсетін жерден және қызу
көздерінен (мысалы, батарея) алыс қойыңыз.

- Құрылғының саңылаулары мен торкөздерін

ешқашан бітемеңіз.

- Жылы тағамды тоңазытқыш ішіне қояр алдында

салқындатыңыз.

- Мұздатылған тағамды тоңазытқышқа қойып

жібітіңіз. Содан кейін мұздатылған тағамдардың
төмен температурасын, тоңазытқыштағы
тағамды салқындату үшін қолдана аласыз.

- Тоңазытқыштың ішіне тағам салып немесе одан

тағамды алып жатқан кезде есігін ұзақ уақыт
ашпаңыз.
Есікті неғұрлым аз ашсаңыз, мұздатқыш бөлік
ішіне соғұрлым аз мұз қатады.

- Тоңазытқыштың арт жағын уақытылы тазалап

отырыңыз.
Шаң қуаттың көп шығындалуына алып келеді.

- Қажетті температурадан артық суық

температураны таңдамаңыз.

- Тоңазытқыштың табаны мен артқ қабырғасынан

ауа жеткілікті түрде шығуын қамтамасыз етіңіз.
Ауа шығатын саңылауларды бітемеңіз.

- Орнатқан кезде оң жағы мен сол жағынан, арты

мен үстіңгі жағынан бос орын қалдырыңыз.
Бұл қуатты аз жұмсап, электр қуаты төлемдерін
азайтуға көмектеседі.

мазмұны

ҚОС ЕСІКТІ ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ОРНАТУ ············

6

SAMSUNG ҚОС ЕСІКТІ ТОҢАЗЫТҚЫШЫН ІСКЕ ҚОСУ ························

10

АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ ·······················································································

14

DA99-03327D(0.7).indb Sec2:5

DA99-03327D(0.7).indb Sec2:5

2012.10.8 8:54:2 AM

2012.10.8 8:54:2 AM

Advertising