Пайдалануға арналған күрделі ескерту шаралары, Пайдалануға арналған сақтық шаралары – Инструкция по эксплуатации Samsung RL50RGERS

Страница 42

Advertising
background image

04_ қауіпсіздік ақпараты

ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
КҮРДЕЛІ ЕСКЕРТУ
ШАРАЛАРЫ

Электр шнурын су қолыңызбен ұстамаңыз.
Құрылғының үстіне заттар қоймаңыз.

- Есігін ашқанда немесе жапқанда, ішіндегі

заттар құлап, адамды жарақаттауы және/немесе
материалдық шығын келтіруі мүмкін.

Су толтырылған ыдыстарды тоңазытқыштың

үстіне қоймаңыз.

- Егер төгіліп кетсе, өрт шығуы немесе электр

тогының соғуы мүмкін.

Балаларды есігіне асылдырмаңыз.
- Олай істемеген жағдайда, адам күрделі жарақат

алуы мүмкін.

Тоңазытқыш қараусыз болғанда тоңазытқыштың

есіктерін ашық қалдырмаңыз және балаларды
тоңазытқыштың ішіне кіргізбеңіз.

Мұздатқыштың есігіне отырмаңыз.
- Есік сынуы немесе адамды жарақаттауы мүмкін.
Балаларға ұстатқызбау үшін тартпадан бөлгіш

алынған жағдайда тазалағаннан немесе басқа
әрекеттерден кейін жинақтағы бұрандалармен
бөлгішті қайта орнату керек.

Бензин, ерітінді, алкоголь, эфир немесе қысылған

газ сияқты ауыспалы немесе тез тұтанатын
заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.

- Мұндай өнімдерді сақтау жарылуға себеп болуы мүмкін.
Төмен температураға шыдамайтын

фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми
материалдарды немесе төмен температураға
шыдамайтын өнімдерді тоңазытқышта сақтамаңыз.

- Қатаң температураны қажет ететін өнімдер

тоңазытқышта сақталмауы керек.

Өндіруші ұсынған болмаса, электр құрылғыны

тоңазытқышқа қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз.

Тоңазытқыштың ішін кептіру үшін шаш

кептіргішті пайдаланбаңыз.
Жағымсыз иістерді кетіру үшін жағылған
балауызды тоңазытқышқа қоймаңыз.

- Оның салдарынан электр тогының соғуы немесе

өрттің шығуы мүмкін.

Мұздатқыштың қабырғаларына немесе

мұздатқышта сақталған өнімдерге су қолыңызбен
тиіспеңіз.

- Оның салдарынан қолыңызды мұздатып алуыңыз

мүмкін.

Еріту процесін жылдамдату үшін механикалық

құрылғыларды немесе өндіруші ұсынғандарынан
басқа құралдарды пайдаланбаңыз.

Салқындату циклын бүлдірмеңіз.
Ультракүлгін LED шамына ешқашан ұзақ уақыт

тура қарамаңыз.

- Себебі ультракүлгін сəулелердің əсерінен көзіңіз

талығуы мүмкін.

Бұл бұйым тұрмыста тек тағам сақтауға

арналған.

Бөтелкелер бір-біріне жақын қойылуы керек,

сонда олар құлап кетпейді.

Газ (пропан, төмен қысымды газ, т.б.) шыққан

жағдайда қуат ашасына тиіспей, бірден желдетіңіз.
Құрылғыға немесе электр шнурына тиіспеңіз.

- Желдеткішті пайдаланбаңыз.
- Ұшқын жарылысқа не өрттің шығуына себеп

болуы мүмкін.

Өндіруші немесе қызмет көрсетуші маман

қамтамасыз еткен жарық диодты шамдарды ғана
пайдаланыңыз.

Балалардың құрылғымен ойнап жатпағанына

және/немесе оған мініп алмағанына көз жеткізу
үшін оларды қадағалап отыру керек.

Тоңазытқышты өзіңіз бөлшектемеңіз

немесе жөндемеңіз.

- Өрттің шығуына, дұрыс істемей қалуына және/

немесе адамның жарақаттануына себеп болуы
мүмкін. Дұрыс істемеген жағдайда қызмет
көрсетуші маманға хабарласыңыз.

Егер құрылғыдан бір түрлі дыбыс, күйген

иіс немесе түтін шықса, дереу электр
шнурын суырып, жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.

- Орындамау салдарынан электр тогының соғуына

немесе өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Егер шамды ауыстырған жағдайда қиындық

туындаса, қызмет көрсетуші маманға
хабарласыңыз.

Егер бұйым жарық диодты шаммен жабдықталса,

шамның қақпағы және жарық диодты шамды
өзіңіз шешпеңіз.

- Қызмет көрсетуші маманға хабарласыңыз.
Егер тоңазытқышта шаң немесе су болса, электр

шнурын суырып, Samsung Electronics қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.

- Өрт шығу қаупі бар.

ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Бұйымның жақсы жұмыс істеуіне

мүмкіндік беру үшін

- Құрылғының артындағы жел кіретін тесіктердің

алдына тағамдарды тым жақын қоймаңыз, себебі
тоңазытқыш бөлімінде ауаның еркін айналуына
кедергі болуы мүмкін.

- Тоңазытқышқа тағам салмас бұрын оны жақсылап

ораңыз немесе ауа кірмейтін ыдыстарға салыңыз.

- Мұздату үшін жаңадан салынған тағамды

АБАЙЛАҢЫЗ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

DA99-03458B(0.4).indb 04

DA99-03458B(0.4).indb 04

2011.10.18 10:19:19 AM

2011.10.18 10:19:19 AM

Advertising