Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Samsung RL50RGERS

Страница 54

Advertising
background image

16_ Ақаулықтарды жою

Ақаулықтарды жою

АҚАУЛЫҚ

ШЕШІМ

Тоңазытқыш мүлдем
істемейді немесе оның
ішкі температурасы тым
жоғары.

Ажыратқыш айыр розеткаға дұрыс сұғылғандығын тексеріңіз.

Температураны қою түймешесінің көмегімен алдыңғы панелінде дұрыс
температура қойылды ма?

Тоңазытқышқа күн сәулесі тікелей түспей ме және жанында жылу
көздері жоқ па?

Тоңазытқыштың артқы жағы ауа алмасуына кедергі келтіретіндей
қабырғаға тым тақап қойылған жоқ па?

Тоңазыту
камерасындағы азық-
түліктер үсіп кетті.

Температураны қою түймешесінің көмегімен алдыңғы панельде ең
төменгі температура қойылмады ма?

Бөлменің температурасы тым төмен емес пе?

Сіз тоңазыту камерасына сулы азық-түліктер қойған жоқсыз ба?

Ерекше шуыл мен
дыбыстар естіледі.

Тоңазытқыштың түзетілгендігін және мықты еденге қойылғандығын
тексеріңіз.

Тоңазытқыштың артқы жағы қабырғаға тым тақап қойылған жоқ па?

Сіз қандай да бір затты тоңазытқыштың артына немесе астына түсіріп
алдыңыз ба?

Тоңазытқышқа орнатылған компрессордан шу естілмей ме?

Тоңазытқыштың ішінен «шартылдаған» дыбыс естілуі мүмкін, бірақ
ол қалыпты жағдай. Бұл дыбыс тоңазытқыштың ішіндегі әртүрлі
жабдығының температураның өзгеруіне байланысты ұлғайып немесе
сығылуына байланысты шығады.

Тоңазытқыштың
алдыңғы бұрыштары
мен жандары ысып
кетеді; ол жерде су
тамшылары пайда
болады.

Тоңазытқыштың алдыңғы бұрыштарында қызып ылғалдың
тамшыға айналуының алдын алатын түтіктер орнатылған. Бөлменің
температурасы көтерілген кезде бұл түтіктер әрқашан нәтижелі жұмыс
атқармауы мүмкін. Алайда бұл оның ақауы емес.

Қоршаған ортаның ылғалдылығы қалыпты жағдайдан асып кеткен
кезде осы ылғал ауа тоңазытқыштың салқын қабатымен қатынасқа
түсіп, оның сыртқы қабатында су тамшылары пайда болуы мүмкін

Тоңазытқыштың
ішіндегі сұйықтықтың
бүлкілдеуі.

Бұл тоңазытқышты суытатын хладагенттің бүлкілдеуі және бұл
қалыпты жағдай.

Тоңазытқыштың ішінен
жағымсыз иіс шығады

Азық-түлікті мықтап ораған жоқсыз ба?

Азық-түлік қаптамасының тесік емес екендігін тексеріңіз және суық
ауа шығатын тесікті тазалаңыз.

Мұздату камерасының
қабырғасы қырауланып
қалады.

Ауа шығатын тесік бір нәрсемен жабылып қалмаған ба?

Ауаның тиімді алмасуын қамтамасыз ету үшін азық-түліктер арасынан
орын қалдырыңыз.

Мұздату камерасының есігі дұрыс жабылған ба?

Тоңазытқыштың
ішкі қабырғасы мен
көкөністер маңайында
тамшылар түзіледі

Бөлменің жоғарғы ылғалдылығында камераға ылғалдылығы жоғары
қапталмаған азық-түліктер салынған немесе тоңазыту камерасының
есігі ұзақ уақыт ашық қалған.

Азық-түлікті қаптамада немесе мықтап жабылған контейнерлерде сақтаңыз.

DA99-03458B(0.4).indb 섹션1:16

DA99-03458B(0.4).indb 섹션1:16

2011.10.18 10:19:28 AM

2011.10.18 10:19:28 AM

Advertising