Ескерту белгілері, Тазалауға қатысты ескертулер, Құрылғыны тастауға қатысты қатаң ескертулер – Инструкция по эксплуатации Samsung RS26MBZBL

Страница 36

Advertising
background image

4_

қауіпсіздік туралы ақпарат

• Тоңазытқыш ұзақ уақыт қолданылмайтын

кездері, ашасын розеткадан ағытып қойыңыз.

- Қуат сымының қорғаныс қаптамасы бүлінсе, өрт

шығу қаупі бар.

• Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
- Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап

кетіп, адам жарақаттануы немесе және/не
мүлікке зиян келуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

• Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
• Өндіруші көрсеткен мұздатылған тағамды сақтау

уақыты мен жарамдылық мерзімін сақтау керек.
Тиісті нұсқауларды орындаңыз

• Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте

жақын орналастырып қою керек.

• Мұздатқыш камераға газдалған немесе

көпіршитін сусындарды қоймаңыз.

• Тоңазытқышқа шамадан тыс көп тағам салмаңыз.
- Есікті ашқан кезде құлап кетіп адам жарақаттанып

қалуы немесе мүлікке зақым келуі мүмкін.

• Бөтелке немесе шыны сауыттарды мұздатқыш

бөлікке қоймаңыз.

- Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам

жарақаттануы мүмкін.

• Тұтанғыш газды тоңазытқыштың қасына тұрып

шашпаңыз.

- Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
• Суды тоңазытқыштың ішіне немесе сыртына

тура шашпаңыз.

- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Тоңазытқыш ішіне ұшып таралатын немесе

тұтанатын заттарды сақтамаңыз.

- Бензол, сұйылтқыш, спирт, эфир, сұйылтылған

газ және осы сияқты заттар жарылыс тудыруы
мүмкін.

• Ұзақ демалысқа барар кезде, құрылғыны босатып қою

немесе "демалыс" функциясын қолдану ұсынылады.

• Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан

кейін қайта мұздатпаңыз.

• Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми

материалдарды немесе температураға сезімтал
заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

- Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет

ететін өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.

• Су құйылған заттарды тоңазытқыштың үстіне

қоймаңыз. Құрылғыға су тәрізді бөгде зат кіріп
кетсе, ашасын розеткадан суырып, ең жақын
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы

мүмкін.

ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ
ЕСКЕРТУЛЕР

• Қолыңызды құрылғының астыңғы жағына

сұқпаңыз.

- Өткір қырларына жарақаттанып қалуыңыз

мүмкін.

• Ашаны тазалағанда дымқыл немесе су шүберекті

қолданбаңыз, ашаның істікшесіндегі бөгде затты
не шаңды тазалаңыз.

- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУҒА
ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ
ЕСКЕРТУЛЕР

• Осы немесе басқа тоңазытқыштарды тастаған

кезде, кішкене балалар мен жануарлар қамалып
қалмас үшін есігін/есігінің тығыздағышын,
есігінің бекітпесін алыңыз.

• Балалар құрылғы ішіне оңай кіріп кетуге жол

бермеу үшін сөрелерін алмаңыз.

• Тоңазытқыш сұйық ретінде R600a не R134a

қолданылған. Тоңазытқышыңызда қандай
тоңазытқыш сұйық қолданылғанын, құрылғының
артындағы компрессордың жапсырмасынан
немесе құрылғының ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасынан қараңыз. Егер осы құрылғыда
тұтанғыш газ (R600a сұйығы) қолданылса,
құрылғыны дұрыс тастау үшін жергілікті
мекемеге хабарласыңыз.

• Изоляция газы ретінде циклопентан қолданылған.

Изоляция ретінде қолданылған материалдағы
газды тастау үшін арнайы тастау шарасы
орындалуға тиіс. Осы құрылғыны қоршаған ортаға
залал тигізбейтін етіп тастау үшін жергілікті
уәкілетті мекемеге хабарласыңыз. Құрылғыны
тастар алдында, оның артындағы түтіктердің
ешбіріне нұқсан келмегеніне көз жеткізіңіз.
Түтіктерді ашық жерде сындыру керек.

Тоқ өшіп қалған жағдайда, жергілікті
электр қуатымен жабдықтау
компаниясына телефон шалып, тоқ

қанша уақыттан кейін қосылатынын сұраңыз.
Тоқ бір немесе екі сағат ішінде қалпына келсе,
тоңазытқыш температурасына әсер етпейді.
Дегенмен, тоқ сөніп тұрған кезде тоңазытқыштың
есігін барынша аз ашу керек.
Тоқ 24 сағаттан көп сөнетін жағдайда, мұздатылған
тағамдардың барлығын алыңыз.
Бекітпесі және кілті бар есіктердің немесе
қақпақтардың кілттерін, балалар қамалып қалмас
үшін балалардан және құрылғы маңынан алыс
ұстау керек.

АБАЙЛАҢЫЗ

DA99-03327D(0.7).indb Sec2:4

DA99-03327D(0.7).indb Sec2:4

2012.10.8 8:54:2 AM

2012.10.8 8:54:2 AM

Advertising